Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
65
614
786233

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

Қысқы кезеңдегі ТЖ жою үшін шұғыл ден қою жасақтарының дайындығы тексерілді

 DAGL0169"Қыс-2019" Республикалық командалық – штабтық оқу-жаттығу аясында Павлодар қаласында шұғыл ден қою жасағының, шұғыл қызмет пен қар жинайтын техниканың байқауы өтті.

Аталмыш іс-шара қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды жоюға тартылатын күштер мен құралдардың дайындығын тексеру мақсатында өткізілді.

Жедел ден қою жасағы және барлық тиісті қызметтер жиналу орнына уақытында келді. Шұғыл қызметтердің жеке құрамы мақсаты бойынша міндеттерді орындауға дайын. Сонымен қатар Павлодар қаласының қар жинайтын техникасы тексерілді, ол да қар тазалау бойынша қойылған міндеттерді орындауға дайын.

Байқауды Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі А.И. Двинянин жүргізді. Сондай-ақ осы байқауға Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің өкілі азаматтық қорғау подполковнигі Ө.Б. Тукушев қатысты.

Байқау барысында қысқы кезеңдегі авариялар, апаттар және басқадай төтенше жағдайлардың нәтижесінде зардап шеккендерге өз уақытында көмек көрсетуге арналған техника мен құрал-жабдықтардың бар болуы мен жарамдылығына ерекше назар аударылды.

ТЖ аумақтық органының құтқару бөлімшелерінде жанар-жағар май, азық-түлік, сондай-ақ іздеу-құтқару және сүңгуір жұмыстарын, қысқы кезеңде өрттерді жою жұмыстарын жүргізу үшін жарық беретін құралдардың қажетті қоры құрылды. 

Байқауға келесі бөлімшелердің күштері мен құралдары:

- Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті - 4 бірлік техникасы;

- Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасы-1 медициналық жедел жәрдем бригадасы;

- Апаттар медицинасы орталығы - 1 бірлік техникасы;

- "Алюминий Казахстана" АҚ инженерлік командасы-3 бірлік техникасы;

- "Павлодар жылу желілері "ЖШС жылу желілері бойынша авариялық-техникалық командасы-3 бірлік техникасы;

- "Павлодар - Водоканал" ЖШС су құбыры және кәріз желілері бойынша авариялық-техникалық командасы-2 бірлік техникасы;

- "ПРЭК" АҚ электр желілері бойынша авариялық-техникалық командасы-10 бірлік техникасы;

- "Интерснаб-LTD" ЖШС газ желілері бойынша авариялық-техникалық тобы - 1 бірлік техникасы;

- "ПНХЗ" ЖШС құтқару командасы - 1 бірлік техника;

- "Қазақтелеком" АҚ авариялық-қалпына келтіру байланыс командасы-1 бірлік техникасы.

21 жол техникасы тартылды.

Барлығы байқауға жеке құрамнан 128 адам және 48 бірлік техника жұмылдырылды.

 DAGL0184 DAGL0223 IMG_0102 IMG_0105 IMG_0120 IMG_0123 IMG_0207

Павлодар облысы ТЖ департаментінің

ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

 

Система Orphus