Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
316
870
809701

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

Шомылу маусымына қорытынды және азық дайындау және астық жинау кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша брифинг

+ Фото спикеров - 2 чел.

Павлодар облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен брифинг өтті.

Спикерлер ретінде ТЖ Департаменті бастығының орынбасары полковник С. Асайынов және Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі С. Сытник сөз сөйледі.

С. Асайынов өзінің ақпаратында 1 маусымнан 31 тамызға дейін суға түсу маусымы аяқталғанын атап өтті.   Құтқарушылар үшін бұл кезең күшейтілген жұмыс уақыты болды.  Ауқымды алдын алу жұмыстары электрондық ақпарат құралдары арқылы, әлеуметтік желілерде жүргізілді. Жаз айларында эфирге 290 рет судағы қауіпсіздік бойынша бейнероликтер көрсетілді.

Теледидар мен облыстық радиода азаматтық қорғау қызметкерлерінің 78 сөз сөйлеуі ұйымдастырылды, жергілікті хабарлау жүйесі бойынша су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері 72 рет айтылды. Басылымдарда 24 мақала жарияланды.

Бірақ суға шомылу маусымы басталғаннан бері жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан облыстың су айдындарында 33 адам, оның ішінде 10 бала қаза болды. 7 бала ересектердің қарауысыз болды. Шомылу кезінде 27 адам қаза болды, оның ішінде 9 бала. Қаза болумен аяқталған жағдайлардың көбі суға шомылуға арналмаған жерлерде мас күйінде орын алды, ал балалардың қаза болуы ата-аналар тарапынан тиісті назар мен бақылаудың болмауына байланысты болды. Спикер суға шомылу кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде төтенше ведомство жұмыс жасайтын бірқатар проблемалық мәселелерді атады.

Екінші спикер С. Сытник өрт қауіпті кезең басталғаннан бері аймақтағы ірі өрттердің егіс алқаптарында   тіркелмегенін ақпараттандырды. Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері мемлекеттік орман қоры аумағында 158 өрт болды, жалпы ауданы 1 727 га құрады, материалдық залал 118,3 млн.теңгеден асты. Облыс аумағында жалпы ауданы 10 334 га болатын 272 дала жануы тіркелді. Бұқаралық ақпарат құралдарында орман алқаптарында өрттерді болдырмау бойынша 299 сөз сөйлеу өткізілді, халықпен 89 жиын ұйымдастырылды, ауыл шаруашылығы өндірушілерімен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және орман алқаптары ауданында өртеуге жол бермеу бойынша 40 дөңгелек үстел өткізілді. Бұл жұмыс жинау жұмыстары аяқталғанға дейін жалғасатын болады.

+ Асаинов С.Т.-2. + Сытник С.Г.-2. 

 

Павлодар облысы ТЖД ішкі және

сыртқы коммуникациялар тобы

Система Orphus