Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
201
299
612472

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

 IMG_8346

 

 

 

 

Павлодар облысы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссиясының отырыстарын өткізудің 2018 жылға арналған

Толығырақ...

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ (Павлодар облысы)

1. Жалпы ережелер

1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) консультативтік-кеңестік орган болып табылады және азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесіндегі консультациялық-кеңесші орган болып табылады және азаматтық қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясат қалыптастыру және жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылды.
2. Комиссия өзінің жұмысында Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы», Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Заңдарды,осы ережені және басқа нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

 

2. Міндеттері, функциялары мен құқықтары

3. Комиссияның негізгі міндеттері келесі мәселелер бойынша:

1) төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың мемлекеттік жүйесінің облыстық, аумақтық кіші жүйесін жетілдірудің және одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын айқындау;

2) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге шаралар жүйесін қалыптастыру;

3) азаматтық қорғаныс және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар күштері мен құралдарын құру және дамыту;

4) авариялар, апаттар, дүлей және өзге де зілзалалар нәтижесінде зардап шеккен азаматтарды, төтенше жағдайлар салдарын жоюға қатысқан адамдарды әлеуметтік-экономикалық және құқықтық қорғау, медициналық оңалту мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар басқармалары мен ұйымдары, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері, кәсіпорындар мен ұйымдар қызметін үйлестіру туралы ұсыныстар әзірлеу.

4. Комиссияның негізгі функциялары:

1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыруды ұйымдастыру;

2) ахуалды талдау, шешімдерді қабылдау үшін ұсыныстар әзірлеу, міндеттерді қою және орындау;

3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауын болжауды ұйымдастыру,олардың салдарын азайту бойынша ұсыныстар әзірлеу;

4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шаралар туралы халықты және ұйымдарды хабардар етуді ұйымдастыру;

5) тиісті өндірістер аумағындағы болуы бойынша ықтимал (табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындайтын объектілер, олардың туындау салдарынан болатын есепті шығындар экстремалды оқиғалар қауіп-қатерін бағалау) қауіпті облыс аумақтарын айқындау;

6) іздеу-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарымен байланысты мәселелерді қарау;

7) төтенше жағдайларда  және құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі іс-әрекеттерге тұрақты әзірлікті қамтамасыз ету бойынша облысаумағында орналасқан әскери бөлімдер қолбасшылығымен, ішкі әскер(полктармен) бригадалармен өзара іс-әрекетті жүзеге асыру;

8) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесінің облыстық  аумақтық жүйеге кіретін күштер мен құралдарды тарту құқығымен ведомстволық бағынысты аумақтағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен халыққа көмек көрсетуді ұйымдастыру.

5. Комиссия:

1) жергілікті атқарушы органдар басқармалары мен ұйымдары, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері, кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ ғылыми ұйымдардың және бірлестіктердің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы іс-қимылдарын үйлестіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

2) Комиссия отырыстарында кәсіпорындар, мекемелер және қоғамдық ұйымдар басшыларының есептері мен ақпараттарын тыңдауға, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау себептерін жою және өңірдегі (кәсіпорындағы) ахуалды қалыпқа келтіру бойынша шұғыл шараларды қабылдау туралы оларға ұсынымдар беруге;

3) Комиссияға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті материалдарды жергілікті атқарушы органдар басқармалары мен ұйымдары, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері, кәсіпорындар мен ұйымдар және бірлестіктерден сұрауға;

4) облыстың кәсіпорындар, мекемелер және қоғамдық ұйымдар басшыларына табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға, олар туындаған жағдайда салдарын азайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлеуді және жүзеге асыруды ұсынуға және олардың орындалуы бойынша бақылауды жүзеге асыруға;

5)жергілікті атқарушы органдар басқармалары мен ұйымдары, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері, кәсіпорындар мен ұйымдардыңтабиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында іс-шараларды орындауы бойынша талдау өткізуге;

6) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелерібойынша аналитикалық, сараптамалық және басқа да жұмыстарды орындау үшін кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың мамандарын (олардың басшыларымен келісім бойынша) жұмысқа тартуға;

7) төтенше жағдайлар комиссиясы жұмысын ведомстволық бағынысты әкімшілік аумағында үйлестіруге;

8) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою іс-шараларынқаржыландыру бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы.

 

3. Комиссия органдары

6. Облыс әкімі Комиссия төрағасы болып табылады.

7. Төраға:

1)  Комиссия қызметіне басшылық етеді;

2)  Комиссия отырыстарында төрағалық етеді;

3)  Комиссия мүшелері арасындағы міндеттерді бөледі және бекітеді;

4)  Комиссия жұмысын жоспарлауды ұйымдастырады;

5)  Комиссия жұмысының жоспарын бекітеді;

6)  Комиссия шешімдерін орындауға бақылауды қамтамасыз етеді.

8. Облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы (келісім бойынша) және төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелеріне жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары Комиссия төрағасының орынбасары болып табылады.

9. Облыстың Төтенше жағдайлар департаментіТөтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің қызметкері (келісім бойынша) хатшы болып табылады.

10. Комиссия отырысы қажеттілігіне қарай бір тоқсанда кемінде бір рет өткізіледі. Комиссия шешімдері хаттамалармен ресімделеді.

11. Комиссия хатшысы Комиссияның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, атап айтқанда:

1)    Комиссия жұмысының жоспарын жасайды;

2)  Комиссия отырыстарының қарауына енгізілетін материалдарды дайындауды ұйымдастырады және бақылайды;

3)  Комиссия отырыстарын өткізу күні, уақыты және орны туралы Комиссия мүшелеріне хабарлайды;

4)  Отырыс хаттамасын ресімдейді;

5)  Комиссия шешімдерін орындауды ұйымдастырады және бақылайды;

6)  Комиссия жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін өзге қажетті шараларды қабылдайды.

12. Хатшы, өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік мекемелер орындаушыларынан тиісті материалдарды талап етуге құқығы бар.

 

4. Комиссия құрамы

  13. Комиссия құрамы жергілікті атқарушы және өкілдік органдарының, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері, кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен құрылады.

 

5. Жұмысты ұйымдастыру

14. Комиссия өз жұмысын Комиссия мүшелерінің ұсыныстары негізінде әзірленген, төраға бекіткен жоспарға сәйкес жүзеге асырады.

15. Комиссияның қарауына материалдарды дайындау бірінші жұмыс жоспарында көрсетілген ұйым жүзеге асырады. Іс-шараларды қоса орындаушылар  жауапты орындаушыға жиынтық анықтама жасау үшін қажетті материалдарды ұсынады.

16. Анықтама, өзге де материалдар және шақырылатын адамдардың тізімі хатшыға отырыс өткізу күніне дейін 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей тапсырылады.

17. Комиссия мүшелері материалдарды дайындау және Комиссия хаттамаларын орындау шеңберінде осы органдар құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттар, материалдар және өзге талдау құжаттарын ұсыну туралы мүдделі органдарға жібере алады.

18. Хатшы отырыста қарауға жататын материалдардың толықтығы мен сапасын тексереді және Комиссия төрағасына баяндайды. Комиссия төрағасы дұрыс дайындалмаған материалдарды толық пысықтауға қайтарады.

19. Құжатты мәселені дайындаған  жауапты қызметкер толық пысықтайды және үш күн ішінде хатшыға ұсынады.

20. Комиссия жұмысына шақырылатын қатысушылар оларды жүргізуге жататын күн тәртібі мәселесі бойынша шешімді талқылауға және әзірлеуге қатыса алады, бірлескен талқылауды және шешімді қабылдауды қажет ететін ұсыныстарды, құжаттар жобаларын және өзге материалдарды келіскен тәртіпте енгізеді.

21. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру-техникалық  қамтамасыз етуді облыстықТөтенше жағдайлар департаменті жүзеге асырады (келісім бойынша).

 

6. Комиссия жұмысының нәтижелері

22. Комиссияның талқылау және қабылданған  шешімінің нәтижелері отырыс хаттамасымен (бұдан әрі – хаттама) ресімделеді, отырыс өткізілгеннен кейін үш күні ішінде дайындалады.

23. Қол қойылған хаттаманы хатшы Комиссия мүшелеріне және мүдделі органдарға жібереді.

24.Комиссия хаттамасының орындалуы туралы ақпарат  жазбаша түрде хатшыға жіберіледі, ол түскен материалдардың талдамалық нәтижелері бойынша төрағаға баяндайды.

25. Хаттаманың орындалуы бойынша бақылауды хатшы жүзеге асырады.

Система Orphus