Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
66
614
786234

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

Өрт сөндірушілер жеке үйдегі өрт кезінде газ баллондары жарылысының алдын алды

 IMG-20191104-WA00072019 жылғы 3 қарашада сағат  01.57-де "Павлодар облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ № 6 өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктіне Екібастұз қаласы ауылдық аймағының Бәйет ауылындағы жеке тұрғын үйдің өртенуі туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Шақыру орнына жедел түрде № 6 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты Бутенов Руслан Оразбекұлының басшылығымен бір АЦ-мен бір бөлімше құрамындағы  кезекші қарауыл жіберілді.

Оқиға орнына келген кезде Батыр-Аналар көшесі, 6 үй №1 пәтер мекенжайында орналасқан екі пәтерлі жеке тұрғын үйдің шатырлы үй-жайына ауысумен веранда өртеніп жатты.  Үйді барлау кезінде үйде екі газ баллоны табылды. Өрт сөндіру басшысы қалыптасқан жағдайды бағалап, шешім қабылдады және қарауылға жеке үйді сөндіруге РСК-50 бір оқпанын беру міндетін қойды, ал газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны 27 литрден 2 газ баллонын эвакуациялады. Жану алаңы 75 шаршы метрді құрады. Өрт сөндіруге жеке құрамнан 5 адам және 1 техника жұмылдырылды. Өрт 2,5 сағаттан кейін жойылды.

Кезекші қарауыл бастығы Р. О. Бутенов, бөлімше командирі Т. Б. Қиянбеков, өрт сөндіруші Д. Д. Сейльханов, өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері С. М. Хасенханов құрамындағы кезекші қарауылының үйлесімділігі және кәсібилігінің арқасында газ баллондарының жарылысына жол берілген жоқ.

 IMG-20191104-WA0008

Д. Қабылтаев 

№ 6 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары

азаматтық қорғау капитаны

Система Orphus