Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
178
387
714963

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

P1013435

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Ернұр Сапарұлы Өтегеновтің "2019 жылдың 1 тоқсанына арналған Департаменттің жедел-қызметтік жұмысының қорытындылары туралы" баяндамасы

Құрметті Юрий Викторович!

Құрметті Владимир Робертович, әріптестер!  

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2019 жылдың    1 тоқсанындағы қызметі облыс халқы мен аумағын төтенше жағдайлардың теріс әсерінен қорғауға бағытталған.

Департаменттің 2019 жылдың 1 тоқсанына арналған Жұмыс жоспарына сәйкес 52 іс-шара жоспарланып, 46 іс-шара орындалды, 6 жұмыс жалғасуда, соның ішінде ҚР ІІМ ТЖК жылдық жоспарынан 20 тармақ жоспарланған (1 тоқсанда 13 іс-шара орындалды, 7 жұмыс жалғасуда).

Толығырақ...

Павлодар өңірінің аумағында өрт қауіпті кезеңнің өтуі туралы брифинг

+ Двинянин А.И.-1. Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде Павлодар облысының Өңірлік коммуникация қызметінің баспасөз орталығында республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері үшін брифинг өткізілді.

ТЖ департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі А. Двинянин және павлодар гарнизоны бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі А. Әубәкіров спикер болып сөз сөйледі.

Толығырақ...

Павлодар облысы! Облыс аумағында су тасқынының өтуі бойынша БАҚ өкілдеріне сұхбат

фото нач. ДЧС интервью СМИ

ТЖ департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Ернұр Өтегенов республикалық және облыстық БАҚ тілшілеріне облыс аумағындағы су тасқыны қауіпті орындарға бару және қарау қорытындылары бойынша сұхбат берді.

Төтенше ведомствосының басшысы қазіргі уақытта жағдай тұрақты екенін атап өтті. ТЖ департаментінің қызметкерлері қардың қарқынды еруі кезінде су басу қаупі бар елді мекендер мен жекелеген учаскелерге баруды жалғастыруда.

Толығырақ...

Павлодар облысында су тасқыны бойынша брифинг өтті

+ Утегенов О.С.-1.Бүгін сағат 11.00-де Өңірлік коммуникация қызметінің алаңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өтті. Павлодар облысы ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі   Е. С. Өтегенов және ТЖ алдын алу бөлімінің бастығы С. Г. Сытник спикер болып сөз сөйледі.

ТЖ аумақтық органының басшысы қазіргі кездегі су тасқыны жағдайын сипаттады. Су тасқынының шыңына әлі жеткен жоқ, норманың шегінде қар қоры бар, ал температураның бірде түсіп, бірде көтерілуі қар жамылғысының біркелкі еруіне ықпал ететінін атап өтті. Сондықтан да өңірдегі негізгі екпін су тасқыны жағдайының күрделенуіне жол бермеу бойынша алдын алу шараларын қабылдауға бағытталған.

Толығырақ...

Павлодар қаласында жылыту маусымының өтуі және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы брифинг өтті

IMG_0305

ТЖ департаментінің қызметкерлері өңірлік коммуникация қызметінің конференц-залында жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі бойынша кезекті брифинг өткізді.

Журналистердің сұрақтарына Павлодар қаласы ТЖ басқармасының бастығы Ренат Валишанов, өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы бастығының орынбасары Қ. Әлімқан жауап берді.

Спикерлер журналистердің алдында сөз сөйлеуді Павлодар аймағы аумағындағы өрттер бойынша ақпарат пен жағдайды талдаудан бастады.

Толығырақ...

Павлодарлық құтқарушылар «Крещение Господне» мерекесін өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін дайындық жүргізіп жатыр

BOV_2054

2019 жылғы 16 қаңтарда өңірлік коммуникациялар қызметінде «Крещение Господне» іс-шараларын өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізілді.

Брифингте: С.А. Чернов – төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы, Р.Е.Валишанов – Павлодар қ. ТЖБ бастығы, Никита Шеян- Благовещенск соборының ключарьі.

Өзінің сөзіндетөтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы өңір аумағында шомылуды өткізу үшін 18 купель орнатылғандығын атап өтті.

Толығырақ...

Павлодар облысы ТЖ департаментінің мамандары

 + Алимхан К.З.Республикалық және облыстық БАҚ журналистерінің алдында өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Серік Ардақұлы Ысқақов, осы басқарма бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Қайыркелді Зиядаұлы Әлімқан сөз сөйледі.

 Бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесу тақырыбы жаңа жылдық мерекелерді қауіпсіз өткізуге қатысты болды.

 Брифингтің спикерлері тілшілерді өткізіліп жатқан жаңа жылдық іс-шараларға дайындық және өткізу кезінде төтенше жағдайларға профилактика бойынша ақпараттандырды.

Толығырақ...

Жылу беру маусымы кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі туралы брифинг

BOV_8851

Павлодар облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен "Жылу беру маусымы кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету" тақырыбында брифинг өтті.

Спикерлер Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі А. Двинянин және Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі С. Ысқақов сөз сөйледі.  

Толығырақ...

Павлодар облысы! "Қысқы кезеңге дайындық туралы

фото спикера Асаинов С.Т. "Ертіс" өңірлік коммуникациялар қызметінде республикалық және облыстық БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті. Спикерлер болып Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник С.Т. Асайынов және ТЖ алдын алу бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі С. Сытник сөз сөйледі.

Сөз сөйлеушілер тілшілерді қысқы кезеңдегі ТЖ жоюға қатысатын барлық облыстық қызметтердің ұйымдастырушылық және практикалық  іс-шаралары туралы хабардар етті.

Толығырақ...

Система Orphus