Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
392
588
765021

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

АНОНС. Павлодар облысыТөтенше жағдайлар департаментінде брифингті өткізу туралы

12.01.2018ж. сағат 11.00-де Павлодар қ., Бейбітшілік к-сі., 14 мекен-жайы бойынша брифинг өткізіледі.

Брифингтің тақырыбы "Аймақ территториясындағы жылыту маусымы кезінде улы газбен улану жағдайлары туралы"

Спикерлер: ТЖ департамент бөлімшелерінің бастықтары

 

Павлодар облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Тел. 8(7182) 53-96-17

Пресс-Релиз

За 2017 год на территории Павлодарской области зарегистрировано 938 пожаров (за аналогичный период 2016 г. – 1026). Материальный ущерб от пожаров составил 120 млн. 870 тыс. тенге (за аналогичный период 2016 года материальный ущерб составил 123 млн. 749 тыс. тенге).

Погибло людей при пожарах за 2017 год – 25 человек, в том числе 4 детей, (за аналогичный период 2016 года 31 человек, из них 3 детей), получили травмы в результате пожаров  34 человек, в том числе 6 детей, (за аналогичный период 2016 года 28 человек, их них 5 детей), спасено людей на пожарах 34 человек,  (за аналогичный период 2016 года 28 человек).

Толығырақ...

Кезектік рейдтік шаралар

Шынында да, адамдар өртті ескермесе, ол зорлық-зомбылыққа ұшыратады. Көбінесе оттан  тұрғын үйлер, жеке гараждар мен ғимараттар зардап шегеді. Кейбір азаматтардың отқа немқұрайлы қарағандықтарынан  пәтерлердегі жиһаздар, құнды және жеке заттарөртеніп, адамдардың қаза болуына әкеледі.

Айта кететіні, көптеген жағдайларда өртке кінәлі тұлғалар - бұл денсаулықтары шектеулі  адамдар (мас күйінде, ақыл-ой ауруымен, жастайынан денсаулықтары нашар, балалар ойыны және т.б.), көп қабатты ғимараттарда өмір сүреді, яғни олардың әрекеттері көптеген адамдардың өміріне қауіп төндіреді. Бұл  өрттің санын көбейтуге әкеледі.

Жаңа 2018 жылдың бірінші аптасында Екібастұз қаласының өрт сөндіру бөлімшесі  11 рет дүркіреніп, оның үшеуінде өрт сөндіруге тура келді. Өрттің екі реті  Жаңа жыл мерекесін тойлау барысында өрт қауіпсіздігін ескермегеннен болды. Нәтижесінде үш адам қалалық ауруханаға жатқызылды. Жәбірленушілердің бірі қарқынды терапия бөлімінде көз жұмды. 

Толығырақ...

Екібастұз гарнизоны ардагерді мерей тойымен құттықтады!

Екібастұз гарнизонының жеке құрамы Жарқынбеков Жүсіпбек Күнтәжіұлын алпыс жасқа толу мерей тойымен құттықтады.  Өртке қарсы қызмет органында 1983 жылдан 2003 жылға дейін қызмет атқарып, майор шенніде отставкаға шықты.

Құрмет демалысында бола тұра Екібастұз қаласының азаматтық қорғау органдарындағы жас ұрпақты тәрбиелеп оларға әр уақытта көмек көрсетіп жүреді.   

Жүсіпбек Күнтәжіұлы соңғы жылдары Екібастұз қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы. Осындай жауапты орында отырып спорттық өмірге де белсене араласады, өрт бөлімдерінің жарыстары болған кезде міндетті түрде ардагерлер командасын құрып талай түрлі жарыстарға (гир көтеру, футбол жарыстары) қатысты. 

Толығырақ...

Автокөліктерді өрттен сақтаныз!

Қатты аяздың түсуімен Павлодар аумағында автокөліктердегі өрттердің  жиілеп кетті. Автокөліктерде өрттер болдырмау мақсатында,  Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері автокөліктерді пайдалану кезіндегі өртке қарсы ережелерді түсіндіру бойынша профилактиқалық іс-шаралар өткізді.

Баянаул ауданының ТЖБ  қызметкерлері, Баянауыл ауылында орналасқан автокөліктерді жөндейтін орындарына барып, онда автокөліктерді пайдалану кезіндегі өртке қарсы ережелері тақырыбы бойынша нұсқаулықтар өткізді. Автокөліктердің иелеріне автокөліктерде болатын өрттердің негізгі себептерін тағы бір рет естеріне салды. Олар: электр сымдарының қысқа тұйықталуы, автомобиль салонында шылым шегу кезінде абайсыз болу, отынның, майдың ағуы және қозғалтқышты қыздыру үшін ашық отты пайдалану, электр газ дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде отпен абайсыз болу.    

Нұсқаулар жүргізу кезінде автокөліктердің иелеріне «Автөкөлікті өрттен сақта!» тақырыбы бойынша жадынамалар таратылды.

Толығырақ...

Жылыту маусымы кезінде тұрғын үй секторларын аралау

№ 23 Өрт сөндіру бөлімінің және Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен Качир ауданының Тереңкөл және Песчан ауылында жылыту маусымында өрттерді, адамдардың қаза болуы мен жарақаттануын азайту мақсатында тұрғын үй секторын аралау өтті.

Аралау кезінде тұрғын үй иелеріне өрт сөндіру ережелерін және жылыту маусымы кезіндегі қаза болғандар туралы статистиканы келтірумен  ақпаратты жеткізу  және кемшіліктерді жою бойынша нұсқамалар берумен жылыту пештерінің құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестігін қарауға аса назар аударды.

Аралау кезінде 70 тұрғын үй оның ішінде 110 адам және 110 жадынама берілді.

Толығырақ...

Крещение мерекесінде суға шомылған кезде қауіпсіздік шараларын сақтау керек

Крещения мерекесіндегі әдет-ғұрып іс-шараларды өткізу кезінде жазатайым оқиға тап болмас үшін, келесі қауіпсіздік ережелерін сақтау керек:

 - суға шомылу авариялық - құтқару құралымдары қызметшілерінің кезекшілігі қамтамасыз етілген және суға түсетін жерге бару жолы жасалған тек арнайы жабдықталған орындарда өткізілуі қажет;

- ішімдік ішкен адамдардың суға түсуіне тыйым салынады;

- суатқа суға түспес бұрын денені қыздырып алу керек, дене құрысын жазып, жүгіріп;

- аяқтың сезімталдығын жоймас үшін, суатқа ыңғайлы тайғанамайтын тез шешілетін аяқ киім киген жөн. Суатқа бара жатқан кезде асықпаңыз, жол тайғақ болуы мүмкін;

- суға мойынға дейін кірген дұрыс, бастағы ми тамырларының тартылуынан сақтану мақсатында басыңызды суламаған дұрыс. Суатта  ешқашан сүңгімеңіз.. Суға секіру, суға бүкіл денемен әсіресе баспен малту өте қауіпті, ол дене қызуының төменденуіне және суықтан есеңгіреуіне әкеліп соғуы мүмкін.

Толығырақ...

Улы газ - өрттерде адамдардың қаза болуының басты себебі

Жану ошағы басқа бөлмеде  болса да улы газбен улану әбден мүмкін, өйткені көміртек тотығы түтінмен бірге жайылғанмен бөлме қабырғалары мен маңайдағы заттарға қонбайды. Оның концентрациясы бірер минут ішінде күрт жоғарылайды және ауамен араласқан кезде ғана төмендейді. Адам улы газбен уланған кезде организмде  оттегінің  алмасу механизмі бұзылып, оның тапшылығы пайда болады.  Бұл ес білмей қалуға  және қаза болуға әкеліп соқтырады. Улы газдың адам организмінде жиналып, оның қорғану әрекетін тоқтату қабілеті болғандықтан, тіпті оның кішкентай концентрациясы адамға әсер етеді. Алайда адам улы газбен дем алып жатқанын сезбейді, бірақ біраз уақыттан соң басы ауырып, көру қабілеті нашарлап, басы айналып,  жүрегі айни бастайды. Улы газдың әрекетінен адам арылмаса нақтылы уақытты сезіну қабілеті жоғалып,  кеңістікте бағдарлау бұзылып, егер де адам көміртек тотығы бар бөлмеден шықпаса қайғылы жағдайға душар болуы әбден мүмкін. Улы заттың әсері сондай  адам денесінің күйік алып жатқанын да сезінбейді. Уланған адамға тез арада далаға шығу қажет, егер ондай мүмкіндік болмаса, тым болмағанда даланың ауасымен дем алу мүмкіндігі бар бөлмеге бару керек. Бұл бөлмеге түтін газының келуін мейлінше болдырмау қажет. Улы газбен уланған адамды жатқан қалпында тез арада таза ауаға  алып шығып керек те алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету қажет.

Толығырақ...

Крещение Господнеде шомылу кезіндегі медициналық нұсқаулықтар

Крещение кезінде көптеген адамдар ойықтарда шомылуға шешім қабылдайды. Бірақ көптеген адамдарға бұл процедура қауіпсіз емес. Бірінші кезекте емдейтін дәрігермен кеңесу қажет.

         Жүйелі түрде шынығу ағзаның сауығуына көмектеседі, ал жылына бір рет ойықтағы суға түсу – ағза үшін қатты стресс. Крещение мейрамдарының қарсаңында ойықта шомылуға бел буғандарға дәрігерлер келесі ережелерді сақтауды ұсынады: шомылу кезінде жағажайларда арнайы дайындалған купельдерде түсу қажет, әсіресе құтқару станциясы жақында орналасқан жерлерде және құтқарушылардың бақылауында суға түсу керек. Ойыққа түсу кезінде ең алдымен денені жылытып, бірнеше жаттығулар немесе жүгірулер жасаған дұрыс. Ойықтың жанына жәйлі, сырғанамайтын және тез шешілетін аяқ киімде түсу қажет. Мен дәрігер ретінде сланцыдан гөрі, тоқыма шұлық кигенін ұсынамын. Ойыққа бара жатқан бетте асықпай жүру керек, жол сырғанақ болуы мүмкін екенін есте сақтаңыз. Асықпай жүріп, абай болыңыз.

Толығырақ...

Система Orphus