Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
169
340
777331

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Қазақстан Республикасының Ата Заң күніне арналған мерекелік іс-шаралар өткізілді

IMG_7154

2019 жылғы 29 тамызда Павлодар облысы азаматтық қорғау органдарының гарнизоны еліміздің басты мерекесі-Қазақстан Республикасының Конституция күнін атап өтті. Мереке бағдарламасына ТЖ Департаментінің, "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ алаңдарында, барлық аудандық бөлімшелерде өткізілген іс-шаралар блогы енгізілді.

Спорттық іс-шаралар Конституция күніне орай өткізілді. "Конституция-еліміздің Негізгі Заңы, жаңа мемлекеттің қалыптасу жолын айқындайтын Қазақстан халқының тарихи таңдауы" - осындай ұранмен бөлімшелерде дөңгелек үстелдер, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесулер өтті. "Біз ойларымызбен және ұмтылыстарымызбен біргеміз, күшіміз жасампаздыққа бағытталған"-өткізілген барлық іс – шаралардың ұраны осындай болды.

Мәжіліс залында еліміздің Негізгі Заңы арналған салтанатты іс-шара болды. "Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдану тарихы туралы" баяндамасымен ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Е.С. Өтегенов сөз сөйледі. Бұдан әрі ведомство басшысы қызметкерлерді ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ведомстволық наградаларымен марапаттау рәсімін өткізді. "Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін" медалімен Құжаттамалық қамтамасыз ету тобының бас маманы Күлжиан Қамбарова және "Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі" ММ № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің азаматтық қорғау сержанты Асылхан Сартымбеков марапатталды. Азаматтық қорғау қызметкерлерінің тобы І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медальдарымен марапатталды.

Ардагерлер кеңесінің төрайымы Қ.Х. Асқарова жеке құрамға құттықтау сөз сөйледі. Ол республикалық Ішкі істер және Ұлттық гвардия ардагерлер Кеңесі Президиумының азаматтық қорғау ардагері Төлеген Нұртайұлы Қасеновты "ІІМ-нің құрметті ардагері" төсбелгісімен марапаттау туралы қаулысын оқып шықты. 

Іс-шараның ресми бөлімінен кейін Құжаттамалық қамтамасыз ету тобының бас маманы К.Ж. Қамбарованы құрметті демалысқа шығарып салды. Әріптестер, ардагерлер, тәлімгерлер қызметкерді зейнетке шыққанына жылы және шынайы құттықтады. Салтанатты іс-шара мерекелік концертпен аяқталды. 

         IMG_6918 IMG_6927 IMG_6956 IMG_6962 IMG_6969 IMG_6985 IMG_7004 IMG_7019 

Павлодар облысы ТЖ департаментінің ішкі және

сыртқы коммуникациялар тобы

Система Orphus