Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
19
574
778907

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

"Каустик" АҚ-да шартты өртті сөндіру

DSC_2318

"Павлодар облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ жеке құрамы кезекті рет өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді. Бұл жолы оқу-жаттығу "Каустик"АҚ объектісінде өтті.  Оқу-жаттығудың мақсаты: авариялық жағдайларды жоюды ұйымдастыру бойынша объектілік өрт сөндіру штабының іс-әрекетін жетілдіру, "Өрт сөндіруші" АҚ филиалы, "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ бөлімшелерінің өзара іс-қимылын пысықтау, аварияға қарсы қорғаныс жүйелері мен құралдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің техникалық жай-күйі мен жедел дайындығын тексеру.   

Оқу-жаттығудың тактикалық ойы бойынша сағат 10:00-де зауыт оператор-диспетчерінен сифонның деформациялық фланецті қосылысын орнату нәтижесінде цистернадан толық тартылған төсемнен сұйық хлор ағып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Бұдан әрі диспетчер апат туралы объектінің басшылығы мен медициналық қызметін, "Каустик" АҚ цехтарының барлық жұмысшылары мен қызметшілерін дыбыстық сиренаны пайдалана отырып хабардар етеді.

Сұйық хлордың ағуы солтүстік бағытта жүреді, апат орнында 1 зардап шегуші-цех жұмысшысы бар.  25 минутта № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі 1 АЦ және № 4 өрт сөндіру бөлімі 1 АЦ келеді. Кезекші өрт сөндіру қызметі келген соң 2-өрт сөндіру жетекшісінен  баяндама қабылдайды және келесі міндеттерді береді: цех бойынша штаб бастығы мен бас инженер келген күштер мен құралдарды орналастыруды қамтамасыз ету, байланыс ұйымдастыру, учаскелер арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, өрт техникасы мен жеке құрамның қажетті санын есептеу. 1-МӨСБ бастығының орынбасары және хлор құю бөлімшесінің бастығы су көздеріне өрт техникасын орналастыруды ұйымдастыру, резерв пен қорғау костюмдерін құру, ГТҚҚ жұмыс істейтін буындарын есепке алу.

80 минутта апат толығымен жойылды. "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ жеке құрамынан 10 адам және 2 бірлік техника жұмылдырылды. Оқу жаттығу барысында қойылған міндеттер толық көлемде орындалды.

Оқу-жаттығу жетекшісі талдау жүргізіп, оларды жою жөнінде тапсырмалар берді.

 DSC_2328 DSC_2330 DSC_2332 DSC_2347 DSC_2351 DSC_2352 DSC_2382 DSC_2399  

"Павлодар облысы ТЖД Өрт сөндіру және

авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ

Система Orphus