Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
20
574
778908

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Тасқындарға дайындық – оқу-әдістемелік жиындары күн тәртібінің басты мәселесі

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасымен төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекетке басқару органдары, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі күштері және Павлодар облысы тұрғындары дайындығын жетілдіру шеңберінде оқу-әдістемелік жиын өткізілді.Облыс орталығының «№7 профильді бейімдегі орта жалпы білім беру мамандырылған мектебінде» бейбіт уақытта көктемде су басу немесе қауіпі болған кезде және ерекше кезеңге эвакуацияланатын тұрғындарды орналастыру сұрақтары талқылаған облыстық, қалалық және аудандық эвакуациялық комиссиясы төрағалары жиналды.

Толығырақ...

Павлодар облысындағы өрт сөндіру-техникалық орталығының басшысы туралы

Міне 17 жыл бойы Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру-техникалық орталық-мұражайында тамаша қызметкер және керемет әйел Гүлнәр Закуанқызы Сейілханова жұмыс жасап келеді.Павлодар облысы Успен ауданының Лозовое ауылында дүниеге келген. Әкем Успен аудандық ішкі істер бөлімінде жұмыс істеген, сондықтан анам екеуі партия қайда жіберсе, сонда  көшетін. Бастауыш мектепке мен осы ауданның Чистополь ауылына бардым. Орта білімді Успен ауданындағы Тавоолжан орта мектебінен алдым. Мектептегі алғашқы әскери дайындық бойынша барлық сабақтары есімде. Бізге шынымен де азаматтық қорғаныс бойынша жақсы негіз берген. 1986 жылы Павлодар педагогикалық институтына бастауыш оқыту әдістемесі факультетіне оқуға түстім.

Толығырақ...

Павлодар облысы! Ерекше кәсіп иелерінің әйел адамдары туралы...

Әйел адамдардың баршамызға әйгілі кәсіптері тәрбиелеумен, оқытумен және дәрігерлікпен байланысты. Әйел адамдар үшін әрдайым ер адамдардың кәсібі деп саналатын мамандықтар ерекше болып қала бермек. Бірақ қандай да бір кәсіптің таңдалуы көптеген факторлардың есебімен жеке жүзеге асуы керек. Мамандығы қаншалықты дұрыс таңдалса, адамның алдағы өмірлік жолы, қоғамдағы орыны, жұмыспен қанағаттануы, дене шынықтыру және психологиялық денсаулығы, қуанышы мен бақыты соншалықты болады. Адамзаттағы келіншектердің ТЖ қызметкерінің мамандығын таңдайтындағы түсінікті – мұндай таңдауды тек мықты даралар ғана жасайды.

Толығырақ...

Менің қалай құтқарушылар ортасына түскенім - бұл менің таңдауым

Павлодар  облысы Төтенше жағдайлар департаментінің  жедел-құтқару жасағы медициналық-психологиялық қызметінің басшысы  Светлана Зимина туралы әңгіме.

Қарапайым әйелдің үлесі тек отбасы ғана болған уақыт артта  қалды,   қазіргі кезде әйелдер көптеген салаларда  қызмет атқарады, соның ішінде Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласында. Светлана Зиминаның  мамандық таңдауы  бала кезінен белгілі болды. Светлананың әкесі  қалалық  құтқару қызметін құру басында болды, ол өз  жанұясында үшінші дәрігерлер буыны  болып саналады. Светлананың әкесі  жалғыз қызының таңдауын мақұлдап барлық жағынан қолдау көрсетті.

Светлана  өз жұмысын  қалалық құтқару  қызметінде диспетчерліктен бастады. Халыққа тікелей көмек көрсету жұмысы өзіне тартты, ал екі жыл өткеннен кейін зардап  шеккендер және жарақаттан кейінгі стресстік бұзушылықтарды болдырмас үшін құтқарушылардың өздеріне сауатты психологиялық қолдау көрсетуге, осы жерде психолог мамандығы қажет екенін түсінді. Сонымен 2002 жылы  педагог-психолог мамандығы бойынша Павлодар университеті  психология факультетінің  сырттай  оқыту бөліміне оқуға түседі.

Толығырақ...

АНОНС

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұйымдастырушылық нұсқауларына сәйкес 2018 жылдың 5-6 наурызы аралығында «Көктем 2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.

Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының басталуы – 2018 жылдың 5 наурызы сағат 09.00 -де (Астана уақыты).

«Көктем 2018» РКШОЖ шеңберінде қалалардың ТЖ басқармалары және аудандарының ТЖ бөлімдерімен арнайы тактикалық оқуларының өткізілетін орындары:

Толығырақ...

1 наурыз – Бүкіләлемдік Азаматтық Қорғаныс күні

Генералдық Ассамблеяның IX сессиясында Халықаралық Азаматтық қорғанысы ұйымы 1 наурыз – Бүкіләлемдік Азаматтық Қорғаныс күні құрылған.

Барлық елдерде мерекеленетін бұл күн, төтенше жағдайларды алдын алуға бағытталған, болуы мүмкін төтенше жағдайға, апат тәуекелдігіне ұлттық төтенше қызметін, халықты дайындау бүкіләлемдік маңызы зор акция болып саналады.

ХАҚҰ бұл күнді құру мақсаты, адамдарды ұлттық АҚ қызметінің негізгі міндеттеріне баулу. Жыл сайын Бүкіләлемдік Азаматтық Қорғаныс күні мерекелеу тақырыбын бекітеді, осыған байланысты ХАҚҰ бас төрағасының арнайы жолдауы жолданады.

2018 жылы Бүкіләлемдік Азаматтық Қорғаныс күнінің тақырыбын «Азаматтық қорғаныспен ұлттық құрылымдардың мақсаты – апаттармен күрестің тиімділігін арттыру» - деп жариялады

Екібастұз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен 1 наурыз – Бүкіләлемдік Азаматтық Қорғаныс күнін мерекелеу мақсатында арнайы жоспар құрылып іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілуде.

Толығырақ...

Павлодар облысы! ТЖ қызметкерлері қауіпсіздік сабағын өткізді

Павлодар облысы Азаматтық қорғаныс басқармасының офицерлік құрамы  Қызыл Жарты Ай Қоғамының Павлодар облыстық филиалының өкілдерімен бірлесіп №9  жалпы орта білім беру мектебінің 4-5 сынып оқушыларына Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күніне арналған бірлескен ашық сабақ өткізді.         Оқушыларға Азаматтық қорғаныс күнінің құрылу тарихы, Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері мен мақсаттары, сондай-ақ төтенше жағдайлар қатері мен туындауы уақытындағы іс-әрекеттері туралы әңгімелеп берді. Сонымен қатар сөз сөйлеу кезінде жеке қорғану құралдарын кию және зардап шеккендерге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету бойынша тәжірибелік сабақ өткізілді.

Толығырақ...

Су тасқынына дайындық кезеңі ең қызу кезінде

Өңірді қыс толығымен билеп жатса да, Павлодар облысында   2018 жылдың алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмысы бар күшімен жүргізілуде. Ал наурыз айы алдын алу іс-әрекеттері үшін ең белсенді болып келеді. Билік органдары, кәсіби ведомстволары және шұғыл қызметтерінің әзірлігін және ден қоюын тексеру үшін масштабты жаттығулар мен басқадай тәжірибелік сабақтар өткізіледі. Өткен жылдардың төтенше жағдайларын жоюға өткізілген талдау, сондай-ақ ықтимал төтенше жағдайлар дамуының болжамы облыс аумағының сумен басылуға шалдыққыш 57 елді мекен анықталды, оның құрамына әр түрлі бағыттағы 58 объекті кіреді, онда тұрғындар саны 4 мың 619 адамы бар 1065 тұрғын үй бар. Бұдан басқа ұзындығы 4,951 шақырым автомобиль жолдарының 42 учаскесі және ұзындығы 0,1 шақырым 1 теміржол учаскесі бақылауға алдынды.

Толығырақ...

Бүкіләлемдік Азамматтық қорғаныс күніне арналған іс-шаралар өткізу туралы пресс-релизі

Өткізу уақыты: 2018 жылғы 1 наурыз сағат 10.00-де

Өткізу орны: Павлодар қ., Айманов к-сі, 51-үй, ММ "№16 Мектеп-лицей".

Халықаралық Азаматтық Қорғаныс Ұйымының IX Бас Ассамблеясы қарарларына сәйкес жыл сайын 1 наурыз Бүкіләлемдік Азамматтық қорғаныс күні атап өтіледі.

Толығырақ...

Система Orphus