Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
196
203
739928

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG_2106

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Павлодар облысы! Республикалық маңызы бар тасжолда авариялық-құтқару жұмысы

2

12 қаңтарда Ташкент-Красноярск бағыты бойынша шыққан, Павлодар - Астана республикалық маңызы бар тасжолында «Van Hool» маркалы автобус ақаулардан Қалқаман кентінен 30 шақырым жерде тоқтап қалды. Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдарымен 55 жолаушы оның ішінде екі бала Спутник стнациясының жалпы орта білім беру мектебінің жылыту пунктіне эвакуацияланды. Барлық жолаушылар Өзбекстан Республикасының азаматтары атанды. Жолаушылардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болған жоқ.

Толығырақ...

Республикалық маңызы бар Астана-Павлодар автожолында құтқару

21 желтоқсанда түнгі сағат 3-те Павлодар – Астана Республикалық маңызы бар автомобиль жолында Семей-Астана бағыты бойынша келе жатқан "Van Hool" маркалы жолаушылар автобусы ақауына байланысты Қалқаман ауылынан 10 шақырым жерде тоқтап қалды.      

Жүргізушілер ақауды игере алмай, құтқарушыларға жүгінді.       

Таңғы сағат 5-те ауа температурасы 27 градус аяз болды. Екібастұз қаласы ТЖ басқармасы қызметкерлерінің күшімен 14 жолаушы, оның ішінде бір бала эвакуацияланды және жылыту пункті орналасқан кенттің жол бойындағы дәмханасына жеткізілді. Таңғы сағат 4.50-де барлық жолаушылар жолай автобуста Екібастұз қаласына жеткізілді. Ешкімге медициналық жәрдем қажет болмады.

 Павлодар облысы ТЖ департаментінің

мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Республикалық маңызы бар автожолдағы авариялық-құтқару жұмыстары

 IMG-20181210-WA00058 желтоқсанда Республикалық маңызы бар Павлодар - Омбы автомобиль жолында "Ford Transit" маркалы жолаушылар автобусы Тереңкөл ауылының ауданындағы ақаулыққа байланысты тоқтады. Жүргізушілер ақауды игере алмай, құтқарушыларға жүгінді. Таңғы сағат 5-те ауа температурасы 26 градус аяз болды. Тереңкөл ауданының ТЖ бөлімі қызметкерлерінің күшімен 19 жолаушы, олардың ішінде үш бала эвакуацияланды және жылыту пунктіне жеткізілді. Апатқа ұшыраған жолаушылар Қырғыз Республикасының азаматтары болып шықты. Жылыту пунктінде барлық жолаушыларға ыстық тамақ берілді. Ешкімге медициналық жәрдем қажет болмады.

Толығырақ...

Балықшыны түнде іздеу

2018 жылғы 2 қазанға қараған түні сағат 00.05-де 112 пультіне Павлодар қаласының маңында Ленин кентінің Ертіс өзенінің жайылмасында саңырауқұлақ теруге шыққан балықшы жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жедел түрде құрамында Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің үш қызметкері бар топ шықты.

Толығырақ...

Павлодарлық құтқарушылар бұғыны төтенше жағдайдан құтқарып қалды

40696836_235249063830024_1011943747911656932_n 2018 жылдың 14 қыркүйегінде сағат 04.45-те 112 қызметінің пультіне  Павлодар қаласы, Камзин көшесі, 163 үй мекенжайының жанында орналасқан жылу беру трассасы құбырының арасында бұғының қысылып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жедел тәртіпте оқиға орнына Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағының кезекші ауысымы шықты.

Оқиға орнына келісімен құтқарушылар Павлодар қаласының ветеринарлық қызметінің жұмысшыларын шақыртты, бірлесіп арқанның күшімен бұғы қысылып тұрған жерінен шығарылды. Жануар шошынғандықтан, оны ұстау қиын болды.

Толығырақ...

Құтқарушылар балықшыға жедел көмек көрсетті

IMG-20180912-WA0040 2018 жылғы 12 қыркүйекте сағат кешкі 6 жарым шамасында кезекшілік 112 нөміріне Усолка су айдынында орналасқан «Тасбақа» аралында балықшы апатқа ұшыраған деген хабаралама келіп түсті. Жедел түрде бөлімше басшысы А.Носков, құтқарушылар  Ә.Абдулов пен  М.Шамсулеев құрамында 3 адам бар жедел топ, айтылған аймаққа қарай шықты.

Оқиға орынында 1981 жылғы ер азаматтың резеңке қайығы тесіліп қалғаны анықталды. Оны барлық мүлігімен құтқарушылар жағаға жеткізді.

Осындай оқиға көктемгі және күзгі уақытта болып тұратынын айта кету керек, өйткені күн қысқа болғандықтан балықшылар қас қарая уақытқа дейін қалып қойып қайықтарын анау-мынау ағаштарға соғып немесе тесіп алады. 2016 жылғы көктем күні осындай екі оқиға тіркелген, біріншісінде екі адамның салмағын көтере алмай ескі қайықтан жел шығып кеткен, ал екінші оқиғада қолдан жасаған қайық су астына кетіп қалған.  

Толығырақ...

Павлодар облысы! Құтқарушылар судағы кезекті жазатайым оқиғаны алдын алды

IMG-20180731-WA000531.07.18ж. сағат 15.50-де құтқарушыларға төрт кәмелеттік жасқа толмағандардың зардап шегулері туралы шұғыл дабыл түсті. Пластикалық бөтелкелерді өздеріне айналдырып байлап, 15,14,13,12 жастағы жасөспірімдер Усолка су айдынын малтып өтуге бел буған. Ал малтуды, 21.07.18 ж.  1980 жылғы ер азамат батып кеткен жерден бастаған. Малту жері және қарама қарсы жағалаудың арақашықтығы шамамен 250 метрді құрайды. Жарты жолды өтіп, балалар бата бастаған. А.И. Носковтың басшылығымен Сахаров В., Аюпов К., және Султанов А. құтақрушылардың кезекші тобы шұғыл түрде оқиға орнына шығады. Әлсіз "қайғыға шалдыққан малтушылар" суда өздерін әрең ұстаған. Құтқарушы құралдардың "Александров шегі" және құтқару шеңберімен балаларды судан шығарып жағалауға әкелді. Төртеуінің барлығына психологиялық көмек көрсетілді, өйткені олар қатты күйзелістен өтті. Кейін жағалауға жеткізген соң, әңгіме жүргізілді және жергілікті атқарушы полиция қызметкерлерімен шаралар қолданылды.

Толығырақ...

Түнде құтқарылды

30 шілде түніне қараған түні 01.00 сағатта Павлодар қаласында 2 қалалық аурухана аймағында Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағының қызметкерлерімен Ертісте қалып қойған ер адам құтқарылды.

Құтқару дауыстарын естіген құтқарушы Дәурен Әділханов, өзінің әріптесіне жүгіріп бара жатып хабарлап, құтақру желеткесін киіп, оқиға орынана жүгіре кетті. Екінші қалалық аурухананың аймағында батып бара жатқан ер адамды көрген Дәурен суға секіреді.

Осы уақытта құтқарушы Михаил Тисленко пирс жаққа жүгіріп моторлы қайықты қосып оны оқиға орнына бағыттады.

Кейін анықталғандай, "көңілді" отырыста спирттік ішімдіктерді ішкен соң 1983 жылғы ер адам абайсызда суға құлап кеткен.

Статистика бойынша 10 жазатайым оқиғаның 8 адамдардың мас күйінде болады. Осыған сәйкес, құтқарушылар кезекті түрде арақ пен су сыйымсыз нәрсе екендігін ескертеді.

 

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы

Құтқарушылар жазатайым оқиғаны алдын алды

Екібастұз қаласындағы құтқару бөлімшесінің қызметкерлері жазатайым оқиғаны алдын алды.

20 шілдеде сағат 11.57-де кеншілер қаласының 112 пультіне Әуезов көшесіндегі үйлердің бірінде бала балконда отыр деген хабар түсті.

Оқиға орнына Камзин Нұрболат, Бейсембаев Қазбек және Накенов Дінмұхамбет үшінші қабатта орналасқан пәтерге үйдің шатырынан түсуге шешім қаблдады.

Толығырақ...

Система Orphus