Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
15
558
775512

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Ірі жем-шөпті сақтау кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары

 Жыл сайын Павлодар облысының аумағында ірі жем-шөп сақтау объектілерінде өрт болып, нәтижесінде ірі залал келтіруде. Өртке қарсы қолданыстағы ережелерде астықты жинау және ірі азықты сақтау кезінде өрт қауіпсіздігі талаптары белгіленген.

Ірі азықтарды фермалардың шатырлы үй-жайларында сақтауға тыйым салынады:

- ферманың шатыры жанатын материалдардан жасалған;

- шатыр үй-жайлары жағынан ағаш шатыр жабындары өрттен қорғау құралдарымен өңделмеген;

- шатырда электр сымдары механикалық зақымданудан қорғаусыз салынған;

- периметрі бойынша 1 метр қашықтықта түтін өткізгіштердің қоршауы жоқ.

Дәнді дақылдарды жинау және жем дайындау кезінде тыйым салынады:

- тракторлар, өздігінен жүретін шасси және капотсыз немесе ашық капотпен автомобильдерді жұмыста пайдалану;

- тракторлар мен автомобиль қозғалтқыштарының радиаторларында шаңды дәнекерлейтін шамдармен күйдіру;

- автомобильдерді дала жағдайында өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған және түнгі уақытта жарықтандырылған арнайы алаңдардан тыс жерлерде толтыру.

Қозғалтқыштардың радиаторлары, битерлердің, сабан толтырғыштардың, транспортерлер мен іріктегіштердің біліктері, жинау машиналарының басқа да тораптары мен бөлшектері шаңнан, сабаннан және дәннен уақтылы тазартылады.

Ірі азықтардың маялары (табандары), қалқалары мен қатарлары (үй жанындағы учаскелерді қоспағанда) электр беру желілеріне дейін кемінде 15 метр және жолдарға дейін кемінде 20 метр және ғимараттарға, құрылыстар мен құрылыстарға дейін кемінде 50 метр қашықтықта орналастырылады.

Маяларды орналастыруға арналған алаңдар, сондай-ақ маялардың немесе қатарлардың жұптары периметрі бойынша ені кемінде 4 метр жолақпен жыртылуы қажет. Жыртылған жолақтың шетінен алаңда орналасқан маяға дейінгі қашықтық кемінде 15 метр, ал жеке тұрған маяға дейінгі қашықтық кемінде 5 метр болуы тиіс.

Бір маяның негізінен ауданы 150 шаршы метрден, ал нығыздалған шөп (сабан) қатарлары 500 шаршы метрден аспауы тиіс.

Жеке қатарлар, қалқалар және маялар  арасындағы өртке қарсы қашықтық 20 метрден кем болмауы тиіс.

Ұйым басшысы ылғалдылығы жоғары шөп маяларында және штабельдерінде шөп температурасын бақылау бойынша жұмысты ұйымдастырады.

Ірі азықтар сақталатын маяларға қатарлар мен бастырмаларға кірген кезде көлік құралдары және талшықты материалдар қозғалтқыштардың шығару жүйелерінен істен шыққан газдардың шығу бағытына қарама-қарсы тараппен айналуға, істен шыққан газдарды бейтараптандыру жүйесін қолдану жағдайларын қоспағанда, жарамды ұшқын өшіргіштері болуға және кем дегенде 3 метр қашықтықта маялардан тоқтауға тиіс.

 

Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және

азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы

Система Orphus