Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
157
562
778471

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінде облыстық "Полиглот" байқауы өткізілді

IMG_6828Павлодар облысы ТЖ департаменті қызметкерлерінің арасында жыл сайынғы "Полиглот" байқауы өтті. Аталған іс-шара Қазақстан халқы тілдері күніне орай ұйымдастырылды.

Байқаудың ашылуында сөз алған ардагерлер кеңесінің төрайымы Қ. Х. Асқарова: "Мемлекеттік тілді дамыта отырып, біз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қазақстандықтардың кем дегенде үш тілді - мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруі қажет деп айтқан сөздерін ұмытпаймыз.  Үш тілді білу-біздің болашағымыз. Әлем неғұрлым жаһандық болып келеді және болашақ ұрпаққа көптілді ортада бағдар ала білу маңызды. Оған мысал ретінде "Полиглот" конкурсы өткізіліп, қатысушылар саны жыл сайын артып келеді", - деп атап өтті ардагер.

Әділ қазылар алқасының құрамында Инновациялық Еуразия университетінің "Филология және журналистика" кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы  Г. Е. Имамбаева, Инновациялық Еуразия университетінің "Шет тілдер және аударма ісі" кафедрасының аға оқытушысы, педагогика және психология магистрі А. О. Рудевский, азаматтық қорғау ардагері Е. Т. Кулаканова болды.

"Полиглот" байқауына ТЖ департаментінің әр түрлі бөлімшелерінен 9 өкіл қатысты.

Байқау бірнеше кезеңнен өтті. Алдымен қатысушылар өздерін үш тілде таныстырды. Одан әрі қатысушылар белгілі бір уақытта қазақ тілінен терминдерді, орыс және ағылшын тілдеріне аудару керек болды. Үшінші тапсырма қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, тұрмысы мен мәдениеті туралы сұрақтарға мемлекеттік тілде жауап берді. Соңында қатысушылар карточкада берілген табиғи және техногендік ТЖ туралы жағдайды бағалап, сипаттауы тиіс болды (жауап тапсырма қай тілде болуы тиіс). Көрермендер әр қатысушының өнеріне қол шапалақтап отырды.  Байқау өткен залда достық пен өзара түсіністік орнады. Үзілісте ТЖ қызметкерлерінің орындауында сахнадан қатты әндер шырқалды.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Павлодар гарнизонының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің инженері М. Гросс жеңіп алды. Ол мемлекеттік тілді жетік меңгергенін көрсетті. Екінші орынды Ақтоғай ауданы ТЖ бөлімінің инженері А. Арын иеленді.  Арман-биылғы жылы РФ ТЖМ Азаматтық қорғау академиясын бітірді. Ол конкурста үш тілде жақсы білімдерін көрсетті. Үшінші орынды Успен ауданы ТЖ бөлімінің инженері Сабыржан Айжас иеленді.

Жеңімпаз қыркүйек айында Ақмола облысында өтетін республикалық "Полиглот" байқауына қатысатыны жарияланды.

IMG_6656 IMG_6663 IMG_6804 IMG_6822 IMG_6836

      

 Павлодар облысы ТЖД ішкі және сыртқы

коммуникациялар тобы

Система Orphus