Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:
53-60-57
ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:
1402
Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері
55-25-23, 55-25-53, 55-77-08
Шұғыл телефондар
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Құтқару қызметі | |||
---|---|---|---|
112 | 112 | 112 | 112 |
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды | |||
201-112 | 201-112 | ||
Өртке қарсы қызмет | |||
101 | 101 | 101 | 101 |
БКДК басқармасы | |||
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49 |
Авторизация
Пайдаланушыларды есепке алу
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті
- 09.09.2019 22:22
Павлодар облысының әкімі Б.Ж. Бақауовтың Баянауыл ауданына жұмыс сапары барысындағы тапсырмасын орындау үшін, сондай-ақ табиғи өрттерді сөндіруге әрекет ету бойынша басқару органдарының, күштер мен құралдардың өзара іс-қимылын бірлесіп пысықтау мақсатында 2019 жылғы 6-қыркүйекте Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында "Павлодар облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ" ММ, Баянауыл ауданының ТЖБ, "Баянауыл МҰТП" РММ, "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Баянауыл Авиациялық бөлімшесі, ауылдық округтердің өрт сөндіру бекеттері, 102 және 103 қызметтері, БРЭС, ерікті өрт сөндіру бірлестігімен оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді.
Тактикалық ой бойынша, құрғақ найзағай разрядының салдарынан Баянауыл МҰТП Жасыбай бөлімшесінің № 39 кварталында ашық таулы-тасты орманда өрт шықты. Өрт төменде болды. Солтүстік-батыстан жел екпінді, желдің жылдамдығы 10 м / с, ауа райы бойынша өрт қауіптілік сыныбы (КПО) 4. Баянауыл МҰТП Жасыбай бөлімшесінің тұрғын үй құрылыстарына дейін өрттің таралу қаупі болды.
Өрт болған жерге бірінші болып "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Баянауыл авиациялық бөлімшесінің ЖӨС күштері келді. Барлау жүргізу барысында бірнеше жану ошақтары табылды, қатты желдің салдарынан өрт тез тарала бастады. Сол себепті, қосымша күштер мен құралдар сұратылды. Өрт орнына "Павлодар облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ, ауылдық округтерінің өрт сөндіру бекеттері, қоғамдық тәртіпті сақтау және жолдарды жабу үшін 102 қызметі, өртте зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін 103 қызметі жіберілді. Өрт сөндіру жедел штабы құрылды. Бірлескен әрекеттермен өрт ауыздықталып, кейін толығымен жойылды.
Оқу-жаттығуда топтастықтың ден қою және күштер мен құралдарды өсіру, өзара іс-қимыл жасайтын тараптар арасындағы байланысты ұйымдастыру, табиғи өрттерді оқшаулау және жою мәселелері бойынша бірнеше тараптардың бірлескен іс-әрекеттері, мәселелері пысықталды. Азаматтық қорғаудың жеке құрамының, орман пайдаланушылардың, ерікті өрт сөндіру бірлестіктерінің, жергілікті атқарушы органдардың нақты жағдайларға жақын болған жағдайда орман өрттерін сөндіру әдістері мен тәсілдеріне (қол жабдықтары мен құрал-саймандарымен, жылжымалы өрт техникасынан, өртке қарсы жыралар мен минералдандырылған жолақтар жасаумен) жаттықтыру жүргізілді.
Аталған оқу-жаттығулар барлық болжамды іс-әрекеттерде, қатысушылардың нақты жағдайларда күштер мен құралдардың үйлесімділігі мен кәсібилігін көрсете білді.
Оқу-жаттығу жұмыстарына барлығы 18 бірлік техника құралдары және 60 адам қатысты.
20-ӨСБ бастығының м.а
азаматтық қоргау аға лейтенанты - Саманбетов И.Б.