Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
182
340
777344

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Павлодарлық құтқарушылар "Қазқұтқару-2019" оқу-жаттығуына шықты

 IMG_4171Жыл сайын "Жартас қала" Алматы облысының аумағында орналасқан Қапшағай қаласының маңында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің құтқару бөлімшелері "Қазқұтқару" жиын-семинарын өткізеді.

Жарыстарға, барынша шынайы төтенше жағдайларға жақын жағдайларға ТЖ комитетінің құтқару бөлімшелерінің қызметкерлері бар күш-жігерін 100 пайызға сала отырып, дене күші мен төзімділікті ғана емес, сонымен қатар теориялық білім мен практикалық дағдыларды талап ететін міндеттерді орындайды. 

Осы іс-шара аясында құтқару техникасының, шағын механизация құралдарының, жабдықтар мен жарақтардың жаңа үлгілерінің көрмесі ұйымдастырылады.

Павлодар облысы ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жыл сайын осы республикалық жарыстарға қатысады.

Өткен жылғы жарыстарда ЖҚЖ командасы облыстар, Алматы және Астана қалаларының 16 командасынан 7-орынға ие болды.

Ағымдағы жылы жиын-семинарға қатысу үшін жедел-құтқару жасағы 14 адамнан тұратын жаңартылған құрамда ұсынылады және "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ  бастығының орынбасары, жасақ басшысы В. М. Власовтың басшылығымен 5 бірлік арнайы көлік өткізу орнына шықты.

Жолға аттанар алдында  ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Е. Өтегенов құтқарушылардың командасымен кездесті.  Басшы құтқарушыларға осы жарыстарда лайықты өнер көрсетіп, үйге жүлдегер болып келуді тіледі.

IMG_4174

Павлодар облысы ТЖ департаментінің

жедел-құтқару жасағы

Система Orphus