Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
575
664
764616

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Бақылау және алдын алу қызметінің көрсеткіштері

2016 жылдың 1-ші жартыжылдығында Өрт қауіпсіздік саласындағы бақылау және алдын алу басқармасының қызметі 2016 жылдың өрт қауіпі жоғары кезеңінде Павлодар облысының өртке қарсы құрылымын күшейтуге және өрттердің алдын алу алуға және сөндіруге, сондай-ақ олардың салдарын жоюға бағытталды.  

Өрт қауіпсіздік деңгейіне әсер етудің неғұрлым ықпалды әдісі объектілердің өрт қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексеру.

Осылай есептік кезеңде өрт қауіпсіздік деңгейін жетілдіру және көтеру мақсатында Департамент қызметкерлерімен Білім және ғылым министрлігіне бағынысты объектілер, орман қорының маңында және орман алқаптарының аумағында орналасқан объектілердің, күштік құрылымдар, балалардың жазғы демалыс орындары, сауықтыру лагерлеріне, сонымен қатар орман иелерінің өрт қауіпті кезеңге дайындығына тексерулер жүргізілді.

1-ші жартыжылдықта Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті объектілерінің өрт-техникалық тексеруі жүргізілді, барлығы 16 ҚР ҰҚ және 13 ҚР ҰҚК объектілері тексерілді (100% қамтылды), 639 білім беру объектілері, 10 балалар демалыс орындары, 5 орман шаруашылық мекемелері (100% қамтылды) және әлеуметтік сала мекемелері.

Барлығы 869 тексеру, олар ерекше түрдегі тәртіппен 745, жоспардан тыс 18 және бақылаудың өзге түрімен 106 тексеру болды, тексеру нәтижесі бойынша 3613 өрт қауіпсіздік талаптарының бұзылуы анықталды, өрт қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін 808 құқық бұзушылар  әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 699-ы сомасы 17 млн. 702 мың 102 теңге құрайтын ақшалай айыппұл және 109 ескерту болды.

Өрттердің алдын алу саласының маңызды бөлігін халық арасында үгіт және насихат жүргізу жұмыстары құрайды. Бұқаралық ақпарат құралдары халықты өрт туралы хабарландыру және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында насихаттаудың негізгі көзі болып табылады.

Осылай есепті кезеңде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерімен бұқаралық ақпарат құралдарына 1077 материал әзірленді, соның ішінде теледидарда 30 сөйлеу, радиоэфирде 652 сөйлеу шықты, оның ішінде дауыстап сөйлеу байланыс жүйесімен 582  рет ақпараттандырылды, баспа басылымдарында өрт қауіпсіздік сұрақтары бойынша 395 мақалалар мен жариялымдар шықты. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің интернет ресурсына өрт қауіпсіздік тақырыбына 42 ақпарат жіберілді.

Халықты өрт қауіпсіздік шараларына үйретудің айтып кететін әдісінің бірі тұрғын үй секторын ауламен аралау. Осылай 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығында «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» қызметкерлерімен 23589 аулалар аралаудан өтті, оның барысында жергілікті атқару органдарымен 47532 адам оқытудан өтті.

  Жергілікті атқару органдарымен бірлесіп тұрғындармен 336 жиылыс ұйымдастырылды, оның барысында 9131 адам оқудан өтті. Полиция қызметкерлерімен бірлесіп әлеуметтік жағдайы нашар тұлғалардың тұратын жерлеріне 214 рейд жүргізіліп, нұсқаулықтан өтті: күнкөрісі төмен отбасылары – 51 (169 адам); көп балалы отбасылар – 36 (207 адам); зейнеткерлер – 68 (104 адам қамтылды), нақты қызметі жоқ – 52 (81 адам), нақты тұратын жері жоқ – 7 рейд, 3 адам қамтылды. Рейд жүргізу барысында 564 адам оқудан өтті.

1315 нұсқаулық және 1176 дәріс жүргізілді. Оқу орындарында онлайн режімде 33 интерактивті сабақтар өткізілді.

Халықты өрт қауіпсіздік шараларына оқыту үшін   келесі тақырыптарға жадынаманың 23 түрінен 77680 дана басылды: тұрмыстағы өрт қауіпсіздік, көпшілік жиналатын орындардың өрт қауіпсіздігі, жылу беру кезіндегі өрт қауіпсіздік, балалардың отпен ойнауы, көлікті өрттен қорғаңыз, орманды өрттен қорғаңыз, саябақтарда өрт қауіпсіздікті сақтау тақырыптарына.

«Балалардың отпен ойнау» тақырыбына 14 баннер, «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздік  шаралары», «Жылу беру кезеңі» тақырыптарына 3 баннер орнатылды.

Ағымдағы жылдың маусым айында ақпараттандыру-насихаттау тобы барлық сауықтыру лагерлеріне шықты, олар қызмет көрсетуші персонал мен балалармен өрт қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулықтар, жарыстар мен викториналар өткізді, өрт қауіпсіздік тақырыбына видеофильмдер көрсетілді.

Павлодар облысы ТЖ департаментінің «Өрт сөндіру және аваритялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен бірлесіп, өрт сөндіру бөлімдеріне 37 экскурсиялар  ұйымдастырылды, оларға облыс мектептерінің 923 оқушылары қатысты. Мектеп жасына дейінгі балалар мекелелерінде 142 адамды қамтып, 22 викторина мен конкурстар ұйымдастырылды. Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлерімен білім беру объектілерінің оқушыларымен 11 «Ашық есік күндері» ұйымдастырылып,  481 адам қамтылды.   

Павлодар облысының ТЖД

ӨҚСБПҚБ

Система Orphus