Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
15
558
775512

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Білім күнінде – суда балаларды құтқарғаны үшін Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығынан алғыс

20190901_101845

2019 жылғы 1 қыркүйекте "Білім күніне" арналған салтанатты жиында М. Әуезов атындағы № 42 ЖОМ 10 "А" сынып оқушысы Матюшонок Дарья Викторовнаға Павлодар облысы ТЖ департаментінің басшылығы атынан алғыс хат табыс етілді.

Павлодар қаласы ТЖ басқармасы бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі Қ.Т. Бертыбаев суға батып бара жатқан балаларды құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен азаматтық белсенділігі үшін марапатты табыс етті.

Усолка өзеніндегі кәмелетке толмаған балалармен болған оқиғаны естеріңізге сала кетейік.  Ағымдағы жылдың 12 тамызында Дарья 2006 және 2004 жылы туылған екі баланы құтқарды, олар ата-анасының қарауынсыз суға түсіп, бата бастады. Дарья балаларды судан шығарып қана қоймай, дәрігерлер келгенге дейін реанимациялық іс-шараларды сауатты өткізді, одан кейін балалар естерін жиды. Содан кейін олар жедел медициналық көмек көресту қызметкерлеріне берілді. Дарья осы мектептегі жас құтқарушы клубының мүшесі болып табылады.

Салтанатты іс-шараға қатысушылардың барлығы: оқушылар, педагогикалық ұжым, қонақтар және ата-аналар ТЖ Департаменті бастығының атынан алғыс хат алу үшін Дарьяның шығуын зор қошеметпен қарсы алды.

 20190901_101552  20190901_102056 20190901_102058

20190901_102104

Павлодар облысы ТЖ департаментінің ішкі

және сыртқы коммуникациялар тобы

Система Orphus