Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
66
614
786234

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

"Қыс-2019" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде Павлодар қ. басқару органдарымен өткізілген арнайы-тактикалық оқу-жаттығу

 20191104_102014Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы жергілікті атқарушы органдармен және Павлодар қаласының азаматтық қорғау қызметтерімен бірлесіп "Қыс-2019" Республикалық командалық - штабтық оқу-жаттығу шеңберінде "Павлодар-Водоканал "ЖШС-нің Оңтүстік Су жинағында "Қолайсыз метеорологиялық жағдайларда электрмен жабдықтауды сөндіру кезінде қала тіршілігін қамтамасыз ету жүйесіндегі апаттарды жою" тақырыбында арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізді.

Аталған оқу-жаттығудың мақсаты төтенше жағдайларды жоюға дайындығын және Павлодар қаласы азаматтық қорғау қызметтерінің жеке құрамының және шұғыл әрекет ету жасағының электр жүйелері бойынша авариялық команданың жарақтандырылуын тексеру;

2019 жылғы 4 қарашада сағат 11.00-де аңыз бойынша қатты солтүстік-батыс желдің салдарынан сулы қардың көп түсуіне байланысты 110 кВ №103 Жоғары вольтты желі авариялық өшіп қалды. "Павлодар Водоканал" ЖШС-нің бірінші көтергішіне энергиямен жабдықтауды беру тоқтатылды, осыған байланысты қаланы орталықтандырылған сумен жабдықтау бұзылған. Орын алған апат туралы ақпаратты облыстың ТЖД жедел кезекшісі "ПРЭК" АҚ авариялық-техникалық жедел-диспетчерлік қызметіне (аңыз, "Павлодар-Водоканал"ЖШС диспетчерінің ақпараты) жеткізеді.

2019 жылғы 4 қарашада сағат 11.05-те (оперативтік уақыт) " ПРЭК " АҚ қызметінің авариялық бригадасымен оқиға орнына шығу жүргізілді, оның барысында жағдайды бағалау, деректерді жинау және талдау, сондай-ақ күштер мен құралдарды тарту қажеттігі туралы шешімді алғашқы әзірлеу жүзеге асырылды. 35/6 кВ "Береговое" қосалқы станциясында кернеу жоғалғаны анықталды, "Павлодар Водоканал" ЖШС-ның бірінші көтергішіне №103 тірек 110 кВ жоғары вольтты желі оқшаулағышының гирляндаларын зақымдаумен энергиямен жабдықтау тоқтатылды (апаттық зақымданудың ілеспе себебі бөгде заттың әсері болып табылады).

Басқарма бастығы авариялық-техникалық команда мен азаматтық қорғау күштерінің іс-қимылдарын нақтылау және үйлестіру үшін Павлодар қ. ТЖБ жедел тобын жіберу туралы шешім қабылдады.

1 сағат 15 минут ішінде "ПРЭК" АҚ электр желілері бойынша авариялық командасы "Павлодар-Водоканал "ЖШС" Оңтүстік су тоғанының " Электрмен жабдықтаудың резервтік желісіне ауыстырды. Жоғары вольтты желінің үзілуі 5 сағат ішінде жойылды.

Осы арнайы-тактикалық оқу-жаттығуға:

- "ПРЭК" АҚ-8 бірлік техника және жеке құрамнан 18 адам;

- Павлодар қ. КЖБ ӨҚҚБ қызметі-1 бірлік техник;

- Павлодар қ. ТЖБ - 1 бірлік техника жеке құрамнан 3 адам тартылды.

 20191104_103941 20191104_104712 20191104_110720

Павлодар қаласының

 Төтенше жағдайлар басқармасы

Система Orphus