Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
577
664
764618

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

2018 жылға өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет көрсеткіштері

2018 жылдың 12 айында өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының жұмысы Павлодар облысы аумағында өрттің алдын алу және жоюға бағытталған. Өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыруға әсер етудің ең тиімді әдісі объектілердің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін тексеру болып табылады.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін жетілдіру және арттыру мақсатында Департамент және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері Білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағынысты объектілерде, Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК ведомстволық бағынысты объектілеріне, орман алқаптарының аумағында орналасқан орман қорына іргелес жатқан объектілерге, сондай-ақ сауықтыру лагерлерінде балалардың жазғы демалыс орындарына тексеру жүргізді.

2018 жылдың 12 айында Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің инспекторлық құрамы және оның құрылымдық бөлімшелері 1882 шаруашылық субъектілерін өртке қарсы жағдайға тексеру жүргізді, оның ішінде 1053 тексеру жүргізу тәртібі бойынша, 829 тексеру жоспардан тыс (2017 жылы 1499 тексеру жүргізілді, оның ішінде 948 – Ерекше тәртіп бойынша, 551 – жоспардан тыс).

Жүргізілген тексерулер қорытындысы бойынша, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу себебінен болған өрт фактілері бойынша 1255 (2017 жылы 861) (жеке, лауазымды және заңды тұлғалар) әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде ескерту түрінде 803 (2017 жылы 193), 12 млн.674 мың 866 теңге сомасына 452 әкімшілік айыппұл (2017 жылы 22 млн. 945 мың 292 теңге сомасына 668) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Мәжбүрлеп өндіріп алуға 100 мың 187 теңге сомасына 5 әкімшілік айыппұл салынды (2017 жылы 25 502 мың 584 теңге сомасына). 2018 жылдың 12 айында Департамент қызметкерлері субъектілерге қатысты ҚР ӘҚБК 462-бабының 3-бөлігі бойынша 81 (2017 жылы 69) хаттама жасады. Сонымен қатар, 2018 жылдың 12 айында 17 талап арыз жіберілді.

Өрттің алдын алу саласындағы іс-шаралардың ажырамас бөлігі халық арасында үгіт-профилактикалық жұмыс болып табылады. 2018 жылдың 12 айында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері өрт қауіпсіздігі саласында бұқаралық ақпарат құралдарына 1069 материал дайындалды, оның ішінде теледидарда 44 сөз сөйлеу, радиоэфирде және дауыстап байланыс жүйесі арқылы 674 сөз сөйлеу, баспасөз басылымдарында және жергілікті атқарушы органдардың сайтында өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша 351 мақала жарияланды.

Халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту әдістерінің бірі тұрғын үй секторын аралау болып табылады. 2018 жылдың 12 айында "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" қызметкерлерімен бірге 101751 тұрғын үйді аралау жүргізілді.

Жергілікті атқарушы органдармен бірге қалалар мен аудандар аумағында халықпен 949 жиын ұйымдастырылып, өткізілді, оның барысында 24878 адам оқытылды.

Әлеуметтік қауіп тобындағы тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірге әлеуметтік қауіп тобындағы тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша 1775 рейд өткізілді, нұсқау берілді: аз қамтылған отбасылар – 734 (3493 адам қамтылды); көп балалы отбасылар – 588 (2585 адам қамтылды); зейнеткерлер – 259 (786 адам қамтылды), белгілі бір сабақ түрі жоқ – 125 (324 адам қамтылды); белгілі бір тұрғылықты жері жоқ-69 рейд өткізілді, оның барысында 162 адам анықталды. Рейд жүргізу барысында 7350 адам оқытылды.

Адамдар көп жиналатын объектілерде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері жалпы 66713 адамды қамтитын 2533 нұсқаулық пен 1799 дәріс өткізді.

Білім беру объектілерінің оқушыларымен өртке қарсы тақырыпта 62 интерактивті сабақ өткізілді, облыстың 217 оқу орнының 8255 оқушы қатысты.

Жазғы демалыс кезінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері Павлодар облысы аумағында орналасқан сауықтыру лагерлеріне ақпараттық-насихаттау тобының шығуын жүзеге асырды. Балалармен және қызмет көрсетуші қызметкерлермен өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтар, дәрістер, байқаулар, викториналар, өртке қарсы тақырыптағы бейнероликтер көрсетілді.

Павлодар облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ қызметкерлерімен бірлесіп қалалар мен аудандардың өрт сөндіру бөлімдерінде 116 экскурсия ұйымдастырылды, оның барысында білім беру объектілерінің әр түрлі санаттағы 2518 баласы қатысты. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде 1778 баланы қамтитын 57 сұрақ-жауап сайысы ұйымдастырылды. Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлерімен бірге білім беру нысандарының оқушылары үшін 88 "Ашық есік күні" ұйымдастырылды, 2227 адам қамтылды.

"Өрт сөндіргіш Дармен"тақырыбына 1 бейнеролик дайындалды.

Дайындаған: Павлодар облысы ТЖД өрт қауіпсіздігі

саласындағы бақылау және алдын алу қызметі басқармасы 

 

Система Orphus