Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
575
664
764616

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Өрт қауіпсіздік саласындағы бақылау және алдын алу қызметінің көрсеткіштері

Өрт қауіпсіздік саласындағы бақылау және алдын алу қызметі басқармасының жұмысы 2017 жылы Павлодар облысының аумағында өртке қарсы құрылымның күшейуіне және өрттердің алдын алуға және сөндіруге, бағытталды. Өрт қауіпсіздік деңгейінің көтерілуіне әсер етудің неғұрлым ықпалды әдісі объектілердің өрт қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексеру.

 

 Өрт қауіпсіздік деңгейін жетілдіру және көтеру мақсатында Департамент және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерімен Білім және ғылым министрлігіне, Қазақстан Республикасының ІІМ ТЖК бағынысты объектілер, орман қорының маңында және орман алқаптарының аумағында орналасқан объектілердің, сауықтыру лагерлерінде балалардың жазғы демалыс орындарына тексерулер жүргізілді.

2017 жылы Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің өрт қауіпсіздік жағдайына 1499 тексеру жүргізілді, олардың 948 ерекше  тәртіппен, 551жоспардан тыс тексерілді (2016 жылы 1700 тексеру жүргізілді, оның 1149 ерекше тәртіппен, 551 жоспардан тыс).

Тесеру нәтижесі бойынша сонымен қатар өрт қауіпсіздік талаптарын бұзу салдарынан болған өрттер бойынша әкімшілік жауапкершілікке 861 жеке, лауазымды және заңды тұлғалар тартылды, оның 193 ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылса (2016 жылы - 206) 668әкімшілк айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды 22млн. 945 мың 292 теңгеге (2016 жылы 1106 29 млн. 47 мың 41 теңге).

Мәжбүрлеп өндіріп алуға 34 әкімшілік айыппұл 695 мың 449 теңгеге жіберілді, оның ішінде жеке және мемлекет сот орындаушыларына 25 материал 502 мың 584 теңгеге жіберілді, борышкердің жұмыс орнына 3 әкімшілік айыппұл  192 мың 865теңгегежіберілді. 2017 жылы Департаменттің қызметкерлерімен Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі  462 бабының 3 бөлігі бойынша субъектілерді қатысты 69 хаттама толтырылды. Бұдан басқа 2017 жылы 1 қызметін тоқтату туралы талап жіберілді.

Өрттердің алдын алу саласының маңызды бөлігін халық арасында үгіт және насихат жүргізу жұмыстары құрайды. Осылай 2017 жылы азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерімен бұқаралық ақпарат құралдарына 2161 материал әзірленді, соның ішінде теледидарда 114 сөйлеу, радиоэфирде және дауыстап сөйлеу байланыс жүйесі арқылы 1244 рет ақпараттандырылды, баспа басылымдарында және жергілікті атқару органдарының сайтында өрт қауіпсіздігі жөнінде 803 мақалалар мен жариялымдар шықты.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің интернет ресурсына өрт қауіпсіздік тақырыбына 248 ақпарат жіберілді.

Халықты өрт қауіпсіздік шараларына үйретудің айтып кететін әдісінің бірі тұрғын үй секторының аулаларын аралау. Осылай 2017 жылы «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» қызметкерлерімен 58350 аулалар аралаудан өтті, оның барысында 125713  адам оқытудан өтті.

Жергілікті атқару органдарымен бірлесіп қала және аудан аумағында тұрғындармен 814 жиылыс ұйымдастырылды, оның барысында 24113 адам оқудан өтті.

Полиция қызметкерлерімен бірлесіп әлеуметтік жағдайы нашар тұлғалардың тұратын жерлеріне 875 рейд жүргізіліп, нұсқаулықтан өтті: күнкөрісі төмен отбасылары – 241 (696 адам қамтылды); көп балалы отбасылар – 127 (685 адам қамтылды); зейнеткерлер – 244 (318 адам қамтылды), нақты қызметі жоқ – 158 (248 адам қамтылды), нақты тұратын жері жоқ – 105 рейд, 158 адам қамтылды.  Рейд жүргізу барысында 2105 адам оқудан өтті.

Адамдардың көп жиналатын объектілерде 2532 нұсқаулық және 1759 дәріс жүргізілді, 58174 адам қамтылды.

Білім беру саласының оқу орындарында онлайн режімде 70 интерактивті сабақтар өткізілді, облыстың  330 оқу орындарының 12992 оқушылары қатысты.

Халықты өрт қауіпсіздік шараларына оқыту үшін   келесі тақырыптарға жадынаманың 28 түрінен 89960 дана басылды: тұрмыстағы өрт қауіпсіздік, көпшілік жиналатын орындардың өрт қауіпсіздігі, жылу беру кезіндегі өрт қауіпсіздік, балалардың отпен ойнауы, көлікті өрттен қорғаңыз, орманды өрттен қорғаңыз, саябақтарда өрт қауіпсіздікті сақтау, астық жинау кезіндегі шаралар  тақырыптарына.

2 баннер 2 данада орнатылды: «Балалардың отпен ойнауы», «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздік  шаралары» тақырыптарына.

Жазғы демалыс кезеңінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерімен ақпараттандыру-насихаттау тобы құрылып Павлодар облысының аумағында орналасқан сауықтыру лагерлеріне шығу ұйымдастырылды. Олар қызмет көрсетуші персонал мен балалармен өрт қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулықтар, жарыстар мен викториналар өткізді, өрт қауіпсіздік тақырыбына видеофильмдер көрсетті.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және аваритялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен бірлесіп, қала және аудан өрт сөндіру бөлімдеріне 91 экскурсиялар  ұйымдастырылды, оларға білім беру саласының 2258 балалары қатысты.  Мектеп жасына дейінгі балалар мекелелерінде 1298 баланы қамтып, 43 викторина мен конкурстар ұйымдастырылды. Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлерімен білім беру объектілерінің оқушыларымен 46 «Ашық есік күндері» ұйымдастырылып,  1778 адам қамтылды.   «Сенбіліқ өтетін өрт қауіпсіздік  шаралары», «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздік  шаралары», «Жылу беру пешін пайдаланғандағы сақтық шаралары» атты 3 бейнеролик әзірленді . 

 

Павлодар облысының  ТЖ департаментінің 

Өрт қауіпсіздік саласындағы бақылау

және алдын алу қызметі басқармасы

 

 

 

 

Система Orphus