Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
19
574
778907

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Құрметті марапат

 Азаматтық қорғау сержанты Сартымбеков Асылхан Өміржанұлы азаматтық қорғау органдарында 2009 жылдың қаңтарынан бастап қызмет етеді. Қызметтің барлық кезеңінде А.Ө. Сартымбеков ірі өрттерді сөндіру кезінде ерлік пен батылдық көрсетті, бірнеше рет өрт болған жерден көптеген адамдар құтқарылып, эвакуацияланды.   

2019 жылғы 23 мамырда 15 сағат 54 минутта № 5 пәтерде Абай көшесі 150 үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. 2-МӨСБ кезекші ауысымы АЦ және АЛ-30-ға шақырту орнына шықты. Оқиға орнына келген бойда екінші қабаттағы № 5 пәтердің балконынан ашық жану анықталды, сондай-ақ темір есік пәтердің ішкі жағынан жабық болды. Одан кейін ӨСБ шешім қабылдап, бөлімшеге үш иінді саты арқылы балконды сөндіруге РСК-50 оқпанын беруге және пәтерде адамдардың болуына барлау үшін пәтерге кіруге, ал аға өрт сөндіруші-құтқарушы А. Ө. Сартымбековке команда берді. "Ирас"  өрт сөндіру құралымен   пәтердің темір есігін ашу. Өзінің дене бітімі мен кәсіби дағдыларының арқасында А.Ө. Сартымбеков жанып жатқан пәтердің темір есігін жедел ашып, оның табалдырығында жатқан ер адамды тауып, зардап шегушіні құтқаруға кірісіп, оны таза ауаға шығарды. Одан кейін зардап шеккен ер адам жедел медициналық көмек қызметкерлеріне берілді. Кезекші ауысымның үйлесімді іс-әрекеттері және 2-МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы А.Ө. Сартымбековтың кәсіби іс-әрекеттері нәтижесінде пәтер иесі құтқарылды, ал өрт аз шығынмен жойылды.

Адамдарды құтқару және өрттерді жою кезіндегі өз жауапкершілігі, ерлігі мен батыл әрекеттері үшін, сондай-ақ Конституция күнін мерекелеу құрметіне 2-МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Сартымбеков Асылхан Өміржанұлы "Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін" медалі табыс етілді.

Біз ұжымда адал және батыл қызметкер А.Ө. Сартымбеков сияқты жұмыс істейтінін мақтан тұтамыз.

 IMG_6915

     К. Жұмабай-2-МӨСБ бастығының орынбасары

     азаматтық қорғау капитаны

Система Orphus