Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
15
558
775512

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері Елбасының Жолдауын меңгеруде

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауын «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» іске асыру аясында «Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ кәсіби даярлық мектебінде офицерлік және басшылық құрамымен жиналыс өткізілді.

Павлодар гарнизонының жеке құрамының алдында жаңа Жолдаудың негізгі бағыттары туралы Инновациялық Еуразия Университетінің филология ғылымдарының докторы, проректор А.Р. Бейсембаев сөз сөйледі. «Барлық қазақстандықтардың Ұлт Көшбасшысының жаңа Жолдауындағы ойды біріктіру үшін, бізге үлкен ақпараттық жұмыстар жүргізу» әр қайсына Жолдаудың мағынасын жеткізу керектігін баяндамашы атап өтті.  

Толығырақ...

«Қауіпсіз көлік» науқаны

Павлодар ауданында «Қауіпсіз көлік» науқаны басталды. Күн сайын Павлодар ауданын қорғау бойынша № 35 ӨСБ  және Төтенше жағдайлар  бөлімінің қызметкерлері  автокөлік   иелерімен  кездесулер өткізіп, нұсқама жүргізеді. Әңгіме барысында өрт қауіпсіздігін сақтамаған кезде темір тұлпар иесіне қандай салдар болатыны туралы мысалдар келтірілді. Павлодар ауданының ТЖ бөлім қызметкерлері төрт ауылдық округ жүргізушілеріне нұсқама  жүргізді: Красноармейка,Черноярка;Мичурино және Заря, SMS хабарламаларға жауапты қарауын сұрады.

Сараптама бойынша «транспорттық» өрттердің ең басты себебі – автокөліктегі электроқұралдарының ақауы. Одан кейін абайсызда отты және аса қауіпті жану көздерімен қолдану (шылым шегу, жөндеу кезіндегі дәнекерлеу жұмыстары, майдагерлік өндіріспен автокөлік қыздыру және т.б.). Қасақана өрт жасау үштікті қорытындылайды. Рейд барысында автокөлік иелерімен жадынмалар таратып нұсқама жүргізіліп, автокөлік иелеріне басты назар келесі  бағыттарға аударылды:

Толығырақ...

Павлодар облысының қалалар мен ауылдық аймақтарында жеке тұрғын үй секторларына профилактикалық жұмыстар күшейтілді

Ақсу қ.! Төтенше жағдайлар бөлімшелерінің, өрт сөндіруші құтқарушылар қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен бірге жеке тұрғын үй секторларында рейд жүргізді. Әр үйге кірісімен, қатысушылар жадынамалар таратып, тұрғындарға газдың шығуы және өрт кезіндгі әрекеттерді, сонымен қатар пеш жылытуларын қолданған кезде өрт қауіпсіздігі туралы айтып берді.

Қарт адамдар мен балаларға ерекше назар аударылды, өйткені дәл осы адамдар төтенше жағдайлар туындаған кезде үрейге бой алдырады.

Профилактикалық жұмыстар кезінде тұрғын үйлердегі өрттер негізінде, пеш жылытуларын, электрлік тұрмыстық құрылғыларды, газ құрылғыларын, сонымен қатар отты абайсыз  қолданған кезде өрт қауіпсіздігінің бұзылуынан болатыны  тұрғындарға айтылды. Тұрғын үйдің әр иесіне шұғыл қызметтің телефондары ескертілді. 

Толығырақ...

Павлодар өңірінің аумағында Ертіс өзені арқылы мұз жолдары, қайыс және жаяу өтпе жолдары қызмет ете бастады

Жыл сайын қысқы кезеңде Ертіс өзенінде тиісті талаптарды сақтау кезінде мұз өткелдері және жаяу өтпе жолдар салынады. Қысқы мұз жолдарының ашылуы ауыл тұрғындары үшін үлкен оқиға, олар арқылы ауылдар арасындағы жолды қысқартумен, дайындалған пішен және отын тасымалдау ұйымдастырылады.

2018 жылдың 23 қаңтардағы жағдайына байланысты  арнайы 7 өткел ашық, олар: Качир ауданында 3 – Тереңкөл а., Береговой а., Песчаный а.; Павлодар ауданында 2 – Жаңа қала а., Набережный а.; Май ауданында 2 – Баскөл а., Көктөбе а. Барлық өткелдерде жүк көтергіштігі 5-тен 7 тоннаға дейін барады, мүз қалыңдығы орташа 45-50 см. құрайды.

Қазіргі уақытта ауа температурасының өзгеруінен барлық өткелдер негізінен жаяу және қайыс құралдарына арналған, ал автокөліктердің салмағы 2,5 тоннадан аспауы керек. 

Толығырақ...

Павлодар облысы! Апаттар медицина орталығының медициналық қызметкерлері шұғыл көмек көрсетті

Республикалық маңызы бар трассаларда орналасқан Павлодар филиалы апаттар медициналық орталығы тас жол – медициналық құтқару пунктінің шұғыл ден қою бригадасына температураның төмендеуіне байланысты жұмыстар қосылды.

Барлық бағыттарға автокөліктердің шығуына тыйым салынғанына қарамастан, жүргізушілер өздерінің және жолаушылардың өмірін қатерге және тәуекелге тігіп жолға шығады.

Сонымен 2018 жылдың 22 қаңтарында сағат 18:15-те Бәйет елді мекенінің маңындағы Қызылорда – Павлодар республикалық маңызы бар тас жолында автокөліктің сынғаны жайлы «Шідерті» трассалық медициналық құтқару пунктінің жаңынан өтіп бара жатқан жүргізушіден дабыл түсті. Оқиға орнына келген кезде, көлікте екі тонып қалған жүргізушінің болғаны анықталып, алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң «Шідерті» трассалық медициналық құтқару пунктінің жылыту пунктеріне жеткізілді.

Сол күні 22.01.2018 жылдың 21 сағат 08 минутта № 14 МӨСБ қызметкерлерінен Шиқылдақ ауылына жақын республикалық маңызы бар Қызылорда – Павлодар  тас жолында отынның қатып қалуынан автокөліктің сынғаны туралы хабар түсті. Бұл жерде де көлікте екі жүргізуші болған, «Шідерті» трассалық медициналық құтқару пунктіне жеткізілді.

Толығырақ...

БАҚ өкілдеріне пресс-релиз

Төтенше жағдайлар кезіндегі іс–әрекеттерге басқару органдарын, азаматтық қорғау Мемлекеттік жүйесі (бұдан әрі - АҚМЖ) күштерін даярлау бойынша іс-шаралар жоспарына сай ТЖ Департаменті оқу-әдістемелік жиынын өткізеді.

Мақсаттары:    

- 2017 жылдың нәтижелерін қорытындылау мен 2018 жылға тапсырмаларды қою;

- 2017 жылы Павлодар облысында АҚМЖ дамытуына белсенді қатысқан тұлғаларды алғыс хатпен марапаттау.

Өткізу уақыты:  2018 жылдың 26 қаңтары сағат 14.30.

Өткізу орны: Павлодар қ., 1 Май көш. 35/1, «Достық Үйі»  мәжіліс залы.

Толығырақ...

Павлодар облысы! Жаңа жылды оқытудан бастаймыз

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасы бұл жылды  мектепке дейінгі мекемелердің жетекшілерін оқытумен бастады. Оқытуды кіріспе сөзімен Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы  Д.А. Алябьев бастап, қоғамдағы техногендік әрекеттердің көлемі ұлғайғаны, табиғи апаттардың,  апаттардың жиі болу себебі- халықтың қауіпісіздігін қамтамасыз ету проблемаларының шиеленіскендігі, халықтың төтенше жағдайлар кезінде іс-әрекеттері, сонымен қатар ТЖ қызметкерлерімен қоғамның және халықтың арасында өткізіліп жатқан  оқудың маңыздылығы туралы әңгімелеп берді.

Толығырақ...

Павлодар облысы! Улы газға тоқта науқаны жалғасуда

Улы газбен уланудан адамдардың жарақаттануы мен қаза болуын алдын алу мақсатында Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметі өкілдерімен бірге тұрғын үй секторларын аралау бойынша науқан өткізілді.  Осы шараға азаматтық қорғау органдарынан 90 қызметкер, Жарты қызыл ай  11 ерікті  және «Жас Отан» жастар қанаты қатысты.

Кездесу барысында жеке сектор тұрғындарымен пеш жылытуын пайдалану, газ баллондық және электр құрылғыларын пайдалану бойынша үгіт-насихат материалдарын (жадынамалар мен бүктемелер) тарату арқылы өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді. Рейд барысында, бейәлеуметтік өмір сүру тұлғалардың тұратын жерлеріне ерекше назар аударылды. 

Толығырақ...

Рейдтік іс шаралар өткізілді

Ағымдағы жылдың  19 мен 20 қаңтары аралығында 23 Өрт сөндіру бөлімі жеке құрамы қызметкерлері мен Качир ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі жергілікті полиция қызметі өкілі Б. Каткеновпен бірігіп, бейәлеуметтік өмір сүріп жатқан тұлғаларды мекен-жайлары бойынша аралап, рейдтік шаралар жүргізді. Рейд барысында, тұрғындарға қазандықтар мен электр құрылғыларын және тұрмыстық газды қолдануда өрт қауіпсіздігін сақтау қажеттілігі түсіндірілді. Төтенше жағдайлар мамандары пештерді қарады, тексеру барысында пеш жабдықтарының кемшіліктері анықталып, оны жоюға нұсқау берілді.

Рейд барысында жалпы саны 50 тұрғыннан  құрайтын 26 аула тексерілді және 50 жадынама таратылды.  

Толығырақ...

Система Orphus