Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
575
664
764616

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Павлодарда алдағы су тасқыны кезеңіне күштер мен құралдардың дайындығы туралы брифинг өтті

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында “Павлодар облысының аумағында көктемгі су тасқынына дайындық туралы” брифинг өтті.Негізгі спикер ретінде Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары С.Т. Асайынов сөз сөйледі. Тақырыптың маңыздылығын есепке ала отырып, брифингке өңірдің барлық аккредиттелген республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілері қатысты. Аумақтық Төтенше жағдайлар органы бастығының орынбасары атап өткендей,  алдағы көктемгі кезең жайлы емес, сондықтан барлық қалалар мен аудандарда дайындық жұмыстары аяқталуда.

 

Өңір аумағында  57 елді мекен бақылауда тұр,  саны 4 мың 619 адамы бар 1 мың 65 тұрғын үй, 42 автокөлік (4,951 шақырым) және  1темір жол учаскесі (0,1 шақырым).

Былтырғы жылға қарағанда осы жылы қардың аздығына қарамастан, жердің   бір жарым метрге қатуын есепке алатын болсақ, күрт еріген кезде  су басу ықтимал екендігін айтып өтті. 

Жоғарыда аталған қолайлы болжамдарға қарамастан қорғау үйінділерін нығайту жұмыс жүргізілді (Теңдік, Қаращы, Кенжекөл ауылдары, Ленинск кенті және Ақсу қалалары барлығы  7,35 шақырым үйінді бекітілді), тұрғындармен басқа да алдын алу сипатындағы  бір қатар іс-шаралар жүргізілуде.

Облыстың қалалары мен аудандарында су тасқынына дайындалу бойынша  жұмыстар жүргізілуде,  қар шығарылды, қажетті материалдардың қоры құрылды:   жанар жағармай, инерттік материал, қап сыйымдылығы.

Автомобиль жолдары  учаскелерінің шайылуын жібермеу және авокөлік тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында жол қызметтері  1мың 310 су өткізу құбырын тазалау және ашу бойынша жұмыстарын су  тасқыны кезеңінің соңына дейін  жүргізетін болады, бүнгі күні 724 құбыр тазаланды, бұл 56 пайызды  құрайды.  Көшірілетін  тұрғындардың өмір тіршілігін қамтамасыз ету үшін, жергілікті атқарушы  органдармен қорлар құрылды: 77 шатыр, 1170 керует және төсек орын құралдары.  Тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ету  қажеттілігі жағдайына қалалар мен  аудандардың  әкімдіктерімен  мақсатты келісім-шрттар  жасалды. Төтенше жағдайлар аумақтық органының барлық  жеке құрамы  тұрғындар арасында қарқынды  алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Тек қана соңғы екі ай ішінде 13,5 мың адамды  қамтумен елді-мекендерде 117 астам рейд өткізілді. Осы аылдардың   тұрғындарына 5 мыңнан астам  жаднама  табыс етілді. Су тасқыны жағдайын жою үшін күштер мен құралдардың топтамасы белгіленді, оған 600 бірлік техника,  61 жүзу  құралы және 1827 адам кірді.  Тілшілер, әкімдіктердің тарапынан су тасқынына  көрсетілетін нақты көмек қандай, облыста иесіз қалған  бөгеттер бар ма,   проблемалық учаскелер қандай және қай жерден қорку керек деген сұрақтар  қойды. Одан басқа  Ақмола облысынан Шығыс Қазақстан және Селеті су қоймаларына қатысты  сұрақтарды қойды.

Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы Сергей Сытник көктемгі каникул кезеңінде ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмауды ескертті. Құтқарушылар күн сайын жасөспірімдерді мұздың үсінен шығарып алады.

Бұдан әрі  Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және  профилактикалық қызмет басқармасының бастығы  С. Ысқақов  жылу беру маусымының өтуі туралы ақпараттады, тұрғын үй секторында  туындайтын өрттердің негізгі себептерін,  улы газбен улану жағдайларын атап өтті. Облыс тұрғындарын пеш және электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің қағидаларын сақтауға шақырды.

Тілшілер  барлық  қойған сұрақтарына толық жауап алды.

 

Павлодар облысыТөтенше жағдайлар департаментінің

мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Система Orphus