Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
579
664
764620

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

2018 жылғы 5 айдың өрт қауіпсіздік саласындағы бақылау және алдын алу қызметінің көрсеткіштері

Өрт қауіпсіздік саласындағы бақылау және алдын алу қызметі басқармасының жұмысы 2018 жылыдын 5 айына Павлодар облысының аумағында өртке қарсы құрылымның күшейуіне және өрттердің алдын алуға және сөндіруге, бағытталды. Өрт қауіпсіздік деңгейінің көтерілуіне әсер етудің неғұрлым ықпалды әдісі объектілердің өрт қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексеру.

Өрт қауіпсіздік деңгейін жетілдіру және көтеру мақсатында Департамент және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерімен Білім және ғылым министрлігіне, Қазақстан Республикасының ІІМ ТЖК бағынысты объектілер, орман қорының маңында және орман алқаптарының аумағында орналасқан объектілердің, сауықтыру лагерлерінде балалардың жазғы демалыс орындарына тексерулер жүргізілді.

 

2018 жылыдын 5 айына Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің өрт қауіпсіздік жағдайына 645 тексеру жүргізілді, олардың 460 ерекше  тәртіппен, 185 жоспардан тыс тексерілді (2017 жылы 596 тексеру жүргізілді, оның 427 ерекше тәртіппен, 169 жоспардан тыс).

Тесеру нәтижесі бойынша сонымен қатар өрт қауіпсіздік талаптарын бұзу салдарынан болған өрттер бойынша әкімшілік жауапкершілікке 580 жеке, лауазымды және заңды тұлғалар тартылды, оның 255 ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылса (2017 жылы - 345) 325 әкімшілк айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды 7 млн. 852 мың 439 теңгеге (2017 жылы - 276  8 млн. 22 мың 58 теңге).

Мәжбүрлеп өндіріп алуға 2 әкімшілік айыппұл 24 мың 50 теңгеге жіберілді (жеке және мемлекет сот орындаушыларына). 2018 жылыдын 5 айына Департаменттің қызметкерлерімен Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі  462 бабының 3 бөлігі бойынша субъектілерді қатысты 10 хаттама толтырылды. Бұдан басқа 2018 жылыдын 5 айына 2 қызметін тоқтату туралы талап жіберілді.

Өрттердің алдын алу саласының маңызды бөлігін халық арасында үгіт және насихат жүргізу жұмыстары құрайды. Осылай 2018 жылыдын 5 айына азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерімен бұқаралық ақпарат құралдарына 1069 материал әзірленді, соның ішінде теледидарда 44 сөйлеу, радиоэфирде және дауыстап сөйлеу байланыс жүйесі арқылы 674 рет ақпараттандырылды, баспа басылымдарында және жергілікті атқару органдарының сайтында өрт қауіпсіздігі жөнінде 351 мақалалар мен жариялымдар шықты.

Халықты өрт қауіпсіздік шараларына үйретудің айтып кететін әдісінің бірі тұрғын үй секторының аулаларын аралау. Осылай 2018 жылыдын 5 айына «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» қызметкерлерімен 57993 аулалар аралаудан өтті, оның барысында 136827  адам оқытудан өтті.

Жергілікті атқару органдарымен бірлесіп қала және аудан аумағында тұрғындармен 288 жиылыс ұйымдастырылды, оның барысында 7485 адам оқудан өтті.

Полиция қызметкерлерімен бірлесіп әлеуметтік жағдайы нашар тұлғалардың тұратын жерлеріне 1291 рейд жүргізіліп, нұсқаулықтан өтті: күнкөрісі төмен отбасылары – 499 (696 адам қамтылды); көп балалы отбасылар – 485 (685 адам қамтылды); зейнеткерлер – 175 (318 адам қамтылды), нақты қызметі жоқ – 77 (248 адам қамтылды), нақты тұратын жері жоқ – 55 рейд, 131 адам қамтылды.  Рейд жүргізу барысында 5409 адам оқудан өтті.

Адамдардың көп жиналатын объектілерде 921 нұсқаулық және 697 дәріс жүргізілді, 22148 адам қамтылды.

Білім беру саласының оқу орындарында онлайн режімде 36 интерактивті сабақтар өткізілді, облыстың  96 оқу орындарының 4537 оқушылары қатысты.

Халықты өрт қауіпсіздік шараларына оқыту үшін   келесі тақырыптарға жадынаманың 3107 түрінен 28435 дана басылды: тұрмыстағы өрт қауіпсіздік, көпшілік жиналатын орындардың өрт қауіпсіздігі, жылу беру кезіндегі өрт қауіпсіздік, балалардың отпен ойнауы, көлікті өрттен қорғаңыз, орманды өрттен қорғаңыз, саябақтарда өрт қауіпсіздікті сақтау, астық жинау кезіндегі шаралар  тақырыптарына.

1 баннер 1 данада орнатылды: «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздік  шаралары» тақырыптарына.

Жазғы демалыс кезеңінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерімен ақпараттандыру-насихаттау тобы құрылып Павлодар облысының аумағында орналасқан сауықтыру лагерлеріне шығу ұйымдастырылды. Олар қызмет көрсетуші персонал мен балалармен өрт қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулықтар, жарыстар мен викториналар өткізді, өрт қауіпсіздік тақырыбына видеофильмдер көрсетті.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және аваритялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен бірлесіп, қала және аудан өрт сөндіру бөлімдеріне 48 экскурсиялар  ұйымдастырылды, оларға білім беру саласының 1145 балалары қатысты.  Мектеп жасына дейінгі балалар мекелелерінде 954 баланы қамтып, 31 викторина мен конкурстар ұйымдастырылды. Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлерімен білім беру объектілерінің оқушыларымен 43 «Ашық есік күндері» ұйымдастырылып,  982 адам қамтылды.   «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздік  шаралары», «атты 1 бейнеролик әзірленді . 

 

Павлодар облысының  ТЖ департаментінің 

Өрт қауіпсіздік саласындағы бақылау

және алдын алу қызметі басқармасы 

Система Orphus