Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
412
1252
808046

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

2016 жылдың 9-ай ішіндегі Павлодар облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бөлімшелер газ-түтін қорғаушылар қызмет жағдайының аналитикалық шолуы .

ГТҚҚ буыны 768 өртті жоюға қатысты,  ол жалпы өрттерді сөндірудің 25 %  құрады. 177 өрттерде бір ГТҚҚ буыны қатысуымен өрттер жойылды, жалпы бір ГТҚҚ буының жұмыс уақыты 3762 минутты ( 2015 жылы — 212 қосулы, 4660 минутты) құрады.

11 жағдайда  — екі және одан да көп буынның жалпы жұмыс уақыты 960 минут (2015  жылы —  17 қосулы, 789 минутты) құрады. 2015 жылмен салыстырғанда ГТҚҚ бір буынын пайдалану 35 жағдайға азайды, ал ГТҚҚ екі және одан да көп буындарын пайдалану жағдайлары 6 жағдайға азайды. 

Газ-түтін қорғаушылар қызметінің өрттерде бір, екі және одан да көп буындар құрамымен жұмысы туралы мәліметімен және олардың жүргізілген жұмыстарының ұзақтылығы туралы мәліметі №1 кесетеде ұсынылған.

Павлодар облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бөлімшелер газ-түтін қорғаушылар қызметі «ҚР ІІМ ТЖК мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының газ-түтін қорғаушылар қызметін ұйымдастыру бойынша тәлімгерлікке», 2015 жылдың 19 маусымдағы  №163 ҚР ІІМ ТЖК төрағасымен бекітілген бұйрыққа сәйкес ұйымдастырылады. Газ-түтін қоршылардың алғашқы даярлығы «ӨС және АҚЖҚ» ММ кәсіби даярлау мектебінің базасында жүзеге асырылады. Бөлек жағдайларда ММ комиссия мүшесі қатысумен бөлімшелерде сынақ тапсыру арқылы жүргізіледі.

2016 жылдың 1-ші тоқсанында газ-түтін қорғаушылар қызметі бойынша теориялық және тәжірибелік білімдерін бекіту мақсатымен ММ бөлімшелерінің қарауыл бастықтарымен семинарлық сабақтар өткізілді, қатысқандар  саны 22 адам.

Павлодар облысы гарнизонында «ӨС және АҚЖҚ» ММ 22 бөлімшелерінің ішінде 21 газ-түтін қорғаушылар қызметі ұйымдастырылған, оларда ГТҚҚ 3 базасы бар (Павлодар қ., 1-МӨСБ, Екібазтұз қ., 14-МӨСБ және Ақсу қ., 11-ӨСБ) және техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізуге 21 ГТҚҚ бақылау посты бар. Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізу  ГТҚҚ базасында ГТҚҚ аға шеберімен ұйымдастырылады.

Павлодар облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ  321 газ-түтін қорғаушылар қызмет атқарады, гарнизонда сабақтар өткізу үшін 2 түтін камера мен екі от психологиялық сызықтар дайындығы бар, олар:  үтін камерасы мен от психологиялық сызықтар дайындығы Павлодар қаласының Солтүстік ауданын қорғау бойынша 1-МӨСБ және Ақсу қаласын қорғау бойынша 11-ӨСБ бар. 

 Павлодар облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ  қару-жарақтары:

- 134 РА 94 Рlus Basic «Драгер»аппараты мен 444 олардың маскалары;

- 60 аппаратов BD- 96 SL «Ауэр» и 110 масок к ним;

Гарнизонда тексеру жүргізу үшін «Драгер» аппараттарын тексеруге 8 тестері мен «Ауэр» аппараттарын тексеруге 5 тестер бар. 

Бөлімшелерде ауа баллондарын толықтыруға 14 заманауи модификацияланған ауа компрессорлары бар (6 стационарлы және 8 мобильді), олар  226 жұмысқа жарамды аппараттарға қызмет көрсетеді.

Ауысым  сайын Павлодар облысы «ӨС және АҚЖҚ» ММ бөлімшелерінде орташа есеппен алғанда қысылған ауада 106 аппарат жауынгерлік есепке алынады, резервте 120 аппарат. 

Павлодар қаласының барлық бөлімшелері біркелкі РА 94 Рlus Basic аппараттарымен қамтамасыз етілді.  

Павлодар облысы өртке қарсы қызмет гарнизонында 6 ауыспалы түтін сорғыштар бар ДП-7, олардың ішінде  біреуі жұмысқа жарамды, ал 5 жұмысқа жарамсыз. Қозғалмалы түтін сорғыш жоқ.

Павлодар облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ іс-шаралар жосапрына сай 2016 жылдың 06 қазанында «ГТҚҚ үздік буыны» атты байқау-конкурсы өрт сөндіру бөлімшелер арасында өткізілді. Байқау-конкурсқа жалпы 20 команда қатысты. Газ-түтін қорғаушылар «Үздік газ-түтін қорғаушы»,  «Үздік күзетші», «Үздік ГТҚҚ буыны» номинацияларында жарысты.  Конкурстың теориялық бөлімі «ӨС және АҚЖҚ» ММ КДМ жүргізілді, онда 20 сұрақтан тұратын тест тапсыру қерек, сондай-ақ қауіпсіздік постында тапсрымаларды шешу.  Тестілеу нәтижесі бойынша «Үздік газ-түтін қорғаушы»,  «Үздік күзетші» атағына  №11«Құрылымға құтқару жіптерін бекіту» нормативі бойынша, №1 «Жауынгерлік киімді және құралдарын кию» нормативі бойынша жарысты.

Тәжірибелік бөлімі 1-МӨСБ аумағында «ГТҚҚ үздік буыны» атағына күресті.  Тәжірибелік бөлімнің тапсырмаларына 6 этап кірді. Жауынгерлік тексеруден өту, психологиялық дайындықтардан өту, түтін сорғышты орнату,  оқу мұнарасының 3 қабатының терезесіне үш сатылы сатыны орнату, зардап шеккен адамды түсіру, АЦ жауынгерлік орау жүргізу.  

Жарыстың қорытындысы бойынша 1-ші орынды жалпы команда ұпайы бойынша 1-МӨСБ, 2-ші орынды Успенка ауданын қорғау бойынша 24-ӨСБ , 3-ші орынды Қашыр ауданын қорғау  бойынша 23-ӨСБ алды.   «Үздік газ-түтін қорғаушы» кокурсында:

 1 орын 32-ӨСБ қарауыл бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты Кызылбаев А.О.

 2 орын 2-ӨСБ қарауыл бастығы  азаматтық қорғау аға лейтенанты Нурпеисов Е.К.

 3 орын 23-ӨСБ қарауыл бастығы  азаматтық қорғау майоры  Садвакасов Б.Н.

«Үздік күзетші» конкурсында:

1 орын 1-МӨСБ бөлімше командирі азаматтық қорғау сержанты  Узканов Р.К.

2 орын 27-ӨСБ өрт сөндірушісі азаматтық қорғау кіші сержанты Идрисов Д.К.

Айта кетерім, барлық қатысқан командалар конкусртың теориялық және тәжірибелік дайындығында жақсы көрсеткіштер көрсетті.

Бүгінгі күнде Павлодароблысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ гарнизонының сапалы газ-түтін қорғаушылар қызметін жүргізу бойынша көптеген проблемалар бар, олар:

-  аудандық бөлімшелерде газ-түтін қорғаушылардың сандық жетіспеушілігі;

- аудандық бөлімшелерде тыныс алу аппараттарының жетіспеушілігі;

- аудандық бөлімшелерде ГТҚҚ посттарына қызметтік бөлмелердің жоқтығы;

- аудандық бөлімшелерде материалдар мен жәрдемақының жоқтығы;

- аудандық бөлімшелерде мобильдік  ЖТК жоқтығы;

- 2006 жылғы шығарылған тыныс алу аппараттарының пайдалану мерзімі аяқталуы;  

Система Orphus