Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
316
870
809701

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

Электронды және электрлік жабдықтарды экологиялық кәдеге жарату туралы жадынама

Электронды және электрлік жабдықтар қалдықтарының құрамында қоршаған ортаға ғана емес, сонымен қатар адам денсаулығына да кері әсер ететін кадмий, сүрме, қорғасын, сынап сияқты қауіпті заттар және олардың қосылыстары болады. адам ағзасына түскеннен соң, олар онда ұзақ қалады және ақырындап бауырда, бүйректе, сүйекте, қалқанша безде жинақталады және онкологиялық аурулардың туындауына себеп болуы мүмкін.

Сондай-ақ, лазерлі принтерлерде тонерлер орнатылған, олардың химиялық құрамындағы: көміртек полимерлерінің қосылыстары, темір оксиді, органикалық қосылыстардағы қалайы және органикалық емес қоспалар, зерттеулерде көрсетілгендей бас ауруын, жөтелді, температураның көтерілуін, сырқаттануды тудырады.

Толығырақ...

Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынама

Террористік актілерді болдырмау жөніндегі

халыққа арналған жадынама

Мұқият болыңыздар! Үйіңіздің кіреберісіндегі, аулаларыңыздағы, көшедегі бөгде заттар мен адамдарды дер кезінде өздеріңіз ғана байқай аласыздар.

 Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүріс-тұрысына, орынсыз жатқан иесіз мүліктер мен заттарға көңіл аударыңыздар.

 Үйлеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер: кіреберісте  домофонымен темір есік орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары және техникалық ғимарат есіктерінің ашық - жабықтығын тексеріңіздер.

 Көліктегі жолаушының күдікті жүріс-тұрысын көріп тұрып, байқамаған сыңай танытпаңыздар! Сіздер көлікпен жүру қауіпсіздігін сақтауға толық құқыларыңыз бар.

Толығырақ...

“Памятка населению в период весеннего паводка”

 

 

 

                            

 

 

 

 

 

“Берегите детей о падения из окна”

                                                                                                                                                                                                                                                                             

 

Көктем кезеңінде Сең жүру және су тасқыны кезеңінде мұз үстіндегі қауіпсіздік шараларының ЖАДНАМАСЫ

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗДАР:

 Көктемгі  су тасқыны кезеңінде өзендегі мұз жұмсарады, үстінен күн және еріген су «жейді», ал астынан ағын жонады. Оның үстімен жүру өте қауіпті: кез келген уақытта аяқ астында опырылып қирауы мүмкін және

Толығырақ...

КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ ХАЛЫҚҚА АРНАЛҒАН ЖАДНАМА

Көп қарлы қыстан соң болатын көктемгі климаттық өзгерістерге  байланысты, ең жақын уақытта Павлодар облысы елді мекендерінің аумағын  су басу қауіпі туындауы мүмкін.

мүліктің жоғалуы және бұзылуының алдын алу,

жазатайым оқиғаларға жол бермеу мақсатында мына шараларды қабылдау қажет:

Толығырақ...

Павлодар облысы басқару органдарын, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштерін және халқын төтенше жағдайларда іс-қимылға дайындау жөніндегі 2018 жылға арналған оқулар және жаттығулар өткізу жоспары

 БЕКІТЕМІН

Азаматтық қорғаныс бастығы - Павлодар облысының әкімі __________Б. Ж. Бақауов

2018 жылғы «___»____________

  

 

Негіздеме:1. ҚР 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» №188 – V Заңы.

2. ҚР ІІМ 2015 жылғы 24 ақпандағы «Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру  және оның қызметі қағидаларын бекіту туралы» № 149 бұйрығы.

3. ҚР ІІМ 2015 жылғы 20 сәуірдегі «Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, білімді насихаттау, оқыту қағидаларын бекіту туралы» № 381 бұйрығы.

Толығырақ...

Павлодар облысы Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің (бұдан әрі - АҚМЖ) басқару органдарын, күштерін және халқыты төтенше жағдайларда іс- қимылға дайындау жөніндегі 2018 жылға арналған, іс- шаралар жоспары

КЕЛІСІЛДІ

           Павлодар облысының

           Азаматтық қорғаныс

              бастығының орынбасары

Павлодар облысы

әкімінің бірінші орынбасары

_____________ Ұ. Жазылбек

2017жылғы«___» _____________

                  

БЕКІТЕМІН

Павлодар облысының

Азаматтық қорғаныс

бастығының орынбасары -

Павлодар облысының

ТЖ департаменті бастығы

_____________А. Темірбаев

2017 жылғы «___» _____________

 

 

 

 

Негіздеме:1 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» №188 – V Заңы.

р/р

Іс шара, тақырып

 Тартылатын АҚМЖ  басқару органдары мен күштерінің құрамы

Өткізу уақыты, орны

I. АҚМЖ Республикалық деңгейін дайындау

  1. 1.      ҚР Ішкі істер министрі орынбасарының басшылығымен

1.

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің өткен жылғы қызметы қорытындылау және келесі жылғы жұмыстарының негізігі бағыттарын анықтау

 

 

Аумақтық және жергілікті атқарушы органдарының басшы құрамы

2018 жылғы қаңтар

2.

 Құтқару бөлімшелерінің және халықтың көктем кезеңіңдегі төтенше жағдайларда іс- қимылға дайындыға деңгейін арттыру үшін жергілікті атқарушы органдарымен, облыс (қала) ТЖ комиссияларымен, облыстық АҚ қызметтерімен, АҚМЖ кіші жүйесінің бөлімшелерімен бірге «Көктем-2018» Республикалық командалық- штабық оқу-жаттығуларға қатысу.

Аумақтық және жергілікті атқарушы органдарының жедел топтары (бұдан әрі - ЖТ), АҚМЖ кіші жүйелерінің ЖТ, АҚ қызметтері, шаруашылық нысандары.

 

 

Шығыс-Қазақстан облысы

2018 жылғы наурыз

3.

 

Эвакуациялық және эвакоқабылдау органдарының және халықтың ТЖ шартындағы әрекеттерге дайындық деңге»ін арттыру мақсатында «Қоныс-2018» Республикалық командалық-штабық оқу-жаттығуға халықты эвакуациялау сценарийлерін пысықтаумен бірге қатысу.

Аумақтық және жергілікті атқарушы органдарының ЖТ, қалалар және аудандардың эвакуациялық және эвакоқабылдау комиссиялары, АҚ қызметтері, шаруашылық объектілері.

 

 

Шығыс-Қазақстан облысы

2018 жылғы шілде

4.

ТЖ пайда болу және қаупі кезінде  күштер мен құралдардың дайындық деңгейін арттыру және үздікісіз бақылауды қамтамасыз ету мақсатында, Комитеттің жедел штабы және оның аумақтық бөлімшелерінің жедел штабтарының  жылжымалы басқару пункттерін қолданумен және байланыс арналары бойынша тапсырмаларды орындаумен өзара әрекеттесу жұмыстарын орындау бойынша «Жанасу-2017» Республикалық байланыс бойынша жаттығуға қатысу.

 

ТЖ Департаменті, аумақтық және құрылымдық бөлімшелері

2018 жылғы

 ІІ тоқсан

5.

Азаматтық қорғау басқару органдарына Азаматтық қорғаныс жүйесін бейбітшілік уақытынан соғыс уақытына ауыстыру бойынша әдістемелік көмек көрсету, дайындықты қамтамасыз ету, үйлесімділік мәселелерін орындау мақсатында, басқару органдарының жедел топтары қосалқы басқару пунктіне шығумен Республикалық «Қорғау-2018» штабтық оқу-жаттығуға қатысу, бұл үшін ҚР ІІМ ұйымдастырушылық нұсқауларына сәйкес, оқу-жаттығуға дайындықты, жұмыс орындарын, қатысу туралы құжаттарды дайындауды, Павлодар облысы АҚ басқару органдарының дайындығы туралы жұмыс кеңесін өткізуге қажет

Аумақтық және жергілікті атқарушы органдарының ЖТ, ҚР АҚМЖ кіші жүйелерінің ЖТ

 

Астана қаласы

2018 жылғы қыркүйек

6.

Құтқару бөлімшелерінің дайындық деңгейін арттыру үшін  және халықтың қысқы кезеніңдегі төтенше жағдайларға әрекет ету үшін «Қыс-2018» Республикалық командалық- штабық оқу-жаттығуларға, жергілікті атқарушы органдарымен, облыс (қала) ТЖ комиссияларымен, облыстық АҚ қызметтерімен, АҚМЖ кіші жүйесінің бөлімшелерімен бірге қатысу

Аумақтық және жергілікті атқарушы органдарының ЖТ, АҚМЖ кіші жүйелерінің ЖТ, АҚ қызметтері, шаруашылық объектілері.

 

Ақмола облысы

2018 жылғы қараша

II. АҚМЖ жергілікті деңгейін дайындау

1. ҚР ІІМ ТЖК аумақтық бөлімшелерінің басшылығымен

7.

Жаңа оқу жылына тапсырмаларды қою және өткен жылды қорытындылау бойынша басшы құрамымен оқу-әдістемелік жиынын өткізу

Қалалар және аудандардың әкімдері, облыс АҚ қызметтерінің басшы құрамы, шаруашылық объектілері

2018 жылғы

 қаңтар

8.

Азаматтық қорғаныс басшылық құрамын оқыту мақсатында қалалық және аудандық эвакуациялық және эвакоқабылдау комиссиясының төрағаларымен  және облыстық эвакуациялық комиссиясының мүшелерімен жинақы эвакуациялық пунктін практиуалық өрістетуімен оқу-әдістемелік жиындарды өткізу.

Қалалық және аудандық эвакуациялық және эвакоқабылдау комиссиясының төрағалары, облыстық эвакуациялық комиссиясының мүшелері

2018 жылғы ақпан

9.

Көктем кезеніңдегі төтенше жағдайлар пайда болу мүмкін кезде Павлодарлық АҚМЖ аумақтық кіші жүйесінің басшы құрамымен штабтық жаттығу өткізу

ТЖД, жергілікті және аумақтық атқарушы органдары, АҚ қызметтері

Оқу-жаттығу және жатығу жоспарына сәйкес

10.

АҚ басқару органдарына Азаматтық қорғаныс жүйесін бейбітшілік уақытынан соғыс уақытына ауыстыру бойынша дайындықтта ұстау, үйлесімділік мәселелерін орындау және әдістемелік көмек көрсету мақсатында басқару органдары жедел топтарының ҚБП шығумен штабтық жаттығуды ұйымдастыру және өткізу.

ТЖД, жергілікті және аумақтық атқарушы органдары, АҚ қызметтері

 

Оқу-жаттығу және жаттығу жоспарына сәйкес

11.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша әрекеттерге дайындау бойынша қалалар және аудандардың басқару органдарыменн, АҚ қызметтерімен кешенді оқу-жаттығуларды өткізу

ТЖД,

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою  комиссиясы, кәсіпорындар, қала және ауданның эвакуациялық органдары, АҚ қызметтері

Оқу-жаттығу және жаттығу жоспарына сәйкес

12.

Қысқы кезеніңдегі төтенше жағдайлар пайда болу мүмкін кезде Павлодарлық АҚМЖ аумақтық кіші жүйесінің басшы құрамымен штабтық жаттығу өткізу

ТЖД, жергілікті және аумақтық атқарушы органдары, АҚ қызметтері

Оқу-жаттығу және жаттығу жоспарына сәйкес

13.

«Республикалық азаматтық қорғау оқу-әдістемелік орталығы» ЖШС азаматтық қорғау саласында басшы құрамын Республикалық білімін арттыру курстарында  білімді арттыру бойынша оқыту

Лауазымды тұлғалар және мамандар

жеке жоспар бойынша

14.

ҚР ІІМ ТЖК аумақтық бөлімшелерінде жергілікті атқарушы органдарының,  басқа ұйымдардың басшы құрамын, мамандарын оқыту және дайындау, қайта дайындау

Ұйымдардың басшы құрамы, АҚ бөлімшелердің командирлері

ТЖД тыңдаушылармен толықтыру жоспарына сәйкес

2. Облыс, қалалары және аудандары әкімдерінің басшылығымен (төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссияларының төрағалары)

15.

Жоғары тұрған органның атқарушы биліктің Азаматтық қорғаныс бастығымен анықталатын таықырптар бойынша кешенді оқу-жаттығу (АҚ бойынша топтарға жатқызылатын қалаларда) өткізу

Азаматтық қорғаныс бастығы, Азаматтық қорғаныс штабы, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссияларының төрағалары, АҚ қызметтері, АҚ құрылымдары, ұйымдар, эвакуациялық органдар, қызметкерлер және жұмысшылар, халықтың бөлігі

Оқу-жаттығу және жаттығу жоспарына сәйкес

16.

 

«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар пайда болуы мүмкін кезде басқару органдарының және халықтың іс-әрекеттері» тақырыбы бойынша, басқару органдарымен, апаттық-құтқару қызметтері және АҚ бөлімшелерімен арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізу

ТЖ департаменті, басқару органдары, қалалар және аудандарының АҚҚ және АҚБ, АҚ қызметтері

Қалалардың және аудандардың оқу-жаттығу және машықтану жоспары бойынша

17.

Облыстың жергілікті атқарушы органдарының басқару органдарымен командалық-штабтық  (оқу-жаттығулар) жаттығулар:

Қалалық басқару органдарымен, АҚ қызметтерімен, эвакуациялық органдарымен, АҚ құрылымдары

Қалалардың және аудандардың оқу-жаттығу және жаттығу жоспарына сәйкес

1. қала және аудандарда төтенше жағдайларды жою бойынша.

2.террористік актілермен пайда болған төтенше жағдайларды туындаған кезде

Террористік актілермен пайда болған төенше жағдайларды жоюға тартылатын аумақтық АҚМЖ кіші жүйесі.

Жеке жоспар бойынша

 

3. аумақтық АҚ бөлімшелерімен, шұғыл әрекет ету жасақтармен арнайы-тактикалық оқу-жаттығулар өткізу.

Аумақтық АҚ құрылымдары, шұғыл әрекет ету жасақтары

Қалалардың және аудандардың оқу-жаттығу және жаттығу жоспарына сәйкес

18.

Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ алдын алу және жою мәселелері бойынша өндірістің салаларын дамыуын және жергілікті аумақты ескере отырып ең өзекті сұрақтар бойныша ТЖК өткізу жоспараларына сәйкес облыс, қалалары және аудандарының ТЖК дайындау және өткізу

Әкімдер, АҚМЖ кіші жүйесінің  аумақтық басқару органдарының басшылары, кәсіпорындар мен ұйымдар

Жеке жоспар бойынша

 

19.

ТЖ, ерекше мезгілдегі эвакуациялық іс-шараларткындаған кезде эвакуациялық іс-шараларды өткізу мәселелерін шешу бойынша облыстық және қалалық эвакуациялық комиссия және аудандық эвакоқабылдау комиссясы отырысын дайындау және өткізу

Әкімдер, АҚМЖ кіші жүйесінің  аумақтық басқару органдарының басшылары, кәсіпорындар мен ұйымдар

 

Жеке жоспар бойынша

 

 

 

20.

Су басу кезінде мүмкін болатын төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша шаралар кешенін  әзірлеу және орындау

 

Облыс, қалалары  және аудандарының әкімдері, жергілікті және аумақтық атқарушы органдары, ТЖД, кәсіпорындар мен ұйымдар

2018 жылдың

 І, ІІ тоқсаны

21.

Өрт кезінде мүмкін болатын төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша шаралар кешенін әзірлеу және орындау

Орман шаруашылық мекемелерді, орман қорына жататын және орман массивінің аумағында орналасқан объектілердің өртке қауіпті маусымға дайын болудың өртті-техникалық зерттеу. 

Облыс, қалалары және аудандарының әкімдері, жергілікті және аумақтық атқарушы органдары, ТЖД, кәсіпорындар мен ұйымдар

2018 жылдың

І жарты жылдығы

22.

Балалардың жазғы демалатын орындарының, сауықтыру лагерлердің өртке қарсы жағдайын тексеру

 

 

Облыс, қалалары және аудандарының әкімдері, жергілікті және аумақтық атқарушы органдары, ТЖД, кәсіпорындар мен ұйымдар

Өртке қауіпті кезең

 

 

23.

2018 жылдың суға түсу кезеңінде облыстың су қоймаларында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларды әзірлеу және орындау

ТЖ Департаменті

Суға шомылу маусымы

24

2018-2019 жылдардағы қолайсыз қысқы кезеңіндегі  жағдайда  жұмыстарды орындауға дайындық бойынша іс-шараларды әзірлеу және орындау

 

Облыс, қалалары және аудандарының әкімдері, жергілікті және аумақтық атқарушы органдары, ТЖД, кәсіпорындар мен ұйымдар

Мамыр-қыркүйек

25.

2018-2019 жылдардағы қысқы кезеңіндегі іс-шаралардың орындалуы

 

Облыс, қалалары және аудандарының әкімдері, жергілікті және аумақтық атқарушы органдары, ТЖД, кәсіпорындар мен ұйымдар

 

 

 

 

Қазан-наурыз

3. Ұйым басшылығының басшылығымен

26.

Табиғи және техногендік ТЖ пайда болу қаупімен және жоюмен байланысқан, шараларды орындау бойынша кешенді оқу-жаттығулар, АҚ шаралары (тақырып ұйымның АҚ бастығымен анықталады)

Азаматтық қорғаныс бойынша санатталған ұйымдарда

Объектілердің оқу-жаттығу және жаттығулар жоспарына сәйкес

27.

 

Табиғи және техногендік ТЖ пайда болу қаупімен және жоюмен байланысқан және  АҚ іс-шараларын орындау бойынша объектілік жаттығулар

Аумақтық АҚ құрылымдары бар, санатты емес ұйымдарда, жоғары оқу орындарында

Объектілердің оқу-жаттығу және жаттығулар жоспарына сәйкес

28.

Төтенше жағдайлар кезінде ықтимал жағдайдың кірістері элементтерін орындау бойынша объектілік жаттығулар

Жалпы білім беретін мектептерде және кәсіби - техникалық мектептерде

Объектілердің оқу-жаттығу және жаттығулар жоспарына сәйкес

29.

Азамттық қорғанысты бейбіт уақытынан  соғыс уақытына көшіру бойынша штабтық жаттығулар.

 

Басшы құрамы, Азамттық қорғаныс бойынша санатталған ұйымдардың құрылым командирлері

Объектілердің оқу-жаттығу және жаттығулар жоспарына сәйкес

30.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою бойынша (тақырып ұйымның Азаматтық қорғаныс бастығымен анықталады) тапсырмаларды орындау үшін Азаматтық қорғаныс құрылымдарын дайындау бойынша арнайы-тактикалық оқу-жаттығу

АҚ объектілік құрылымдары.

Объектілердің оқу-жаттығу және жаттығулар жоспарына сәйкес

31.

Әрекеті жоғары улы және радиоактивті заттармен пайда болған апаттар кезінде персоналдың және оқушылардың іс-әрекеті бойынша жаттығулар

Ұйымдар, оқу мекемелері, мектепке дейінгі мекемелер

Объектілердің оқу-жаттығу және жаттығулар жоспарына сәйкес

4. Төтенше жағдайлар пайда болу және қаупі кезінде, басшы құрамын, АҚ бөлімшелерін, халықты дайындау

32.

Оқу тоаптарындағы жоспарлы сабақтар:

Ұйымдардағы басшы құрамының ұсынылған тақырыптары бойынша.

Ұйымдардың басшы құрамы

(оқу жылы ішінде)

33.

АҚ құрылымдарының жеке құрамын дайындау үшін ұсынылған тақырыптар бойынша.

АҚ құрылымдарының жеке құрамы

оқу жылы ішінде

34.

АҚ құрылымдарына жатқызылмайтын жұмысшылар мен қызметшілер үшін ұсынылған тақырыптар бойынша.

АҚ құрылымдарына жатқызылмайтын ұйымдардың қызметкерлері

 

жыл сайын

35.

Оқу-жаттығуларға және жаттығуларға қатыстыру.

Өздігінен жадыманаларды, басылым беттерін оқу, теле-радиобағдарламаларын көру (тыңдау).

Өндіріс және қызмет көрсету  саласында  айналыспайтын халық

 

тұрақты


 

Павлодар облысының

Төтенше жағдайлар департаменті

бастығының орынбасары                                                                                                                       С. Асаинов

       

  Р. Жанас, ( 8(7182)537462

                                   

Толығырақ...

Қысқы кезеңнің күрделі метеорологиялық жағдайларындағы іс-әрекеттерге дайындалу бойынша тұрғындар үшін жадынама

  1. Қыс уақытында жолға шығатын болсаңыздар барлығын ойластырып, жобалаңыз.  Авариялық жағдайда әр нәрсе маңызды.
  2.  Әрбір автокөлікте міндетті түрде шұғыл жағдайда өмірді сақтап қалатын заттар болуы керек: дәнекерлеу шамы, арқан, дөңгелекке арналған шыңсыр, күректер және алғашқы қажет заттары.
  3. Қатты аяз немесе қар жауып тұрған кезде бірнеше автокөлікпен топтасу қажет, автокөлік сынған жағдайда колоннадағы жүргізушілер көмекке келеді. Егер де сіз боран немесе қатты аяз кезінде жолға шығып, автокөлігіңіз елді мекеннен немесе сізге белгісіз жерде тоқтап қалса,  жолмен басқа көліктердің өткенін күту немесе «112» мобильді нөмірі бойынша көмекке шақырған жөн.
  4. Егер жолда көлікпен келе жатқанда боран қатты соғып кетсе, тоқтап, ашық түсті матамен тұрақ орныңызды белгілеу керек. Машинаның жалюздерін жауып, радиатор жағынан қозғалтқышты бүркеу керек. Машинаның қақпағын жел бағытына қарай қойыңыз. Жаңармайды үнемдеп, пешті тоқтаусыз қоспаңыз.
  5. Машинаны қар басу қауіпі туындаған жағдайда бір есікті әлсін-әлсін ашып отырып, машинаның ішінде қамалып қалмау үшін, күртік қарды бұзып отырыңыз. Қар басқан машинада қатты тоңсанызда қозғалтқышты қоспаңыз. Қозғалтқыштан қосылып тұрған кезде шығатын пайдаланылған газ және автокөліктің ішінде жиналатын газдар өте қауіпті. Егер жылынғыңыз келсе,  газ шығаратын мұржадан шығатын пайдаланылған газ автокөлік астына кетпей, ауаға шыққандай күртік қардан тазалап отырған дұрыс.  Бірақ шығар алдында міндетті түрде жіптен байланып алыңыз.Адамдар  бұрқасында өз үйлерінен немесе машиналарынан жарты шақырымға шығып, қар шағылысуынан адасып қар құрсауында қаза болған көп жағдайлар болған.
  6. Егер сіздің көлігіңіз жолда сынып қалса үрейге бой алдырмаңыз, жағдайды, бағалап маңайыңызды, орналасқан орныңызды, елді мекенге дейінгі арақашықтықты және тағы басқа жағдайларды бағалаңыз. Егер көмекті күтуді шешсеңіз, ұйықтамауға тырысыңыз.

 

 

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің

 төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімі

Система Orphus