Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
181
562
778495

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Білім күнінде жас құтқарушыларға ТЖ департаментінің басшылығынан алғыс хаттар табыс етілді

IMG-20190902-WA0010

1 қыркүйек - Білім күніне арналған салтанатты жиында Павлодар облысы ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Е.С. Өтегеновтың алғыс хатымен Ертіс ауданының № 1, № 2, № 4 жалпы білім беретін орта мектептерінің оқушылары марапатталды. Сондай-ақ, ата-аналарға жақсы тәрбие бергені үшін алғыс хаттар табыс етілді.        

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 30 мамырында Павлодар қаласында "Жалын" жас өрт сөндірушілер командасы облыстық жарыстарда 1-ші орынға ие болды. Жарысқа облыстың қалалары мен аудандарынан 10 команда қатысты.    

Жарыс 4 кезеңнен тұрды, олар: "Визит карточкасы", "Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету", "Су айдынындағы құтқару жұмыстары" және "Жауынгерлік қанат жаю". Департамент қызметкерлерінің арасынан төрешілер алқасы жалпы командалық есепте 1 орын алған ең жылдам және епті балаларды анықтады. Олар Ертіс ауданының "Жалын" жас құтқарушылар командасы болып шықты. Чемпионаттың барлық қатысушылары грамоталармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.   

Осы жарысты жеңген команда 2019 жылғы 15-19 маусым аралығында Ақмола облысы Көкшетау қаласында Жас өрт сөндірушілер бірінші халықаралық слетіне қатысты.  

Мектеп ұжымдары, ата-аналар және салтанатты жиынға қатысқан ауыл тұрғындары марапатталғандарды ду қол шапалақпен қошеметтеді.

 IMG-20190902-WA0016 IMG-20190902-WA0018 IMG-20190902-WA0025  

Павлодар облысы ТЖ департаментінің ішкі және

сыртқы коммуникациялар тобы

Система Orphus