Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
181
562
778495

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Зейнеткерлердің үйлерінде, азқамтылған және бейберекет отбасыларға улы газдың сигнал бергішін орналастыру

Паволдар облысының Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері жиілеп кеткен улы газбен улану және жеке тұрғын үйлерде жылыту пештерінің ақауларынан болған өрттердің санына алаңдаулы.

Жану кезінде және бірінші кезекте улы газдың зиянды әрекеттерінен өзіңді және жақындарыңды қалай сақтауға болады. Бұл сұрақтың жауабын өртті мемлекеттік бақылау мамандары біледі. Жеке тұрғын үйлердің тұрғындарымен профилактикалық рейдтер барысында мамандар улы газ – бұл көрінбейтін жау екенін үнемі ескертеді. Газ түссіз және иіссіз болғандықтан, ауада оның барын арнайы құрылғылар анықтай алады. Кейбір жеке тұрғын үй иелері, әсіресе жалғыз басты зейнеткерлер мен көпбалалы отбасылар экономкалық жағдайларына байланысты, өз үйлерінде датчиктерді орналастыру мүмкіндігі жоқ.  

Толығырақ...

Жылыту маусымында төтенше жағдайлар қызметкерлерімен рейдтер жалғасуда

Лебяжі ауданы! Өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету – азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің басты тапсырмаларының бірі. Аталмыш жұмыстар үнемі жалғасуда. 2017-2018 жылдардағы жылыту маусымынан бастап, бөлім және өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлерімен жеке сектордағы 2354 тұрғындарымен аралау өткізіліп, өрт қауіпсіздігі шараларына 7975 аудан тұрғыны оқытылды. Жергілікті полициця қызметкерлерімен бірге бейәлеуметтік өмір сүретін бейберекет  тұратын отбасыларға 37 рейд жүргізілді.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға ерекше назар аударылды. 31 қаңтарда «Қазақ саңыраулар қоғамы» ҚБ ымдау тілінің маманы Р. Уахитованың қатысуымен есту және сөйлеу қабілеті бойынша мүгедектердің үйлерінде болды. Ыммен аударудың көмегімен тұрмыста өрт қауіпсізідігі ережелері жеткізіліп, пештер мен түтіндіктерге ерекше ден қойылып, өрт кезінде әрекеттер түсіндіріліп, өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша ұсынымдар берілді. 

Толығырақ...

Павлодар облысы! Оқушыларға өрт қауіпсіздігі туралы

Павлодар облысы  Ақтоғай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты  А. Утепов  М. Қайырбаев атындағы  жалпы білім беру орта мектебінің оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді.  

Төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің бас маманы А. Утепов мектептің адамдар көп жиналатын нысан болып табылатындығын, сондықтан әр қызметкердің, персонал мен мектеп оқушыларының өрт қауіпсіздігі талаптарын білуге және қатаң сақтауға міндетті екендігін айтты. Өртке немесе жануға әкеп соғатын іс-әрекеттерге жол бермеу, ал өрт бола қалған жағдайда адамдарды, мүлікті құтқару және өртті сөндіру үшін барлық шараларды қабылдау керектігін атап өтті. 

Толығырақ...

Төтенше жағдайлар қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын талқылауда

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын егжей-тегжейлі зерттеу үшін  Ақтоғай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен №20 өрт сөндіру бөлімінің мамандары аудандық “Нұр Отан” партиясының  филиалында  жиналды. Қатысушылар алдында Ақтоғай аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Б. Әлханов, Ақтоғай аудандық мәслихатының хатшысы Ж.Ш. Тәшенов Қазақстан Республикасы Президентінің  “Төртінші өнеркәсіптік  революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” Жолдауының жеке тармақтары бойынша нақты түсініктеме берді.

Толығырақ...

Балаларға өрт туралы

Балаларға үйдегі, серуендегі, оқу орнындағы қауіпсіздік іс-қимыл мәдениетін мектеп жасына  дейін бастау керек. Осы кезеңде бүлдіршіндер көріп білгендерінің қызықты және пайдалы дағдыларын ұзақ уақытқа естерінде сақтайды.

Мамандар жылдан-жылға балалардың отпен ойнауынан өрт сандары азаймағандығын байқауда. Осы отпен ойнау тек өртке қана әкелмейді, оған қоса жиі қайғылы оқиғамен аяқталады.

Бала пәтерде немесе үйде жалғыз қалған кезде сіріңкені алып және ересектерге еліктеп қағазды жағуы,  розеткаға электр қыздырғыш құралдарын қосуы мүмкін. Бұған кінәлі әрине ата-аналар, өйткені, балаларды пәтерде жалғыз қалдырады, олардан сіріңкені жасырмайды, балалардың тәртібін бақыламайды, олардың ойындарына көз салмайды, ал кейде жанып тұрған отты қарауға немесе тұтатуды тапсырады.   

Толығырақ...

Павлодар ауылында жылыту маусымы бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізу туралы пресс-релиз

Павлодар қаласының Төтенше жағдайлар  басқармасы жиілеп кеткен улы газдан улану және пеш ақауларынан жеке тұрғын үйлерде өрттердің жиі болу санына алаңдаулы.

Осыған байланысты, Павлодар қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы жергілікті полиция қызметімен бірге әлсіз бейәлеуметтік халық жігімен пешті қолданудағы өрт қауіпсіздігі шараларына үйрету бойынша рейд өткізуді жоспарлауда.

Бұдан басқа, «BESTSHOP» ЖК осы науқанға қатысуға өз ниетін білдіріп, әр түрлі жайларда улы газдың бары туралы алдыңғы кезеңде  хабарлайтын және анықтайтын, улы газға арналған сигнал бергішті орналастыруда халыққа бір реттік көмек көрсеткісі келеді, өйткені ЖК қызметкерлерінің біреуі улы газбен уланумен байланысты жағдайға тап болды.

Толығырақ...

Ертіс ауылы тұрғын үй секторының аумағындағы рейдтар

Жылыту маусымында адамдардың өрттен, өлімінен және жарақаттануын азайту үшін Ертіс ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметі және 21өрт сөндіру бөлімімен бірлесіп Ертіс ауылының тұрғын үй секторында ауқымды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Рейд кезінде  би әлеуметтік өмір сүріп жүрген тұлғалардың мекен-жайларына негізгі тірек жасалды,  ұсыныс сиипаты мақсатында үйлеріне кіріп тұрғындарға тұрмыста  өрт  қауіпсіздігін сақтау ережелері талаптары мен нормалары түсіндіріліді. Негізгі басымдық жылыту пештеріне жасалып,   пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері  талаптарын бұзушылығын белгілі болған жағдайда, тұрғындарға кемшіліктерді жою туралы ұсыныстары бар ескертулер мен түбіртектерр берілді. 

Толығырақ...

Тұрғын секторлардағы өрт қауіпсізідік рейдтері

Успен ауданы! 2018 жылдың 24 мен 26 қаңтар аралығында  Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары жергілікті полиция қызметімен бірге Успен ауданының орталығында бейәлеуметтік өмір сүретіндерге аула аралау өткізді. Халықпен әңгімелесу кезінде қызметкерлер тұрмыстағы өрт қауіпсіздіктің негізгі ережелерін, ашық отынды, пеш жылытуды және электр құрылғыларын қолданғанда абай болуды атап өтті.

Тұрғындарға өрт болған жағдайда нұсқаулықтар жүргізіп, жедел қызмет телефондарын 101 (өртке қарсы қызмет) және 112 (құтқару қызметі) естеріне салып, осы нөмірлерге бірліктің болмаған кезінде де хабарласуға болатынын айтты. 

Толығырақ...

Павлодар облысы! Азаматтық қорғаныс сұрақтары облыстық радионың эфирінде

Радиода сөз сөйлеу – тұрғындардың барлық санаттарына ақпаратты жеткізудің тиімді әдісі. Күнделікті радиодағы жаңалықтар мен басқа да бағдарламаларды мыңдаған адамдар тыңдайды: жолда, қоғамдық көліктерде, жұмысқа автокөлік басқарып бара жатқан кезде, жұмыс орындары мен қаламыздың сауда орталықтарында. Радиодан сөз сөйлеуді біздің облысымыз бен қаламыздың азаматтарына ақпаратты жеткізудің тиімді әдістерінің бірі деп санауға болады.

Төтенше жағдайлар қызметкерлері облыстық радио эфирінің тұрақты қонақтары. Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері майор Е.З. Касимовтың радиодағы кезекті сөз сөйлеуі «Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау» тақырыбына арналды. Сөз сөйлеп, әңгімелесу барысында радиотыңдаушыларға Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы баяндалды.   

Толығырақ...

Система Orphus