Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
66
614
786234

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

Аққулы ауданы. Қысқы кезеңдегі ТЖ жоюға күштер мен құралдардың дайындығын бағалау

2

Ағымдағы жылғы 5-6 қарашада ауданның азаматтық қорғау қызметтерінің қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жоюға дайындық деңгейін арттыру, көлік магистральдары мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуін бұзу жағдайында бағынышты күштерді басқару бойынша жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың жұмысында үйлесімділікті жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға дайындығын тексеру мақсатында келесі іс-шаралар өткізілді:

- аудан әкімі аппаратының ғимаратында басқару органдарының, азаматтық қорғау қызметтерінің басшылық және командалық-басшы құрамының жиыны өткізілді;

- аудандық АҚҚ бастығы-аудан әкімі А. Балғабаевтың төрағалығымен ТЖ жөніндегі комиссия отырысы өтті;

- қысқы кезеңдегі ТЖ-ны жою бойынша іс-шараларды өткізуге міндеттер қойылды;

 -авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу бойынша практикалық іс-әрекеттерді пысықтау үшін ауданның азаматтық қорғау қызметтерімен арнайы-тактикалық оқу-жаттығу жоспары әзірленді;

- авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды орындау кезінде авариялық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғау құралымдарының күштерін жедел басқару алгоритмі пысықталды;

- ауданның құлақтандыру жүйелері, орталықтандырылған шақыру тағаны, дауыс зорайтқыш қондырғылар іске қосылды;

- ауданның жергілікті атқарушы органдарымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша көмек көрсету кезінде азаматтық қорғау құрылымдары мен авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын тарту бойынша жаттығулар ұйымдастырылды, табиғи апат аудандарында қалған адамдарды іздеу және құтқару және оларды уақытша орналастыру аудандарына көшіру мәселесі пысықталды;

- азаматтық қорғау авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының қысқы кезең жағдайында авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды орындауға дайындығы тексерілді;

- өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күштерімен ТЖ аймағында қалған адамдарды қар тазалау және жоғары өтімді техниканы қолдану арқылы жылыту пунктіне эвакуациялау жүргізілді;

-қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою бойынша Аққулы ауданының АҚ қызметтерімен арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Арнайы-тактикалық- оқу-жаттығу барысында 18 бірлік техника және 50 адам қатысты.

 1 3 4 5 6 7 8 9

Аққулы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі

Система Orphus