Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
579
664
764620

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

2016 жылға өрт қауіпсіздік саласындағы бақылау және алдын алу қызметінің көрсеткіштері

Өрт қауіпсіздік саласындағы бақылау және алдын алу қызметі басқармасының жұмысы 2016 жылы Павлодар облысының аумағында өртке қарсы құрылымның күшейуіне және өрттердің алдын алуға және сөндіруге, бағытталды. Өрт қауіпсіздік деңгейінің көтерілуіне әсер етудің неғұрлым ықпалды әдісі объектілердің өрт қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексеру.

 

Өрт қауіпсіздік деңгейін жетілдіру және көтеру мақсатында Департамент және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерімен Білім және ғылым министрлігіне, Қазақстан Республикасының ІІМ ТЖК бағынысты объектілер, орман қорының маңында және орман алқаптарының аумағында орналасқан объектілердің, сауықтыру лагерлерінде балалардың жазғы демалыс орындарына тексерулер жүргізілді.

2016 жылы Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің өрт қауіпсіздік жағдайына 1700 тексеру жүргізілді, олардың 1149 ерекше  тәртіппен, 551жоспардан тыс тексерілді (2015 жылы 495 тексеру жүргізілді, оның 315 ерекше тәртіппен, 180 жоспардан тыс).

2015 жылмен салыстырғанда ерекше тәртіппен тексеру 3,4 есе өсті. Бақылаудың өзге түрлерімен 169 (2015 жылы - 1296) бақылаудың өзге түрімен тексеру саны 69 % азайды.     

Тесеру нәтижесі бойынша сонымен қатар өрт қауіпсіздік талаптарын бұзу салдарынан болған өрттер бойынша әкімшілік жауапкершілікке 1312 жеке, лауазымды және заңды тұлғалар тартылды, оның 206 ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылса (2015 жылы - 198) 1106 әкімшілк айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды 29 млн. 047 мың 041 теңгеге (2015 жылы 498 10 млн. 396 мың 824 теңге).

Мәжбүрлеп өндіріп алуға 79 әкімшілік айыппұл 1 млн. 761 мың 493 теңгеге жіберілді, оның ішінде жеке және мемлекет сот орындаушыларына 25 материал 404 мың 052 теңгеге жіберілді, борышкердің жұмыс орнына 54 әкімшілік айыппұл  1 млн. 357 мың 441 теңгегежіберілді, олардың  8-і 152 мың 713 теңгеге сот орындаушыларымен өндірілді және 41 айыппұл 1 млн. 110 мың 344 теге борышкердің жалақысынан өндірілді.

2016 жылы Департаменттің Өрт қауіпсіздік саласындағы бақылау және алдын алу қызметі басқармасының қызметкерлерімен Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі  462 бабының 3 бөлігі бойынша ірі кәсіпкерлік субъектісіне қатысты 3 хаттама толтырылды, олар Мамандандырылған әкімшілік сотының шешімі мен 500 айлық есептік көрсеткіштен (1 млн. 060 мың 500 тенге) айыппұл салынды, әр объект бойынша кейбір учаске мен үймереттердің қызметін 12 тәулікке тоқтата отырып.

Бұдан басқа 2016 жылы 2 қызметін тоқтату туралы 2 талап жіберілді, оның 1 бойынша бұзушылықтардың толық жойылуына байланысты тоқтатылса, 1 бойынша толық жойғанша қанағаттандырылды.     

Өрттердің алдын алу саласының маңызды бөлігін халық арасында үгіт және насихат жүргізу жұмыстары құрайды. Осылай 2016 жылы азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерімен бұқаралық ақпарат құралдарына 2177 материал әзірленді, соның ішінде теледидарда 74 сөйлеу, радиоэфирде және дауыстап сөйлеу байланыс жүйесі арқылы  1250 рет ақпараттандырылды, баспа басылымдарында және жергілікті атқару органдарының сайтында өрт қауіпсіздігі жөнінде 853 мақалалар мен жариялымдар шықты.

 

 

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің интернет ресурсына өрт қауіпсіздік тақырыбына 154 ақпарат жіберілді.

Халықты өрт қауіпсіздік шараларына үйретудің айтып кететін әдісінің бірі тұрғын үй секторының аулаларын аралау. Осылай 2016 жылы «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» қызметкерлерімен 58 414 аулалар аралаудан өтті, оның барысында 125802  адам оқытудан өтті.

          Жергілікті атқару органдарымен бірлесіп қала және аудан аумағында тұрғындармен 788 жиылыс ұйымдастырылды, оның барысында 22144 адам оқудан өтті.

Полиция қызметкерлерімен бірлесіп әлеуметтік жағдайы нашар тұлғалардың тұратын жерлеріне 493 рейд жүргізіліп, нұсқаулықтан өтті: күнкөрісі төмен отбасылары – 159 (520 адам қамтылды); көп балалы отбасылар – 164 (827 адам қамтылды); зейнеткерлер – 242 (322 адам қамтылды), нақты қызметі жоқ – 136 (195 адам қамтылды), нақты тұратын жері жоқ – 37 рейд, 148 адам қамтылды.  Рейд жүргізу барысында 2012 адам оқудан өтті.

Адамдардың көп жиналатын объектілерде 3301 нұсқаулық және 1959 дәріс жүргізілді, 57739 адам қамтылды.

Білім беру саласының оқу орындарында онлайн режімде 86 интерактивті сабақтар өткізілді, облыстың  552 оқу орындарының 21511 оқушылары қатысты.

Халықты өрт қауіпсіздік шараларына оқыту үшін   келесі тақырыптарға жадынаманың 36 түрінен 125463 дана басылды: тұрмыстағы өрт қауіпсіздік, көпшілік жиналатын орындардың өрт қауіпсіздігі, жылу беру кезіндегі өрт қауіпсіздік, балалардың отпен ойнауы, көлікті өрттен қорғаңыз, орманды өрттен қорғаңыз, саябақтарда өрт қауіпсіздікті сақтау, астық жинау кезіндегі шаралар  тақырыптарына.

25 баннер 48 данада орнатылды: «Балалардың отпен ойнауы», «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздік  шаралары», «Жылу беру кезеңі», «Орманды дала алқаптарында өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау», «Астық жинау» тақырыптарына.

Жазғы демалыс кезеңінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерімен ақпараттандыру-насихаттау тобы құрылып Павлодар облысының аумағында орналасқан сауықтыру лагерлеріне шығу ұйымдастырылды. Олар қызмет көрсетуші персонал мен балалармен өрт қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулықтар, жарыстар мен викториналар өткізді, өрт қауіпсіздік тақырыбына видеофильмдер көрсетті.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және аваритялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен бірлесіп, қала және аудан өрт сөндіру бөлімдеріне 67 экскурсиялар  ұйымдастырылды, оларға білім беру саласының 1735 балалары қатысты.  Мектеп жасына дейінгі балалар мекелелерінде 723 баланы қамтып, 42 викторина мен конкурстар ұйымдастырылды. Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлерімен білім беру объектілерінің оқушыларымен 23 «Ашық есік күндері» ұйымдастырылып,  801 адам қамтылды.   «Балалардың отпен ойнауы», «Орманда өрт сөндіру ережелерін сақтау», «Жылу беру пешін пайдаланғандағы сақтық шаралары» атты 3 бейнеролик әзірленді .

 

Павлодар облысының  ТЖ департаментінің

Өрт қауіпсіздік саласындағы

бақылау және профилактикалық

қызметі басқармасы әзірледі

Система Orphus