Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
254
557
788285

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

Тұрғындармен жылу беру кезеңінде өрт қауіпсіздігінің шараларын түсіндіру бойынша жиын өткізілді

 IMG_20191103_231339_406Жылу беру кезеңінде адамдардың қаза болуы мен жарақаттануының алдын алу мақсатында Ақсу қаласы ТЖ бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Мұқат Нұрболат Қабдұллаұлы М .Омаров және Еңбек ауылдарында тұрғындармен жиын өткізді.

Ол ауыл тұрғындарына өрт қауіпсіздігінің қағидаларын жеткізді, қатысушыларға өрттердің ең көп саны қыс кезеңіне немесе басқаша айтқанда жылу беру маусымы басталғанда болатынын еске салды. Суық түскеннен бастап тұрғын үйлерде өрт және жану оқиғалары күрт өседі.

Толығырақ...

Қызмет бөлімшелері арасында волейболдан чемпионат

IMG_6283Волейбол – өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі бөлімшелерінің  арасында аса кең таралған ойындардың бірі. Волейболдың жаппай, шынайы халықтық сипаты оның жоғары эмоционалдық және қол жетімділігімен түсіндіріледі.

Павлодар қаласының № 29 жалпы орта білім беру мектебінде спорттық шеберлік деңгейін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, спортты жан-жақты дамыту және көпшілікке тарату мақсатында Павлодар облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бөлімшелері арасында спартакиада шеңберінде волейбол жарысы өтті.

Толығырақ...

Біз мамандық таңдауға көмектесеміз

20191031_110200(0)

Павлодар ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері орта білім беру мектептерінің болашақ түлектерімен кездесу өткізді. Өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығымен танысқысы келетіндерді № 3 өрт сөндіру бөліміне экскурсияға шақырды.

Іс-шараны ұйымдастырушылар институтқа түсудің барлық кезеңдері, оқу сапасы, режимі, тәртібі және т.б. туралы толық айтып берді. Қатысушылардың көптеген сұрақтары пайда болды: институтқа түсу қаншалықты қиын? Спортпен шұғылдану үшін оқу кезінде бос уақыт бар ма? Оқу үрдісінде ерекше көзге түскен курсанттар мадақталады ма?

Толығырақ...

Тереңкөл аудандық ауруханасында оқу-жаттығу өтті

IMG-20191030-WA0034

Адамдар көп жиналатын объектіде аудандық ауруханада өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығуды өткізу барысында шартты өрт туындаған кезде объектінің қызмет көрсетуші және кезекші қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне ерекше назар аударылды.

Оқудың кіріспесіне сәйкес аурухана бөлімшелерінің бірінде 2-ші қабатта өрт шықты, екі зардап шеккен бар. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімінің кезекші қарауылы жіберілді. Адамдарды эвакуациялау жүргізілді, зардап шеккендерге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетілді, өрт жойылды.

Толығырақ...

«Протон-М» зымыран-тасығыш аварияның салдарын жою бойынша арнайы-тактикалық жаттығулар өткізілді

20191101_104206

«Протон-М» зымыран-тасығыштарды ұшыру кезінде ықтимал төтенше жағдайларының салдарын жою бойынша Аққулы ауданының тұрғындарының және азаматтық қорғау қызметтерінің іс-әрекеті, қабілеттері мен дайындығының деңгейін жоғарлату, техногендік аварияларының салдарын жою кезінде бағынышты күштерін жүргізу бойынша мекемелер мен жергілікті атқарушы органдардың жұмыстағы үйлесімділігін жетілдіру, сонымен қатар авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды орындау кезінде басқару органдарының өзара әрекеттесуін жасау мақсатында келесі іс-шаралар өткізілді:

Толығырақ...

Өрт сөндіру бөліміне саяхат: демалысты пайдалы өткізді

20191026_122245

Балалар үшін өрт сөндіруші – батыр, өткен жылдары да, бүгінгі күні де өрт салдарынан қирау жолында тұрған адамдарды құтқаратын адам. Өрт сөндірушілерге деген құрмет, олардың қызметіне деген қызығушылық өз мінез-құлқына деген байыпты көзқарасты дамыту үшін ынталандыруы, ойсыз отпен ойнауға кедергі болуы мүмкін. Бірақ өрт сөндіруші бұл туралы айтқан кезде балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері басқаша меңгеріледі, сондықтан мектепте өрт сөндіру бөліміне экскурсиялар өткізеді. Өрт сөндіру бөліміне экскурсияның негізгі мақсаты-өрт сөндіруші мамандығына деген қызығушылық пен құрметке шақыру.

Толығырақ...

Жас құтқарушылар жарысты

IMG-20191030-WA0037

Ақсу қаласында қаланың 8 жалпы білім беретін мектептерінің 9-10 сынып оқушылары арасында "Жас құтқарушы" жарысы өтті.

Іс-шараны ТЖ бөлімі мен №11 өрт сөндіру бөлімінің басшылығы ұйымдастырды.   Жас кезінен балаларды төтенше жағдайларда әрекет етуге үйрету, дене шынықтыру және психологиялық дайындық олардың өздерін ғана емес, басқаларға да көмек көрсете алатындығының кепілі болып табылады.   

Толығырақ...

Біз үлгі тұтарлық адамдар бар

Фото Николашина  В.И. без фуражки

Павлодар облысы ТЖ департаментінің аға ардагерлерінің бірі Владимир Иванович Николашин 85 жылдық мерейтойын атап өтті.

Ол Павлодар аймағында Азаматтық қорғаныстың қалыптасуы мен дамуына қомақты үлес қосқан кадрлық әскери қызметшілердің бірі.  Оның балалық шағы мен жастық шағы соғыс және соғыстан кейінгі жылдарға келді. Бірақ отбасы барлық қиындықтарды бастан кешірді. Ата-аналар барлық алты балаға лайықты білім берді және олардың біреуі ғана, үлкен Владимир әскери болуды тіледі. 

Толығырақ...

Азаматтық қорғау қызметкерлері облыстың ауылдық аудандары тұрғындарының жиындарына қатысады

IMG_9003

Ағымдағы жылдың қазан айының соңғы аптасында Павлодар облысы Тереңкөл ауданының елді мекендерінде аудан әкімі Е. Әйткеновтің төрағалығымен халықпен 9 жиын өтті. Кездесу барысында тұрғындардың көптеген сұрақтарына жауап берілді, жалпы әлеуметтік-экономикалық даму, білім беру, өрт қауіпсіздігі және медицина мәселелері қозғалды. Кездесу барысында айтылған барлық мәселелер бойынша түсініктемелер мен тиісті тапсырмалар берілді.

Толығырақ...

Система Orphus