Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
18
558
775515

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Шабындық алқаптардағы өрт қауіпсіздігі туралы

IMG-20190822-WA0003

Ақсу қ. ауылдық аймақтарындағы ауыл шаруашылығы алқаптарындағы егін жинау және шөп шабу жұмыстарының басталуымен ТЖ бөлімінің қызметкерлері механизаторлар мен комбайншылардың арасында шабындық алқаптарында және ауыл тұрғындарының жұмыс орындарында өрт қауіпсіздігінің шараларын сақтау бойынша профилактикалық жұмысты жүргізуде.

Ақсу қаласы ауылдық округтерінің орман қорымен шекаралас шабындық алқаптары бойынша рейдтік іс-шаралар "Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" ММ қызметкерлерінің және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен өткізілді.

Шаруа қожалықтарының басшыларымен, жеке тракторлар мен басқа да егін жинау техникаларының иелерімен кездесу барысында жұмыс жүргізу орындарында өрт қауіпсіздігін сақтау, іске қосылған техниканы ұстау, оларды өрт сөндіру құралдарымен жабдықтау бойынша негізгі талаптар жеткізілді, тиісті нұсқаулықтар жүргізілді.

Тұрғындармен өрт қауіпсіздігінің шараларын сақтау туралы алдын алу шөп шабу және жинау науқаны аяқталғанға дейін тұрақты түрде жүргізіледі.

Жем-шөп дайындау және егін жинау кезінде өртті болдырмау мақсатында келесі талаптарды сақтау қажет:

- егін жинау басталғанға дейін барлық қатыстырылған тұлғалар өртке қарсы нұсқаулықтан өтуі тиіс;

- жинау агрегаттары мен автомобильдер жарамды ұшқын сөндіргіштермен, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен, күрекпен, өртке қарсы төсеммен жабдықталуы тиіс;

- астық алқаптарына және шабындық жерлерге шығар алдында машиналар мен тракторлар алдыңғы буферге шығарылып, зауытта орындалған ұшқын сөндіргіштермен жабдықталуы тиіс;

- егіннің пісер алдында ормандар мен далаларға, автомобиль және темір жолдарға жанасатын жерлерде 4 метрден кем емес жолақпен шабылуы және жыртылуы тиіс.;

- егін жинау егін алқаптарын ауданы 50 гектардан аспайтын учаскелерге бөлуден басталуы тиіс;

- уақытша дала орнақтарын өсімдіктен тазартылған алаңда және астық алқаптарынан, механикалық токтардан, маялардан және т.б. 100 метрден жақын емес қашықтықта орналастыру қажет.

Дала жағдайында мұнай өнімдерін сақтау және құю құрғақ шөптен, жанғыш қоқыстан тазартылған және пішен мен сабаннан, нан алқаптарынан кемінде 50 метр жыртылған арнайы алаңдарда жүзеге асырылуы тиіс. Түнгі уақытта май құюға қатаң тыйым салынады.

Қозғалтқыштардың радиаторлары, сабан тазалағыштар, транспортерлер, шнектер және жинау машиналарының басқа да тораптары мен бөлшектері шаңнан, сабаннан және дәннен уақтылы тазартылуы тиіс.

Осы талаптарды сақтау осы кезеңде төтенше жағдайларға жол бермеуге мүмкіндік береді.

 

IMG-20190815-WA0015 IMG-20190815-WA0038 IMG-20190822-WA0001  IMG-20190822-WA0004 IMG-20190822-WA0006  

А.Азербаев

Павлодар облысы ТЖ департаментінің

Ақсу қ. ТЖ бөлімі  

Система Orphus