Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
421
718
802275

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментініңбастығы Абай Асқарұлы Темірбаевтың «2018 жылдың 1 тоқсанына жедел-қызметтік іс-әрекетінің қорытындысы туралы» баяндамасы

 

Есептік кезеңде Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінде 34 (2017 ж.-18 +1,8 есе) табиғи және техногендік сипаттағы (оқиғаларды есепке алмағанда) тіркелген. 45 адам зардап шекті (2017 ж. -27 адам+1,7 есе) олардың ішінде 19 адам қаза тапты (2017 ж. -7 адам, +2,7 есе).

 

         Техногендік сипаттағы ТЖ – 33 (2017 ж. -18, +1,8 есе), онда  44 адам зардап шекті (2017 -27, +1,6 есе), олардың ішінде -19 қаза тапты (2017 ж. -7, +2,7 есе):

         -31 (2017 ж. -16) өндірістік және тұрмыстық өрттер, жарылыстар, жазатайым оқиғалар;

         -1 (2017 ж. -2)  теміржол көлігіндегі авария;

         - 1 (2017 ж. -0) өндірістік авария;

         Табиғи сипаттағы ТЖ -1 (2017 ж. -0, +100%), онда 1 адам қаза тапты (2017 ж. -0, +100%), қаза тапқандар жоқ.

         -1 (2017 ж. -0) гидрометеорологиялық құбылыс (қатты жел).

Анықтама ретінде: төтенше жағдайлардың көбеюінің негізгі себептері – бұл пештер мен мұржаларды пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігінің қағидаларын бұзу, тұрғындардың отпен абайсыз болуы (мас күйлерінде темекі шегу).

Өрт кезінде зардап шеккендердің барлығы әлеуметтік әлсіз жіктеріндегі, жұмыс істемей, бейәлеуметтік өмір салтын ұстанатындардың тұрғын үйлерінде тіркелген.

 

Ведомстволық бағынысты бөлімшелермен 667 шығу жүзеге асырылған (2017 ж. -549, 22 %  көбейген), 59 адам құтқарылған               (2017 ж. -25, +2,4 есе), 267 адам құтқарылды (2017 ж. -229, + 17 %),   4 зардап шеккенге дәрігерге дейінгі көмек көрсетілді (2017 ж. -9, 56 % азайған).

165 авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыс (2017 ж. -75), олардың ішінде:

-      130 (2017 ж. –28, +4,6 есе) тұрмыстық сипаттағы;

-      31 (2017 ж. -39) авариялық-құтқару жұмыстары;

-      1 (2017 ж. -4) іздестіру-құтқару жұмыстары;

-      3 (2017 ж. -4) жол-көлік оқиғалары.

 

2018 жылдың қысқы кезеңінде автомобиль жолдарында  17 (2017 жылы -36) рет барлық көлік түрлері үшін әр түрлі бағыттары бойынша автомобиль жолдарындағы қозғалыстарына шектеу (жабу) енгізілді. Негізгі себеп – ауа-райының жайсыз жағдайлары – көктайғақ, боран. Халықты құлақтандыру үшін ақпарат ұялы байланыс операторларына СМС хабарламаларды тарату үшін жіберілді, сондай-ақ сапаржайлар, қалалар және аудандардың әкімдіктері және басқадай мүдделі ұйымдар ақпаратталды.

38 (20) автокөлік құралдары эвакуацияланды (автокөлікті эвакуациялау себебі – көлік құралдарының ақауы,  қарлы бұрқасын).

 Азаматтық қорғаныс саласы бойынша

-      690 адам оқытылды (2017 ж. -535), 22,5% көбейген.

-      Павлодар облысы ТЖД-де -122 адам (жоспар бойынша -82).

-      жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері -7, (жоспар бойынша -6);

-      «Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы» ЖШС-да Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері -2, (жоспар бойынша-2);

-      Павлодар облысы ІІД қызметкерлері -2 (жоспар бойынша-2);

-      әр түрлі ұйымдарға өтініштер бойынша шығу (негіздеме ТЖК 2017 жылғы 10 қаңтардағы № 29-5-1/64 –И нұсқауы) -557 адам. 

Департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен жергілікті атқарушы органдармен, АҚ құралымдарымен бірлесіп:

-   3 кешенді оқулар (2017 ж. -0);

-   87 объектілік жаттығулар (2017 ж. -42);

-   64 командалық-штабтық оқулар (2017 ж. -70);

-   авариялық жағдайлар бойынша 216 жаттығу (2017 ж. -159);

-   28 арнайы-тактикалық оқулар (2017 ж. -20).

2018 жылы 1 тоқсанға 20 объектіге қатысты ішінара тексерістер жоспарланды (ЖАО-2 объекті, облыстық, қалалық және аудандық қызметтері -15, 3-санатталған объекті), олардың ішінде 11 объекті тексерілді.

Анықтама ретінде: жүргізілген ішінара тексерістердің нәтижелері бойынша заңды тұлғаларға 11 әкімшілік хаттама толтырылды және 601 250 теңге жалпы сомасына ақшалай айыппұл түріндегі 9 әкімшілік жаза салынды, оның ішінде 6 айыппұл                 (420 875 теңге), 3 айыппұлды төлеу мерзімі жеткен жоқ.

Облыс әкімінің қала сыртындағы қосалқы басқару пунктін дайындыққа келтіру үшін ағымдағы жылы 15,6 млн. теңге бөлінді               (10 млн. теңге ағымды жөндеу жүргізуге, сыртқы қабырғалар, терезелердің жөндеуі, өтетін жерді жөндеу – қабырғаларды сылау, линолеумді, әкімшілік ғимараттың плинтустарды ауыстыру), 5,6 млн. теңгеге қала сыртындағы қосалқы басқару пунктінің ғимаратын күрделу жөндеуге ЖСҚ.

Әзірленген ЖСҚ сәйкес және 2017 жылғы 22 маусымдағы  №16-0143/17 өткен мемлекеттік сараптамасына сәйкес қала сыртындағы қосалқы басқару пунктінің күрделі жөндеуін жүргізу бойынша жұмыстарының жалпы сомасы 174 242 164 мың теңгені құрайды. 2018 жылы бастапқы кезекті жұмыстарын кезең-кезеңмен қаржыландыру мақсатында жоғарыда көрсетілген сомадан жергілікті атқарушы органдармен 90 975 000 мың теңге бөлінді. Жөндеу бойынша жұмыстар «Связь деталь» ЖШС мердігерлік ұйымымен басталды. Осы сомаға жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың маусым айында аяқталады.

Павлодар облысы әкімінің бар жұмылдыру қоры қалалар мен аудандардың шаруашылық объектілерінің қоймаларында, сондай-ақ Павлодар қ. мен Павлодар ауданының Рождественка ауылындағы негізгі қоймаларда сақталуда.

Павлодар облыстық мәслихатының 2017 жылғы   14 желтоқсандағы №178/18 шешімімен 2016-2020 жылдарға арналған Павлодар облысының аумағын дамыту бағдарламасына  (бұдан әрі –АДБ) «Қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртібі» 3 бағыты бойынша өзгерістер енгізілді, 2018 жылы облыстық бюджеттен -3,2 млн. теңге, 2019 жылы -3,3 млн. теңге және 2020 жылы-3,5 млн. теңге бөлумен «ЖҚҚ сатып алу» іс-шарасы енгізілді. Қазіргі уақытта 2018 жылы 3 180 000 теңге сомасына - 86 газтұмша  сатып алынды.

 ТЖ алдын алу және жою саласы бойынша

 Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қызметтің тиімділігін арттыру үшін Департаментпен іс-шаралар кешені жүргізілді.

ТЖ алдын алу және жою жөніндегі аумақтық комиссиясының жұмысы ұйымдастырылды, ол бекітілген жоспарларға сәйкес жүргізілуде. Қауіп-қатер каталогтары және Қауіпсіздік паспорттары түзетілді.

Қысқы кезеңде өмір тіршілігін қамту объектілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін ТЖ жөніндегі облыстық комиссиясының төрағасымен қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және қорғау жөніндегі жоспары әзірленіп бекітілді. Облыстың өмір тіршілігін қамту объектілерінде қызмет етудің нормативтік мерзімін өтеп болған құрал-жабдықтарды ауыстыру және жөндеу жұмыстары бақылады. Өткен кезеңде өмір тіршілігін қамту объектілері мен көлік магистральдарында болған авариялар болмашы және қысқа уақытта жойылып отырды.

Төтенше жағдайлардың туындауын жібермеу және су тасқынынан болған ықтимал нұқсанды барынша азайту мақсатында 2018 жылғы су тасқыны кезеңінің өтуіне дайындалу жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыс ұйымдастырып жүргізілді.

Жағдайды бақылау облыс әкімінің өкімімен құрылған су тасқынына қарсы комиссиямен жүзеге асырылады.

2017 жылдың су тасқыны кезеңін есепке алумен Павлодар облысында ерекше бақылауда 57 елді мекен тұр (тұрғындар саны  4 мың 619 адамы бар 1 мың 65 тұрғын үй), автомобиль жолдарының 42 учаскесі (4, 951 шақырым) және теміржолдың 1 учаскесі   (0,1 шақырым) бар.

Бүгінгі күні облыс бойынша су тасқыны жағдайы тұрақты, елді мекендерді сумен басу қатері жоқ.

«Қазгидромет» болжамы бойынша облыстың аумағында күрт жылыну күтілмейді, күндізгі уақытта температуралық фон түнгі уақытта суық температураны сақтаумен біртіңдеп көтеріледі.   Осы ауа райының жағдайы қар жабындысының бір қалыпты кетуіне жағдай жасайды, облыс бойынша қар биіктігі орташа алғанда 8 см, бұл нормаға сәйкес (2017 ж. -17 см).

Ертіс өзенінің барлық ұзындығы бойынша облыстың шекарасында мұз қатқан, Шүлбі су қоймасынан су жіберілуіне байланысты судың тәулікке 10-15 см. көтерілуі байқалады. Су жіберілген барлық кезеңде ШҚО мен біздің облысымыздың шекарасында су деңгейі болжаммен 1 метрге көтерілген. Күн сайын  19 гидрологиялық бекеті өзеннің мониторингісін жүргізеді («Қазгидромет» 5 тұрақты бекеті, «Павлодар Ландшафтдизайн» ЖШС мердігерлік ұйымымен -14 уақытша бекеті).

Қалалар мен аудандарда қордың - қажетті материалдары 227 тонна ЖЖМ, 220,5 мың тонна инерттік материал (құм, қиыршықтас және т.б.) 52,3 мың қап құрылды.

Автомобиль жолдарының учаскелерін шаюдың алдын алу және  автокөліктің тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ету мақсатында жол қызметтерімен 1 мың 310 су  өткізгіш құбырлары тазартылды, бұл жалпы санынан 100 %.

Анықтама ретінде:

республикалық маңызы бар автожолдарда 591 құбыр;

жергілікті маңызы бар автожолдарда 719 құбыр.

Облыстың ТЖ алдын алу және жоюға жалпы қаржы қоры 1 млрд. 70 млн. теңгені құрайды (2017 ж. -936,5 млн. 2017 жылы -766,9 млн. теңге).

Анықтама ретінде:

-   облыстың төтенше жағдайлар қоры 954,3 млн. теңге  (2017 ж. -455,4 млн.теңге);

-   кезек күттірмейтін шығыстарға қор – 66,2 млн. теңге – (2017 жылы 437,8 млн. теңге);

-   ТЖ алдын алу және жоюға қала және аудан әкімдіктерінің бағдарламасы бойынша -49,5 млн. теңге (2017 жыл -36,1 млн. теңге).

Су тасқыны жағдайын жою үшін күштер мен құралдардың топтамасы анықталды, оның құрамына техниканың 600 бірлігі, 61 жүзу құралы жән 1827 адам кірді.

Анықтама ретінде: ҚР ІІМ 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 63 бұйрығына сәйкес жағдай күрделенген кезде техниканың 41 бірлігі, жүзу құралының 11 бірлігі және 273 адам санындағы басқа өңірлерден күштер мен құралдар қосымша келеді (СҚО, ШҚО, Ақмола және Қарағанды облыстары).

Жылдың басынан бастап тұрғындармен профилактикалық жұмыс жүргізіледі, БАҚ-та 156 сөз сөйлеу, 119 жиын, 183 рейд жүргізілді, 181 елді мекен, 23 мың азамат қамтылды.

Тұрақты негізде облыс аумағында географиялық орналасуы мен табиғатына қарамастан ықтимал қатерлерді анықтаумен жағдайға мониторинг жүргізіледі, қандай да бір қатер айқындалған кезде тиісті шешімдерді жедел қабылдау үшін облыстың әкімдіктері мен мүдделі органдар мүдіртпей құлақтандырылады.

 Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау-профилактикалық қызмет

2018 жылдың 1 тоқсанында өңірде 163 өрт болды (2017 жылы -112 өрт) 31 % көбейді, олардан болған материалдық шығын 19 млн. 417 мың теңгені құрайды (2017 жылы -12 млн. 390 мың теңге) 36 % көбейді.

Өрт кезінде 12 адам қаза тапты, олардың 1 бала (2017 ж. -7 адам) 42 % көбейді, 11 адам жарақаттанды (2017 жылы -10 адам) 9 % көбейді.

Өрт туындауының негізгі себептері: тұрғындардың отпен абайсыз болуы – 54 оқиға (2017 ж. -38 оқиға), монтаж және электр құралдарын техникалық пайдалану ережелерін бұзу -46 оқиға (2017 ж. -35), пешті орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің қағидаларын бұзу -48 оқиға (2017 ж. -32), бөтен адамның мүлкін қасақана жою -  4 оқиға (2017 жылы -3 оқиға).

Өрт кезінде зардап шеккендердің барлығы әлеуметтік әлсіз жіктеріндегі бейәлеуметтік өмір салтын ұстанатындардың, жұмыс істемейтін (7 адам), зейнеткерлер (4 адам), мектепке дейінгі жастағы балалар (1) тұратын тұрғын үйлерінде тіркелген. Сот-медициналық сараптамасына сәйкес қаза тапқан 12 адамның ішінде 8 адамның қанында алкоголь табылған.

Анықтама ретінде: 12 жағдайдан 7 бойынша азаматтық қорғау қызметкерлері аула аралаған, 3 мекенжай бойынша ПИК төрағаларымен бірлесіп жиналыстар өткізген.

Анықтама ретінде:

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында тұрғын үй секторында 121 өрт тіркелді, олардың жалпы санынан бұл 74 % құрайды,олардан болған материалдық шығын 9 млн. 714 мың теңгені құрайды, өрт кезінде тұрғын үйлерде 12 адам қаза тапты, олардың 1 бала, 11 адам жарақат алды.

Анықтама ретінде:  2017 жылы 85 өрт тіркелді, 30 % көбейген, 6 адам қаза тапты, 50 % көбейген, 10 адам жарақат алды, 9 % көбейген, өрттен болған шығын 4 млн. 150 мың теңгені құрайды, 56 % көбейген.

2018 жылдың өткен кезеңінде тұрғын үй секторындағы пеш жылуынан улы газбен уланудың 10  оқиғасы тіркелді, олардың ішінде 2- улы газдан қаза тапқандар және 8 жарақаттанғандар, соның ішінде 4 бала.

Анықтама ретінде: 2017 жылы – жарақаттанудың 9 оқиғасы тіркелді, соның ішінде 5 бала, улы газдан адамдардың улануы тіркелген жоқ.

2018 жылдың 1 тоқсанында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері бұқаралық ақпарат құралдарында 676 материал жарияланды (2017 ж.-458 материал), 32 % көбейді, соның ішінде телеарнада 28 сөз сөйлеу жүргізілді (2017 жылы -21 сөз сөйлеу), 25 % көбейген, радиоэфирде 85 сөз сөйлеу жүргізілді, дауысты зорайтқыш жүйесі арқылы 340 сөз сөйлеу жүргізілді (2017 жылы -172 басылым)  23 % көбейген.

Өткен кезеңде тұрғын үй секторында 47 мың 223 аула аралау жүргізілді, оның барысында 106 мың 411 адам оқытылды (2017 жылы – 34053 адамды қамтумен 15919 ауланы аралау).

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 169 жиын өткізілді, оның барысында 3 мың 965 адам оқытылды (2017 жылы – 6864 адамды қамтумен 206 жиын өткізілді).

Полиция қызметкерлерімен бірлесіп бейәлуеттік топ тәуекеліндегі тұлғалардың тұратын орындары бойынша 1 мың 157 рейд жүргізілді, 4 мың 710 адам оқытылды (2017 жылдың ұқсас кезеңінде 124 рейд жүргізілді, 524 адам оқытылды).

Мемлекеттік өрт бақылау саласында 281 объектісінің тексерісі өткізілді (2017 ж. -187), 33 % көбейді, олардың ішінде ерекше тәртіпте 216 объекті тексерілді (2017 ж. -55, 3,9 есе көбейген), жоспарлдан тыс -65 объекті, (2017 ж. -132) 2 есе азайған.

2018 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік өрт бақылау саласында тәуекелі жоғары деңгейдегі -664 объекті жоспарланған.

Бірінші тоқсанда тәуекелі жоғары деңгейде жоспарланған 239 объектінің 216 объектісі ерекше тәртіп бойынша жоспарланған.

Анықтама ретінде:есептік кезеңде «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының жаңа кодексіне өзгерістер енгізілуі себебі бойынша23 объекті, сондай-ақ 2017 жылғы 25 желтоқсанда хабарланған, қаңтар айына жоспарланған объектілер, Бас прокуратурасының ресми сайтында жарияланғаннан кейін тексеріспен қамтылған жоқ. Бүгінгі күні барлық объектілер тексерілген.

Өрт қауіпсіздігінің 701 бұзушылығы айқындалды, әкімшілік жауапкершілікке 223 жеке және заңды тұлға тартылды, олардың ішінде 116 тұлғаға  2 млн. 322 мың 068 теңге сомасына айыппұл тағылды, ескерту -107 (2017 ж. –барлығы 84, 1 млн. 21 мың 54 теңге сомасына). 1 млн. 346 мың 832 теңге сомасына 72 әкімшілік айыппұл өндіріліп алынды (2017 ж. -25, 415 мың 230 теңге сомасына).

Ұсынылған іс-шаралар (ұйғарымдамалар) орындалмағаны үшін сот органдарына ҚР ӘҚтК 3-бөлімі 462-бабы бойынша 8 әкімшілік материал жіберілді, олардың ішінде 2 млн. 212 мың 600 теңге сомасына 3 әкімшілік айыппұшл тағылды.

Ауданаралық экономикалық сотына объектінің қызметін тоқтатуға 2 талап арызы жіберілді, олардың біреуі Департамент пайдасына қарай қанағаттандырылды, екінші қарастырылуда.

 БАҚ бойынша жұмыс

Халық арасында насихаттау және алдын алу жұмысын жүргізу үшін БАҚ арқылы 1 мың 342 сөз сөйлеу жүргізілді, бұл (2017 жылдың ұқсас кезеңінен қарағанда – 1335) 0,95 %  аз.

Анықтама ретінде: Жалпы телеарнада -59 (2017 ж. -66) -10 %, соның ішінде республикалық арналарда – 12, облыстықта -34. 13 бағдарламаға қатысты.

-баспа басылымдарында -225 (2017 ж. -322)-30%;

- ақпараттық агенттіктерде -198 (2017 ж. -204) -2,9 %;

- радиоэфирде -171 (2017 ж. -55)+ 3 есе;

-дауыс зорайтқыш құралы бойынша -435 (2017 ж. -450) -3,3 %

- ведомстволық интернет-ресурсында -254 (2017 ж. -258) -1,5 %

Әзірленді және шығарылды:

-   19 үгіттеу материалы (2017 ж. -17), +11,7 %, таралымы 8950 дана (2017 ж. -8473) +5,6%.

-    ТЖ іс-әрекеттері бойынша 121 ақпараттық-анықтамалық стенді ресімделді (2017 ж. -135)-10,3  %.

-   4 баннер орнатылды (2017 ж. -0), 4 есе көбейген.

Халықпен ұйымдастырылып жүргізілді:

-     7055 адамды (2017 ж. -7825) -9,8 %, қамтумен 405 дәріс (2017 ж. -384) +5,4 %

-    

- 7180 адамды (2017 ж. -6182) +16,1%, қамтумен 530 нұсқаулық (2017 ж. -482)+9,9 %;

- 4 мың 255 адамды (2017 ж. -11570) -63,2% қамтумен, 171 жиын (2017 ж. -370)-53,7%

- 106 мың 411 адамды қамтумен (2017 ж. -71667) 3 есе көбейген, тұрғын үй секторының 47  мың 223 ауласын аралау жүргізілді (2017 ж. -29952) 2 есе көбейген.

- 4470 адамды қамтумен (2017 ж. -524) бейәлеуметтік тәуекел топтары бойынша 1157 рейд (2017 ж. -124) 9 есе көбейген.

 

Жергілікті бюджет есебінен материалық -техникалық базаны жақсарту

 

Құтқару бөлімшелерінің материалық-техникалық базасын жақсарту мақсатында 2018 жылы жергілікті бюджетінен 120 млн. 533 мың теңге мөлшерінде (2017 жылы -362 млн. 700,0 мың теңге) қаражат бөлінді, соның ішінде «Аумақтық органның күрделі жөндеуі» 002 бағдарламасы бойынша – 89 млн. 602 мың теңге.

2018 жылдың 1 тоқсанына 30 млн. 931 мың теңге бөлінді, 30 млн. 517,8 мың теңге немесе 98,7 % игерілді.

Анықтама ретінде: сомадағы қалдық -413,6 мың теңге, мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу.

«Облыстық масштабтағы ТЖ алдын алу және жою» 004 бағдарламасы бойынша 30 млн. 931 мың теңге бөлінді, соның ішінде: әуе көлігінің қызметін сатып алу үшін 26 млн. 886 мың теңге бөлінді (жүк тік ұшағын жалға алу, жылына 26 сағат ұшу) ғарыштық мониторинг  қызметі – 3 млн. 506 мың теңге, ПАРУС бағдарламалық қамтамасыз етуі – 539 мың теңге.

2018 жылы құтқару бөлімшелеріне құрал, техника сатып алу үшін 89 млн. 602 мың теңге сомасына ақшалай қаражат бөлінді.

Анықтама ретінде: ТРЭКОЛ жол талғамайтын қарбатпақта жүргіш 27 млн. 850 мың теңге сомасына;

УАЗ базасындағы 9 автокөлік (фермер) 49 млн. 320 мың теңге сомасына;

Гидравликалық авариялық-құтқару құралы (ГАҚҚ) 12 млн. 432 мың сомасына.

2018-2020 жылдарға шығыс лимиті анықталды, олар 2018 жылға 30 млн. 931 мың теңгені, 2019 жылға 32 млн. 477 мың теңгені,    2020 жылға 33 млн. 776 мың теңгені құрайды.

Штаттық саны туралы мәліметтер

ТЖД штаттық саны 871 бірлікті құрайды (ӘҚ -16, АҚО-786, ІІО-1, АҚА-28, АҚ-40), соның ішінде басшы құрам -241 бірлік, қатардағы құрам -562 бірлік (ЖҚЖ есепке алғанда -98 бірлік, АҚ –штаттық саны 969 бірлік).

ТЖД бойынша кадрлардың жетіспеушілігі -124 бірлік (14,2%), олардың ішінде ӘҚ -3, ҚАҚ-113, АҚА-4, АҚ-4, соның ішінде басшы құрам -43 (9,8%), қатардағы -73 (6,2 %) (ЖҚЖ есепке алғанда – 5 бірлік жетіспеушілік, жалпы жетіспеушілік 129 бірлік (13,1 %).

Заңдылық жай-күйі

2018 жылдың 1 сәуіріне қызметкерлердің мас күйінде автокөлік құралдарын жүргізу фактілері тіркелген жоқ – 0 (2017 ж.-0).

Тәртіптік жауапкершілікке 26 қызметкер тартылды, олардың 11-ТЖД, 15-«ӨСжАҚЖҚ» ММ (2017 ж. -15, олардың ішінде ТЖД-4, «ӨСжАҚЖҚ» ММ -11) қызметкер, олардың ішінде аттестатталған қызметкерлер -18 (2017 ж.-15), әкімшілік мемлекеттік қызметшілер -2 (0), азаматтық -6, олардың ішінде ТЖД -1, «ӨСжАҚЖҚ» ММ -5 (2017 ж. -0).

Теріс қылықтары бойынша -0 (2017 ж. -0) қызметкер.

 

Баяндама аяқталды, назарларыңызға рахмет! 

 

Система Orphus