Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
62
340
777224

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Павлодар облысы! Ерекше кәсіп иелерінің әйел адамдары туралы...

Әйел адамдардың баршамызға әйгілі кәсіптері тәрбиелеумен, оқытумен және дәрігерлікпен байланысты. Әйел адамдар үшін әрдайым ер адамдардың кәсібі деп саналатын мамандықтар ерекше болып қала бермек. Бірақ қандай да бір кәсіптің таңдалуы көптеген факторлардың есебімен жеке жүзеге асуы керек. Мамандығы қаншалықты дұрыс таңдалса, адамның алдағы өмірлік жолы, қоғамдағы орыны, жұмыспен қанағаттануы, дене шынықтыру және психологиялық денсаулығы, қуанышы мен бақыты соншалықты болады. Адамзаттағы келіншектердің ТЖ қызметкерінің мамандығын таңдайтындағы түсінікті – мұндай таңдауды тек мықты даралар ғана жасайды.

Толығырақ...

Менің қалай құтқарушылар ортасына түскенім - бұл менің таңдауым

Павлодар  облысы Төтенше жағдайлар департаментінің  жедел-құтқару жасағы медициналық-психологиялық қызметінің басшысы  Светлана Зимина туралы әңгіме.

Қарапайым әйелдің үлесі тек отбасы ғана болған уақыт артта  қалды,   қазіргі кезде әйелдер көптеген салаларда  қызмет атқарады, соның ішінде Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласында. Светлана Зиминаның  мамандық таңдауы  бала кезінен белгілі болды. Светлананың әкесі  қалалық  құтқару қызметін құру басында болды, ол өз  жанұясында үшінші дәрігерлер буыны  болып саналады. Светлананың әкесі  жалғыз қызының таңдауын мақұлдап барлық жағынан қолдау көрсетті.

Светлана  өз жұмысын  қалалық құтқару  қызметінде диспетчерліктен бастады. Халыққа тікелей көмек көрсету жұмысы өзіне тартты, ал екі жыл өткеннен кейін зардап  шеккендер және жарақаттан кейінгі стресстік бұзушылықтарды болдырмас үшін құтқарушылардың өздеріне сауатты психологиялық қолдау көрсетуге, осы жерде психолог мамандығы қажет екенін түсінді. Сонымен 2002 жылы  педагог-психолог мамандығы бойынша Павлодар университеті  психология факультетінің  сырттай  оқыту бөліміне оқуға түседі.

Толығырақ...

АНОНС

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұйымдастырушылық нұсқауларына сәйкес 2018 жылдың 5-6 наурызы аралығында «Көктем 2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.

Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының басталуы – 2018 жылдың 5 наурызы сағат 09.00 -де (Астана уақыты).

«Көктем 2018» РКШОЖ шеңберінде қалалардың ТЖ басқармалары және аудандарының ТЖ бөлімдерімен арнайы тактикалық оқуларының өткізілетін орындары:

Толығырақ...

1 наурыз – Бүкіләлемдік Азаматтық Қорғаныс күні

Генералдық Ассамблеяның IX сессиясында Халықаралық Азаматтық қорғанысы ұйымы 1 наурыз – Бүкіләлемдік Азаматтық Қорғаныс күні құрылған.

Барлық елдерде мерекеленетін бұл күн, төтенше жағдайларды алдын алуға бағытталған, болуы мүмкін төтенше жағдайға, апат тәуекелдігіне ұлттық төтенше қызметін, халықты дайындау бүкіләлемдік маңызы зор акция болып саналады.

ХАҚҰ бұл күнді құру мақсаты, адамдарды ұлттық АҚ қызметінің негізгі міндеттеріне баулу. Жыл сайын Бүкіләлемдік Азаматтық Қорғаныс күні мерекелеу тақырыбын бекітеді, осыған байланысты ХАҚҰ бас төрағасының арнайы жолдауы жолданады.

2018 жылы Бүкіләлемдік Азаматтық Қорғаныс күнінің тақырыбын «Азаматтық қорғаныспен ұлттық құрылымдардың мақсаты – апаттармен күрестің тиімділігін арттыру» - деп жариялады

Екібастұз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен 1 наурыз – Бүкіләлемдік Азаматтық Қорғаныс күнін мерекелеу мақсатында арнайы жоспар құрылып іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілуде.

Толығырақ...

Павлодар облысы! ТЖ қызметкерлері қауіпсіздік сабағын өткізді

Павлодар облысы Азаматтық қорғаныс басқармасының офицерлік құрамы  Қызыл Жарты Ай Қоғамының Павлодар облыстық филиалының өкілдерімен бірлесіп №9  жалпы орта білім беру мектебінің 4-5 сынып оқушыларына Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күніне арналған бірлескен ашық сабақ өткізді.         Оқушыларға Азаматтық қорғаныс күнінің құрылу тарихы, Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері мен мақсаттары, сондай-ақ төтенше жағдайлар қатері мен туындауы уақытындағы іс-әрекеттері туралы әңгімелеп берді. Сонымен қатар сөз сөйлеу кезінде жеке қорғану құралдарын кию және зардап шеккендерге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету бойынша тәжірибелік сабақ өткізілді.

Толығырақ...

Су тасқынына дайындық кезеңі ең қызу кезінде

Өңірді қыс толығымен билеп жатса да, Павлодар облысында   2018 жылдың алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмысы бар күшімен жүргізілуде. Ал наурыз айы алдын алу іс-әрекеттері үшін ең белсенді болып келеді. Билік органдары, кәсіби ведомстволары және шұғыл қызметтерінің әзірлігін және ден қоюын тексеру үшін масштабты жаттығулар мен басқадай тәжірибелік сабақтар өткізіледі. Өткен жылдардың төтенше жағдайларын жоюға өткізілген талдау, сондай-ақ ықтимал төтенше жағдайлар дамуының болжамы облыс аумағының сумен басылуға шалдыққыш 57 елді мекен анықталды, оның құрамына әр түрлі бағыттағы 58 объекті кіреді, онда тұрғындар саны 4 мың 619 адамы бар 1065 тұрғын үй бар. Бұдан басқа ұзындығы 4,951 шақырым автомобиль жолдарының 42 учаскесі және ұзындығы 0,1 шақырым 1 теміржол учаскесі бақылауға алдынды.

Толығырақ...

Бүкіләлемдік Азамматтық қорғаныс күніне арналған іс-шаралар өткізу туралы пресс-релизі

Өткізу уақыты: 2018 жылғы 1 наурыз сағат 10.00-де

Өткізу орны: Павлодар қ., Айманов к-сі, 51-үй, ММ "№16 Мектеп-лицей".

Халықаралық Азаматтық Қорғаныс Ұйымының IX Бас Ассамблеясы қарарларына сәйкес жыл сайын 1 наурыз Бүкіләлемдік Азамматтық қорғаныс күні атап өтіледі.

Толығырақ...

Павлодар облысы! Қала тұрғынының өрттегі батыл әрекеті

Күнделікті өмірде қатардағы азаматтардың белсенді батырлығын және дұрыс шешім қабылдауда азаматтық позициясын сирек көруге болады, ал бастысы өзгенің қайғысына немқұрайлылықпен қарамай, төтенше жағдайда өзі де кірісіп кетуі мүмкін.

Дәл осылай А.Ю. Дементьев жасады - Павлодар облысы Ақсу қаласының тұрғыны, кәмелеттік жасқа толмаған үш баланы жанып жатқан үйден құтқарып алды. Сол күні Анатолий Юрьевич көмірмен жүктелген КМАЗ автокөлігімен әдеттегідей Беловака ауылына келеді. Көмірді сатып алуды қалайтындар бар ма екендігін байқау үшін жан-жағына қарап, ақырын ауылдың көшесімен келе жатты.

Көшелердің бірінде тұрғын үйдің қатты түтіндеп жатқанын байқап қалды. Тоқтап, ол шарбаққа жақындап келгенде, шошынған балалардың айқайын естіді. Бір минут бөгелместен, Анатолий көлігін тоқтатып үйге кірді. Кіре беріс есік жабық болды. Веранданың есігін ашқанда, ол 2013 жылғы және 2015 жылғы ек апалы-сіңілі қыз балаларды көреді. Олардың үлкені 4 айлық кішкентай сіңілін қолында ұстап тұрды.

Анатолий Юрьевич оларды үйден шығарып, ауаның температурасы минус 14 градус болғандықтан көліктің кабинасына отырғызған. Балалар орташа дәрежеде улы газбен улану диагнозымен Ақсудың орталық ауруханасына жатқызылды. Осы күні балалардың әкесі Ақсу қаласында жұмыста болған. Бүлдіршіндердің анасы осы уақытта дүкенге шығып кеткен. Балалар жабық үйде жалғыз қалған. Өрттің алдын ала себебі сіріңкемен балалардың ойнауымен болды.

Анатолий Дементьев нағыз ер азаматтың ісін жасады. Өмірде ол өте сыпайы және ұялшақ жігіт екен, ал өзінің әрекетінде ешқандай ерекшелікті көрмейді. Әріптестері оны жауапты және бірбеткей, салауатты өмір салтын қатаң сақтайтын  адам ретінде сипаттады.

Толығырақ...

Азаматтық қорғау жас қызметкерлердің қалыптасуындағы - тәлімгердің рөлі

Тәлімгерліктің маңыздылығы тәлімгердің тұлғасына, оның интеллектуалдық әлеуеті мен моральдік бейнесіне ерекше талаптар қояды. Тарихи тұрғыдан кез келген оқыту мен тәрбиелеу теориясы тұлға мен іс-қызметке жеке талаптарын қояды. Мәселен, заманауи тәлімгерлік кезеңдерінің бірі болып белгілі білімге үйрету ғана емес, бұл білімдерді сіңіріп алғаннан кейін іске асырып, оларды пайдалану білу маңызды. Бұл өзекті талап тәрбие процесінде жетекшінің рөлін түбегейлі өзгертеді. Тәлімгер бүгінгі таңда ақпаратты тасығыш пен «таратушы» болуы жеткіліксіз. Жас мамандардың жеке жұмыстарына, танымдық белсенділігінде ұйымдастырушы болғаны дұрыс.

Толығырақ...

Система Orphus