Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
14
558
775511

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Азаматтық қорғаныс бойынша кешенді оқу-жаттығулар

IMG_7876-29-08-19-09-13

Шарбақты ауданында азаматтық қорғаныс бойынша кешенді оқу-жаттығу өтті. Аталған оқу-жаттығулардың басталуы аудан әкімі А. Әбеуов басқаратын Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысында берілді. Павлодар облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Д. Алябьев, Павлодар облысы жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс басқармасының азаматтық қорғау және шақыру бөлімінің бастығы С. Қошқарбаев қатысты.

Аудан аумағында үш күн теориялық және іс жүзінде төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимылдар алгоритмдері және АҚ саласындағы құжаттамаларды жүргізу пысықталды. Оқу-жаттығуға Шарбақты ауданының 7-ӨСБ, ТЖБ жеке құрамы және ауданның басқа да қызметтері қатысты.

Оқу-жаттығу кезінде басқару, байланыс және хабарлау жүйесі тексерілді, ол қауіпті жағдайда ауданның барлық тұрғындары мен қонақтарын ескертеді.

Бірінші кезеңді өткізу "НАЗАР-1001" сигналын жеткізуден басталды, ол басқару органдарын, ауданның АҚ күштерін әзірлікке келтіруді білдіреді, функционалдық міндеттерді орындауға дайындау және дайындыққа келтіру болып табылады. Екінші кезеңде аса қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде автокөліктегі жол-көлік оқиғасы тақырыбына тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізілді. Бұдан әрі "Ауыл шаруашылығы жануарлары арасында аса қауіпті инфекциялардың пайда болуы" бойынша тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді.

Оқу-жаттығудың екінші күнінде автовокзалда карантиндік және аса қауіпті инфекциялар пайда болған және таралған жағдайда авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге аудандық ТЖК төрағасының шешімі тыңдалды. Мұндай жағдайда АҚ қызметкерлері мен қызметтерінің әрекеттері тексерілді.

Орман-дала өрттерін сөндіруді пысықтау кезінде өртке қарсы қызмет пен АҚ, ЕӨҚ және Ормандарды қорғау қызметі ӨҚ қызметтерінде проблемалар туындаған жоқ және тағы да олар өте жақсы нәтиже көрсетті.

Оқу-жаттығудың соңғы күнінде басқару органдарының, АҚ энергетика қызметінің күштері мен Шарбақты ауданы тұрғындарының энергиямен жабдықтау объектілеріндегі аварияны жою кезіндегі іс-әрекеттері тексерілді. "АЭК" АҚ РЭҚ объектісінде оқу-жаттығу өткізілді.

Кешенді оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін талдау және қорытынды жасалды.

IMG_7840-29-08-19-09-13  IMG_7883-29-08-19-09-13

 

Павлодар облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы

Система Orphus