Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
412
1252
808046

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бөлімшелерінде газ түтінінен қорғау қызметінің 2018 жылдың 1 жартыжылдығына талдау

Павлодар облысының гарнизонында газ түтінінен қорғау қызметі «ӨСжАҚЖҚ» ММ 22 бөлімшелерінің 21 бөлімшелерінде ұйымдастырылған, онда ГТҚҚ 3 базасы бар (Павлодар қ. күзету бойынша 1-МӨСБ, Екібастұз қ. және күзету бойынша 14-МӨСБ және Ақсу қ. күзету бойынша 11-ӨСБ) және ТОЖҚҚ техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізуге арналған ГТҚҚ 21 бақылау постары бар.  ТОЖҚҚ техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу ГТҚҚ базасында ГТҚҚ аға шебері жүзеге асырады.

Газ түтінінен қорғаушылармен ТОЖҚҚ сбақ жүргізу үшін гарнизонда 2 түтін камерасы және 2 психологиялық дайындықтың отты жолақтар бар, оның: түтін камерасы және психологиялық дайындықтың отты жолақтары Павлодар қ. Солтүстік ауданын күзететін 1-МӨСБ-де және Ақсу қ. күзететін 11-ӨСБ-де.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасы 2015 жылғы 19 маусым №  163 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының газ-түтіннен қорғау қызметін ұйымдастыру жөніндегі тәлімдемеге» сәйкес ұйымдастырылған. Газ түтінінен қорғаушылардың бастапқы даярлығы «ӨСжАҚЖҚ» ММ кәсіби даярлау мектебінің базасында өткізіледі. Басқа жағдайда даярлық бөлімшелерде өткізіледі, ММ біліктілік комиссиясымен сынақ тапсырылады.

Тоқсан сайын газ түтінінен қорғаушылардың әскери даярлығының қорытындысын шығаруда ТОЖҚҚ жұмыс жасауда ТБ, аппараттардың ТТС, газ түтінінен қорғаушылардың міндеттерінің білімі бойынша хаттама ресімдеумен сынақ қабылдау сабақтары жүргізіледі. Жылдың аяғында әскери дайындықтың қорытындысын шығару бойынша газ түтінінен қорғаушылармен 4 сағаттық семинар сабақтары өткізіледі, жұмысқа қабілеттілік деңгейін анықтаумен сынақ қабылданады.

2018 жылдың 1 тоқсанында жайсыз тыныс алу ортада теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын бекіту үшін кәсіби даярлау мектебінің базасында саны 12 адаммен ММ бөлімшелері басшыларының орынбасарларымен семинар сабақтары өткізілді.

Павлодар облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ-де 327 газ түтінінен қорғаушылар қызметтен өтіп жатыр.

Павлодар облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бөлімшелерінің жарақтануында 233 қысылған ауа аппараты және 729 панорамдық маскалар бар, оның:

- 134 РА 94 Рlus Basic «Драгер» аппараты және оларға 444 маскалар;

- 60 BD- 96 SL «Ауер» аппараты және оларға 110 маскалар;

ТОЖҚҚ тексеріс жүргізу үшін ГТҚҚ 3 базасында және 10 бақылау постарында «Драгер» аппаратына арналған 8 тестер және «Ауер» аппаратына арналған 5 тестер бар.

Бөлімшелерде ауа баллондарын толтыру үшін заманауи модификациялы 14 ауа компрессорлары (6 стационарлық және 8 мобильдік) бар, олар 226 ақауы жоқ аппараттарға қызмет көрсетеді.

Тәулік сайын «ӨСжАҚЖҚ» ММ бөлімшелерінде әскери топта орташа қысылған ауадағы 106 аппарат, резервте 120 аппарат бар.

Павлодар облысы аумағында өнеркәсіптік объектілер саны көп болуына байланысты аталмыш объектілерде техногенді апаттарды және өрт сөндіру жұмыстарын жүргізуге 4 сағаттық әрекеті бар ауа аппараты қажет, аталмыш бағыт бойынша бюджеттік тапсырыс әзірленді, қаралып қабылданды.

Қорытынды

Бүгінгі күні газ түтінінен қорғау қызметі өрт сөндіру қызметінде арнайы қызметтердің кешенінде ең басты қызметтердің бірі ьолып табылады, оның алдында көптеген проблемалар бар, оларды шешудің негізгі жолдары, сондай-ақ газ түтінінен қорғау қызметін дамытудың бағыттары болып:

  • нормативтік базаны жетілдіру;
  • газ түтінінен қорға қызметінің қызметін ұйымдастыру тиімділігін арттыру;
  • сапалы жұмыс жүргізу үшін аз санды бөлімшелерде газ түтінінен қорғаушылардың санын арттыру;
  • жақсы такти-техникалық параметрлермен ТОЖҚҚ жаңа түрлерін енгізу және құру;
  • газ түтінінен қорғау қызметінің материалдық-техникалық базасын құру және дамыту;
  • газ түтінінен қорғаушылар үшін жарыс және әдістемелік жиындар жүргізуді ұйымдастыру жолдарымен газ түтінінен қорғаушылардың даярлау жүйесін жетілдіру;
  • ТОЖҚҚ пайдалана отырып өрт сөндіру бойынша жауынгерлік әрекетті тиімді ұйымдастыруды арттыру;

Газ түтінінен қорғау қызметін бұдан әрі дамыту үшін көптеген күш қажет, жақын уақытта  ол проблеманы шешу газ түтінінен қорғау қызметін ұйымдастыруда  негізгі міндеті болып табылады.

Система Orphus