Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
418
718
802272

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы А.Темірбаевтың «2017 жылға жедел-қызметтік іс-әрекетінің қорытындысы туралы» баяндамасы

 Құрметті Юрий Викторович!

Құрметті әріптестер!

 

Есептік кезеңде Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінде 103 (өткен жылы 99, +4 %) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай (оқиғаларды есепке алмағанда) тіркелді. 116 адам зардап шекті (2016 жылы – 139 адам,- 15,9%  олардың ішінде  53 адам қаза тапты (2016  жылы -63 адам, 15,9 % азайды).

 

(Анықтама ретінде: техногендік сипаттағы ТЖ – 75 (2016 жылы 75 ТЖ, өзгеріссіз), онда 93 адам зардап шекті (2016 жылы – 115 адам, -19,1 %), олардың ішінде 30 адам қаза тапты (2016 жылы 43, 30,2 % азайды);

-  71 (2016 ж. -70) өндірістік және тұрмыстық өрт, жарылыс, жазатайым оқиға;

-  3 (2016 ж. -0) темір жол көлігіндегі авария;

-  0 (2016 ж. -2) автожол көлігіндегі авария;

-  1 (2016 ж. -3) өмір тіршілігін қамтамасыз ету жүйесіндегі авария.

Табиғи сипаттағы ТЖ – 28 (2016 ж. -24 ТЖ, +16,7 %), онда 23 адам зардап шекті (2016 ж. -23 адам,өзгеріссіз), олардың 23 қаза тапты                           (2016 ж. -20 адам,+ 15 %);

-  0 (2016 ж. -1) жануарлардың ауруы мен өлімі;

- 23 (2016 ж. -19) судағы зардап шеккен;

-  2 (2016 ж. -3) табиғи өрт;

-  2 (2016 ж. -0) гидрометеорологиялық құбылыс;

-  1 (2016ж.-1) аса қауіпті індет аурулары.

Ведомстволық бағынысты бөлімшелер 3830 шығуды жүзеге асырды (2016 ж. -3827,1% көбейді), 303  құтқарылды (2016 ж. -152 адам,  2 есе көп), 1115 адам эвакуацияланды (2016 ж. -895 адам, +25%),       25 зардап шеккенге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетілді (-2016 ж. -61, 4 есе азайды).

371 (2016 ж. -574) авариялық-құтқару және күттірмейтін жұмыс жүргізілді, олардың ішінде:

- 159 (2016 ж. -353) тұрмыстық сипаттағы;

110 (2016 ж. -115) авариялық-құтқару жұмысы;

84 (2016 ж.-84) іздестіру-құтқару жұмысы;

-  18 (2016 ж. -20) жол-көлік оқиғасы.

Автомобиль жолдарында  барлық көлік түрлері үшін (республикалық жолда 28 рет, жергілікті маңызы бар жолдарда 18 рет) барлық бағыттары бойынша автомобиль жолдарында қозғалысына 46 рет шектеу қойылды (жабылу). Негізгі себебі – қолайсыз ауа-райы – көктайғақ, боран. Халықты құлақтандыру мақсатында ұялы байланыс операторларына SMS-хабарлама тарату үшін ақпарат жіберілді, сондай-ақ автовокзалдар, қалалар мен аудандардың әкімдіктері және басқа мүдделі ұйымдары да ақпаратталды.

Қыс кезеңінде 149 адам эвакуацияланды, олардың 9-ы,  63 автокөлік құралы эвакуацияланды (автокөлікті эвакуациялау себебі – көлік құралдарының техникалық жарамсыздығы, қарлы бұрқасын).

  • Азаматтық қорғаныс саласы бойынша

-   3 мың 67 адам оқытылды (2016 ж. – 789) 3,9 есе көбейді;

-  Павлодар облысының ТЖД-де 713 адам (жоспар бойынша – 445);

-  жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері – 30, (жоспар бойынша -33);

-  Павлодар облысы ТЖД-нің қызметкерлері «Азаматтық қорғаныс республикалық оқу-әдістемелік орталығы» ЖШС-де – 7 (жоспар бойынша -7);

-  Павлодар облысы ІІД қызметкерлері – 3 (жоспар бойынша -3);

-  әр түрлі ұйымдарға өтініш бойынша (ТЖК 2017 ж. 10 қаңтардағы   №29-5-1/64-И нұсқауы негіздеме) – 2 мың 314 адам.

Департаменттің аумақтық бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен, АҚ құралымдарымен бірлесіп:

- 17 кешенді оқу-жаттығу(2016ж.- 34);

- 504 объектілік жаттығу (2016 ж. – 597);

- 182 командалық-штабтық оқу-жаттығу (2016 ж. -60);

- авариялық жағдайлар бойынша 1682 жаттығу (2016 ж. – 886);

- 149 арнайы-тактикалық оқу (2016 ж. – 67) өткізілді.

Облыс аумағында азаматтық қорғаныс желісі бойынша 100 бақылаудағы объекті орналасқан (олардың  ішінде: 14-жергілікті атқарушы органның объектісі, 14-азаматтық қорғау қызметтерінің объектілері, 49-санатталған объекті, 23- су айдындарындағы жаппай демалу орындары).

2017 жылы 33 объектіге қатысты іріктеу тексерістері жоспарланды (ЖАО – 15 объектісі, АҚ қызметтерінің -14 объектісі, 6 санатталған объекті) олардың ішінде 3 объекті тексерілді.

Анықтама ретінде: ЖАО 1 объектісі («Баянауыл ауданы әкімінің аппараты» ММ. Тексерісті өткізбеу себебі – тексерісті тағайындау туралы актімен танысу кезінде бірінші басшы, атап айтқанда Баянауыл ауданының әкімі болған жоқ және АҚ қызметінің 2 объектісі («Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша комитеті Павлодар облысының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша департаменті» РММ, «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Ақпараттандыру байланысы және ақпарат комитетінің Павлодар облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» РММ. Тексерістерді өткізбеу себебі – осы объектілердің қайта құрылуы).

Өткізілген тексерістердің қорытындысы бойынша заңды тұлғаларға 19 әкімшілік хаттама толтырылды, оларды қарастыру нәтижелері бойынша 2 млн. 155 мың 550 теңге жалпы сомасына ақшалай айыппұл түріндегі 19 әкімшілік жаза салынды, олар толық көлемде өндірілді.

Анықтама ретінде: 11 объекті бойынша азаматтық қорғаныс саласында бұзушылықтар анықталған жоқ («Павлодар қ. әкімінің аппараты» ММ, «Качир ауданы әкімінің аппараты» ММ, «Ертіс ауданы әкімінің аппараты» ММ, «Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ, «ҚР ІІМ Павлодар облысының Ішкі істер департаменті» ММ, «Павлодар облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ, «Павлодар облысының Көліктік бақылау инспекциясы» РММ, «ҚР Энергетика министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Павлодар облыстық филиалы», «Павлодар нан өнімдері комбинаты» ЖШС фирмасы, «Сүт» ЖШС).

Облыс әкімінің қала сыртындағы қосалқы басқару пункттерін әзірлікке келтіру үшін өткен жылы 15 млн. 600 мың теңге бөлінді (10 млн. теңгеге ағымды жөндеу жүргізілді (сыртқы қабырға, терезелердің жөндеуі, өткелдің жөндеуі – қабырғаларды сырлау, әкімшілік ғимараттың қабырғаларын сырлау, линолеумді ауыстыру), 5 млн. 600 теңгеге қала сыртындағы қосалқы пунктінің ғимаратын күрделі жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Әзірленген ЖСҚ және жүргізілген мемлекеттік сараптамаға сәйкес (2017 ылғы 22 маусымдағы  № 16-0143/17) ҚҚБП күрделі жөндеуін өткізу бойынша жұмыстың жалпы құны 174 млн. 242 мың 164 теңгені құрайды.

  • ТЖ алдын алу саласы бойынша 

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қызметтің тиімділігін арттыру үшін Департамент іс-шаралар кешенін өткізді.

Бекітілген жоспарларға сәйкес ТЖ алдын алу және жою жөніндегі аумақтық комиссияларының жұмысы ұйымдастырылды. 2017 жылы  79 отырыс өткізілді,оның 6-облыстық (жоспарлы 4, жоспардан тыс 2),18 қалалық отырыс (жоспарлы 13, жоспардан тыс 5), аудандық 55 (жоспарлы 42,жоспардан тыс 13), онда маусымдық ТЖ және олардың салдарының қатерін төмендету мәселелері қарастырылды.

Өткен жылдың су тасқыны кезеңінде 4 тұрғын үй (Павлодар қаласының ауылдық аймағында -2 еріген сумен басылды және Ақсу к. -2 үй Ертіс өзеніндегі судың деңгейі көтерілгеннен) сумен басылды, 6 ауылдық елді мекендердің көшелері мен үйдің маңындағы учаскелер сумен басылғаны байқалды.

Еріген судың жағымсыз ықпалына көлік коммуникациялары шалдықты, автожолдың 4 учаскесі шайылды, 38 учаске бойынша су жолдың үстіне көтерілді.

Қарқынды еру мен толқынның соғуы нәтижесінде Май-Дегелен учаскесіндегі теміржол жабындысы жартылай шайылды.

Анықтама ретінде:  Май-Дегелен теміржолының 199 шақырымындағы учаскесі. Бұл учаске пайдалануға 2001 жылы енгізілді. Осы учаскедегі қозғалыс 16 сағатқа тоқтатылды және РФ Құлынды станциясы арқылы жүзеге асырылды.

Туындаған қатерді жою және жағымсыз жағдайдың дамуын төмендету үшін еріген судың бұрып әкету және сорып алу үшін, сондай-ақ тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстарын қорғау бойынша жұмыстар жүргізілді. Барлық зақымдалған жерлер қалпына келтірілді.

Анықтама ретінде: Осы жұмыстарға жеке құрамның 526 адамы жергілікті атқарушы органдарының, Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және №5512 әскери бөлімінің 172 бірлік әр түрлі техникасы тартылды.

(олардың ішінде: ТЖД-нен ж/қ – 98 адамы және 43 бірлік техникасы;

№ 5512 әскери бөлімі ж/қ-71 адамы және 3 бірлік техникасы;

Теміржолдан 127 адам және 7 бірлік техникасы;

Жергілікті атқарушы органның 230 адамы мке 119 техникасы)

2017 жылғы 30 наурыз бен 2017 жылғы 15 мамыр аралығындағы кезеңде салынған және қаланған қап сыйымдылықтарының жалпы саны 8870 дана. Осы кезеңде тартылған су 147558 текше метрді құрайды (оның ішінде ЖАО -8677 текше метр).

2017 жылы теңгерімге 7 қорғаныс үйіндісі қабылданды, осы шараның арқасында өткен жылдың қараша, желтоқсан айларында  6 км.750 м. нығайту бойынша жұмыс жүргізілді.

Облысты суға шомылу кезеңіне дайындау бойынша іс-шаралар кешені өтті. 133 жаппай шомылатын жерлерден тек ғана 24-і әкімдіктердің сұранысы бойынша тексерілді, оларға жағажай жұмыстарын ұйымдастыруға рұқсат берілді, тиісті сертификат берумен 85 қоғамдық құтқарушы оқытылды, жалпы әкімдіктермен 105 қоғамдық жұмысшы бөлінді.

ТЖ және полиция қызметтерінің күштерімен ресми түрде ашылған орындарынан басқа 109 рұқсат берілмеген орындарда да рейдік іс-шаралар жүзеге асырылды, жалпы барлық маусымда 638 рейд жүргізілді, полиция қызметкерлері 129 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты («Жалпы су пайдалану қағидаларын бұзу» 364-бабы бойынша -54 адам, «Алкоголь сусындарын ішу немесе қоғамдық жерлерде мас күйлерінде жүру» 440-бабы бойынша -75 адам).

Өңірді қысқы кезеңге дайындау кезінде Департамент өмір тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінде жөндеу және қызмет етудің нормативтік мерзімін өтеп болған құралдарды ауыстыруға, қазандықтарға көмір және мазутты әкелу гарфиктеріне мониторингті жүргізді.

Өтімділігі жоғары техника және Департаменттің жеке құрамы жағымсыз ауа райы жағдайларында және төмен температура кезінде құтқару жұмыстарын жүргізуге дайын.

Ағымдағы қыстың өткен кезеңінде облыстың көлік магистральдарында қиындықтар туындаған жоқ.

Халыққа ақпаратты жедел жеткізу мақсатында құлақтандырудың локальді жүйелерімен 2017 жылы 43 мың 155 адамды қамтумен 43 елді мекен қамтылды. Жалпы облыс бойынша  жалпы 168 мың 50 адамды қамтумен 155 елді мекен ҚЛЖ қамтылды, бұл облыстың барлық елді мекендерінің 69% құрайды. 2018 жылы 23 мың 478 адамды қамтумен 36 елді мекенді қамтамасыз ету жоспарланған.

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан тікұшақты ұшыру кезіндегі аварияларға шұғыл ден қою үшін облыстың азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі күштері мен құралдарының жедел әзірлігі қамтамасыз етілді. ( өткен кезеңде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 12 ұшу жүзеге асырылды).

Өзара ынтымақтастық шеңберінде Ресейдің ТЖМ Новосібір, Омбы облыстары және Алтай өлкесінің бас басқармаларымен шекаралық оқулар және штабтық оқу-жаттығулар жүргізілді.

Балалар және жастар арасында құтқарушы мен өрт сөндірушінің мамандығын көпке таныс ету, оқушыларда төтенше жағдайлар кезіндегі өзін қауіпсіз ұстау дағдыларын қалыптастыру мақсатында  «Жас құтқарушы» жасақтарының облыстық жарыстары өткізілді, қатысушылар жастар арасындағы Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша чемпионатына қатысып, 3 орынды иеленді.

 

Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау-профилактикалық қызметі

Бір жыл ішінде өңірде 938 өрт болды (2016 жылы 1026 өрт, 8,6% төмендеді ), материалдық нұқсан 120 млн. 870 мың теңгені құрайды (2016 жылы – 123 млн.  739 мың теңге, 2,3% төмендеді), өрт кезінде  25 адам қаза тапты (соның ішінде 4 бала) (2016 жылы -31/3  адам, 19,3 %), 34 адам жарақаттанды (6 бала) (2016 жылы – 28/5 адам, 17,6 % көбейді).

Анықтама ретінде: Өрт туындауының негізгі себептері: халықтың отпен абайсыз болуы -475 оқиға, электр құралдарын монтаждау және техникалық пайдалану қағидаларын бұзу – 202, қасақана өртеу – 51 оқиға, пештерді орнату және пайдалану кезінде ӨҚЕ бұзу -110, найзағайдың тура соғуы немесе олардың екінші ықпал етуі – 62, тұрмыстық электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің ережелерін (бұдан әрі – ӨҚЕ) бұзу -7.

2017 жылы тұрғын үй секторында 623 өрт тіркелді, ол жалпы санынан  66,4 % құрайды, олардан болған материалдық нұқсан – 55 млн. 684 мың теңгені құрайды, өрт кезінде үйде 23 адам қаза тапты, соның ішінде 3 бала, 30 адам жарақат алды. Жүргізілген талдауға сәйкес өрт саны 2016 жылмен салыстырғанда 12 % төмендеді (2016 жылы 708 өрт тіркелді), адам өлімі 15 % төмендеді, (2016 ж. -27 оқиға, соның ішінде 3 бала), адамдардың жарақаттануы 23 % көбейді (2016 ж. -23 оқиға), нұқсан 2 % төмендеді (2016 ж. -56 млн. 758 мың теңге).

Облыста бақылаудағы 5 мың 681 объекті қызмет етеді – олардың  1 мың 388 тәуекелі жоғары деңгейдегі объекті (24%).

1 мың 499 объекті тексерілді (2016 ж. -1700), 12 % азайды, олардың 948 объектісі ерекше тәртіпте тексерілді (2016 ж. -1149)17 % төмендеді, жоспардан тыс 551 объекті (2016 ж. -551). Тексерістердің  графиктерін орындау 91,5 % құрады.

Анықтама ретінде: Ерекше тәртіптегі тексерістердің төмендеу себебі – 2016 жылы 311 объектіде өрт қауіпсіздігінің ережелерін бұзу айқындалған жоқ, 29 объектіде өрт аудиті өткізілді, 10 объекті шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жатады, олар тіркелгеннен бері үш жыл өткен жоқ, 3 объектінің қызметі тоқтатылған (Жаңабірлік, Маркатаев, Жамбыл ММ, Железин ауданының БМ). 

87 объекті тексерілген жоқ, олардың 23 объектісінде өрт аудиті жүргізілді, объективті себептер бойынша 59 объекті тексерілмеді (субъектінің қайта құрылуы, жалға алу келісімшартының бұзылуы, объектінің жойылуы).  Объективсіз себептер бойынша тексерілмеген объектілер бойынша қызметтік тергеу жүргізілді, айыпты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 2017 жылғы 17 тамыздағы № 49 бұйрық (5 объекті).

Тексеру кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларынының 2 мың 955  (2016 ж. -6315)  бұзушылығы айқындалды, өткен жылдың көрсеткішінен 53 % аз.

861 субъекті әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 668 тұлға 22 млн. 945 мың 292 теңге сомасына (2016 ж.-барлығы  29 млн. 047мың  41 теңге сомасына  1312  айыппұлға) тартылды;

-  590 әкімшілік айыппұл 20 млн. 913  мың 399 теңгеге (2016 ж. – 853,  22 млн. 65 мың 329 теңгеге)   өндірілді;

-  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 3-бөлімі 462-бабы бойынша 70 әкімшілік хаттама толтырылды, әкімшілік сотпен 58 іс қаралды, барлықтары бойынша  19 млн. 322 мың 804 теңге жалпы сомасына айыппұл салынды.

-  экономикалық сотқа объектінің қызметін тоқтатуға 1 талап арыз жіберілді.

Павлодар облысының аумағында 23 өрт сөндіру бекеті құрылды, соның ішінде 2017 жылғы қараша айында Ақсу өңірінде өрт сөндіру бекеті құрылды, қызмет көрсету аймағында халқының жалпы саны 3 мың 514 адам жеті елді мекені орналасқан (Путь Ильича а, Еңбек а, Құркөл а, М. Омаров атындағы а, Сырлықала а, Дөнентаев а, Көктерек а).

Павлодар облысының аумағында саны 2 мың 544 адам, тиісті жабдықталуы бар ерікті өртке қарсы құралымдары құрылды. 2017 жылы ЕӨҚҚ өздігінен, мемлекеттік өртке қарсы қызметнің күштері мен құралдарын тартусыз жалпы дала өртенулерінің 51,5  % жойды (194 –тен 100), ал өрт сөндіру бекеттерімен 101 шығу жасалды, олардың ішінде 40 шығуда мемлекеттік өртке қарсы қызметінің күштері мен құралдарын тартусыз, өздігінен сөндірді немесе 39,6 %.

  • БАҚ жұмыс

             Халық арасында үгіттеу және профилактиканы жүргізу мақсатында БАҚ-да 4 мың 338 сөз сөйлеу жүргізілді, бұл 2016 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 11,7% көп ( 3882). Облыстың Ішкі саясат басқармасының қолдауымен мемлекеттік тапсырыс бойынша «Қазақстан-Павлодар» облыстық телеарнасында «Эфир 112» ведомстволық телебағдарламасының шығуы ұйымдастырылды. Бағдарлама апта сайын жұма күндері эфирлік уақыты 10 минутқа шығып отырады. Жалпы 48 бағдарлама шықты. Департаменттің «Павлодарский спасатель» ведомстволық газеті түрлі-түсті нұсқада 6 номері жарияланады. 900

             2009 жылдан бастап Департаменттің сайты қызмет етеді, осы жылы 708 материал орналастырылды.

            

Анықтама ретінде: Жалпы телеарнада – 303 (2016 ж. -212), +42,9 %, соның ішінде республикалық арнада -75, облыстықта -228. 27 бағдарламаларға қатысты.

-  басылымдарда  1054 (2016 ж. -897) +17,5 %,

-  ақпараттық агенттіктерде – 551 (2016 ж. -527) +4,5 %,

-  радио эфирде – 310 (2016 ж. -278) +11,5  %,

-  дауыс зорайтқыш құралы бойынша – 1093 (2016 ж. -1068) +2,3  %,

-  ведомстволық интернет-ресурста -1027 (2016 ж. -900) +14,1  %.

 

Әзірленді және шығарылды:

-  47 үгіттеу материалдары (2016 ж. -76) - 38%, тираж 94488 дана (2016 ж. -127819) - 26 %.

-  ТЖ әрекеттері бойынша 578 ақпараттық-анықтамалық стенділер ресімделді (2016 ж. -558)+3,5 %.

-  8 билборд орналастырылды (2016 ж. -4) 2 есе көбейген.

(Әдістемелік құралдар әзірленген жоқ (2016 ж. -4, тиражы 1550).

 

 Халықпен:              

-   83833 (2016 ж. 76448) + 9,6%, адамды қамтумен 5 мың 500 дәріс (2016 ж. -4952) + 11,0 %;

-   30216 (2016 ж. -29072) +3,9 % адамды қамтумен 6 мың 571 нұсқаулық (2016 ж. 3287)+99,9%.

-   65 мың 200  (2016 ж. -59524) +9,5%адамды қамтумен 3 мың 264 (2016 ж. -2479)+31,6 % жиын;

-   125 мың 713 (2016 ж. -125406) -0,2 % адамды қамтумен 58 мың 350 тұрғын үй секторлдарының ауласын аралау;

-   2105 (2016 ж. -1864)+12,9 % адамды қамтумен әлеуметтік осал топтар бойынша 875 рейд (2016 ж. -488) +79,3% ұйымдастырылып жүргізілді.

 

Жергілікті бюджет есебінен материалдық-техникалық

 базаны жақсарту

 

Құтқару бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 2017 жылы жергілікті бюджеттен 362 млн. 700 мың теңге мөлшеріндегі қаражат (2016 ж. -25 млн. 941, 0 мың теңге) бөлінді. 355 млн. 463 мың 400 теңге – 98 % игерілді.

 

Анықтама ретінде: 7 236,6 мың теңге сомасындағы қалдық «Қазәуеқұтқару» АҚ келісімшарты бойынша тікұшақтың ұшу графигі өзгеруіне байланысты пайда болды, өйткені 7 150, 9 мың теңге сомасын желтоқсан айында пайдалану қажеттілігі болған жоқ.

Мемлекеттік сатып алу сомасындағы үнемдеу – 85,7 мың теңге. 7 бірлік техника сатып алынды, соның ішінде:

Жүк тиегіш-экскаватор 16 млн. 576 мың теңге сомасына;Бульдозер -32 млн. 480 мың теңге сомасына;Қайық – 2 бірлік – 1 млн. 047 мың 200 теңге әр қайсысы;Қар тазалағыш – 2 бірлік, 48 млн. 547 мың 788 және 54 млн. 285 мың  280 теңгеге;

 АКП-50 иінді өрт сөндіру автокөтергіші – 161 000,0 мың теңге сомасына   1 бірлік

Қосалқы құралдар:

Ауыр жүкті тасығыш жартылай тіркегіш -350 мың теңге;

Айырғыш -3 бірлік 2млн 532 мың теңге;

Инженерлік авариялық-құтқару құралдары 3 жиынтық – 12 млн 432 мың теңге сомасына.

 

Тактикалық желілікті синхрондау  құралы – 676 мың 785 теңге

Конференциябайланыс жүйесі -652 мың теңге сомасына;

Тоқтаусыз қоректендіру көзі -496 мың теңге.

 

Ұйымдастыру техникасы:

Жиынтықтағы компьютерлер – жалпы сомасы 984 мың 400 теңгеге  11 бірлік;

Көп функционалды құрал – 112 мың теңге.

 

         «Облыстық көлемдегі ТЖ алдын алу және жою» 004 бағдарламасы бойынша – әуе көлігінің қызметін сатып алу үшін – 29 млн 95 мың теңге бөлінді  (тікұшақ, 38 сағат ұшу, 27 сағаты пайдаланылды), ғарыш мониторингісінің қызметі, (3 млн 276 мың теңге) Парус бағдарламалық қамтамасыз етудің қызметі (419,6 мың теңге).

 

         2018 жылға құтқару бөлімшелері үшін техника мен құралдарды сатып алу үшін 116 млн. 488 мың теңге сомасына ақшалай қаражат бөлінді.

 

         Анықтама ретінде: ТРЭКОЛ қар-батпақтан жүргіш – 27 млн. 850 мың теңге сомасына;

         УАЗ базасындағы 9 автомобиль (фермер) 49 млн. 320 мың теңге сомасына;

         Гидравликалық авариялық-құтқару құралы – (ГАСИ) – 12 млн. 432 мың теңге сомасына.

         Жүк тікұшағының қызметіне («Қазәуеқұтқару» АҚ) 26 сағатқа 26 млн. 886 мың теңге бөлінді.

 

         2018-2020 жылдарға шығындар лимиті анықталды: олар,  2018 жылға 30 млн. 931 мың теңгені, 2019 жылға 32 млн. 477 мың теңгені, 2020 жылға 33 млн. 776 мың теңгені құрады.

 

Штаттық саны туралы мәлімет

 

ТЖД штаттық саны 969 бірлікті құрайды, оның ішінде:

ТЖД – 148 бірлік (әскери қызметшілер -16, азаматтық қорғау органы – 102, полиция -1, әкімшілік мемлекеттік қызметші -28, азаматтық қызметші -1), соның ішінде басшы құрам -110 бірлік, қатардағы құрам – 9 бірлік;

«ӨСжАҚЖҚ» ММ – 723 бірлік (азаматтық қорғау органы – 684, әкімшілік мемлекеттік қызметші -39), соның ішінде басшы құрам -131 бірлік, қатардағы құрам – 553 бірлік;

«ЖҚЖ» ММ – 98 бірлік (азаматтық қызметші -98);

 

Бір жыл ішінде қызметкер – 21 қызметкер қабылданды.

 

Гарнизон бойынша кадрлардың жетіспеушілігі 140 бірлікті  (14 %) құрайды.

Анықтама ретінде: жетіспеушілік  АҚО -130, (93%), (ТЖД -19, «ӨСжАҚЖҚ» ММ -111), соның ішінде басшы құрам – 41 (31  %) (ТЖД -17,ӨСжАҚЖҚ ММ – 24), қатардағы – 89 (69%), (ТЖД -2, ӨСжАҚЖҚ ММ -87), ӘҚ -3 (2%), МҚА -4 (3%), АҚ -3 (2%), (ӨСжАҚЖҚ ММ – 2, ЖҚЖ -1).

 

        

Заңдылық жай-күйі

 

Ағымдағы жылы гарнизонның жеке құрамымен ауқымды тәрбие жұмысы жүргізілді. 127 іс-шара іске асырылды (НұрОтан партиясымен 75 дөңгелек үстел, 52 іс-шара, өткен ылы 33 және 28) және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа 108 мақала жарияланды. Бірақ, барлық қабылданған шараларға қармастан сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықты жасаудың 2 фактісі тіркелді.

Анықтама ретінде:ағымдағы жылдың 30 наурызында санкцияланған жасырын тергеу әрекеттерінің барысында ТЖД өзіндік қауіпсіздік тобы, ІІД ӨҚБ және облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ӨҚТ қызметкерлері «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығы азаматтық қорғау полковнигі Б.М. Көшкеевті 360 литр көлеміндегі жанар-жағармайға талонды  алуы кезінде ұстады. Осы факті бойынша Департаменттің өзіндік қауіпсіздік тобы қызметтік тергеу жүргізілді, оның қорытындысы бойынша ТЖД 2017 жылғы 24 сәуірдегі «Жазалау туралы»  № 23 бұйрығымен (қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны және құқық қорғау органына нұқсан келтіретін теріс қылық жасағаны үшін) ішкі істер органдарынан босатылды. Қазіргі кезде қылмыстық іс әрекетіне өкінуіне байланысты тоқтатылды.

2017 жылғы 5 сәуірде Екібастұз қ. Төтенше жағдайлар басқармасы өртті мемлекеттік бақылау бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Рустам Бахытханұлы Нұрмакин пара алу кезінде ұсталынды. Екібастұз қаласының соты   Р.Б. Нұрмакинді айыпты деп танып, жеке мүлігін тәркілеумен, мемлекеттік лауазымды атқару құқығынан  өмір бойы айырумен  3000000 теңге  мөлшеріндегі айыппұл түріндегі жазаны тағайындады. Екібастұз қ. сотында және Павлодар қ.  № 2 сотында Павлодар облысы ТЖД қызметкерлерінің қатысуымен бейнебайланыс режиміндегі көшпелі сот отырысы ұйымдастырылды.  

Р.Б. Нұрмакин Департаменттің 2017 жылғы 13 маусымдағы № 151 ж/қ бұйрығымен, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы  80-бабының 1-тармағы, 15) тармақшасы бойынша ішкі істер органдарынан босатылды (қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау өкімінің заңды күшіне енуі).Екібастұз қ. ТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А.Ш. Қажыбеков «Толық емес қызметтік сәйкестігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Тәртіптік жауапкершілікке 87 қызметкер тартылды (2016 ж. -185), олардың ішінде 77 –аттестатталған қызметкер (2016 ж. -166), (ТЖД -38 (48), «ӨСжАҚЖҚ» ММ -39 (118), азаматтық -10 (2016 ж. -19)-(ТЖД -0 (2), «ӨСжАҚЖҚ» ММ -4 (2), ЖҚЖ -6 (15).

 Жағымсыз себептері бойынша 6 (2016 ж. -7) қызметкер жұмыстан босатылды, олардың ішінде АҚО -5 (6) (ТЖД -3) (1), «ӨСжАҚЖҚ» ММ -2 (5) және АҚ -1 (1) (ЖҚЖ).

 

Анықтама ретінде: Жағымсыз жағдайлар бойынша – «ӨСжАҚЖҚ» ММ – Б.М. Көшкеев, Екібастұз қ. ТЖБ – Р.Б. Нұрмакин сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары бойынша, құтқарушы Смайылов А.К. – Ақсу қ. жол-көлік оқиғасы бойынша, Баянауыл ауданы ТЖ бөлімі – Жиенбаев А.Е. – жұмысқа себепсіз шықпауы, БҚДҚБ – Е.Ж. Садвакасов – мас күйінде көлік құралын жүргізуі, «ӨСжАҚЖҚ» ММ № 33 өрт сөндіру бөлімі – Байтенов А.Р. – адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы.

 

Баяндама аяқталды, назарларыңызға рахмет!

 

 

 

 

Система Orphus