Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
38
440
725884

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG_2106

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Мезгіл мәселесі Қыста жолаушыны кім қорғайды?

Желтоқсан айы басталғалы айнала ақ көрпеге оранып, тұрғындар алғашқы аязды да сезініп үлгерді. Шынында қыс мезгілін болжау мүмкін емес. Алдымыздағы қаңтар, ақпан айларында қаһары күшейетіні анық. Сондықтанұзақ жолға шығатын жүргізушілер мен жолаушылар сақтық шараларын ескерулері қажет. Жалпы, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдайлар департаменті қандай жұмыстарды атқаруда?  Сақылдаған сары аяз бен ақ түтек боранда далада қалған жолаушыны кім құтқарады?

Толығырақ...

Қысқа әзірлік қалай?

Павлодар облысында "Қыс-2018" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Дәстүрлі шарада төтенше жағдайлар қызметінің  жедел әрекет ету жасағының жауынгерлік дайындығы мен  материалдық-техникалық жабдықталуы тексерілді.

Шараға облыстық ішкі істер департаменті,  қалалық ішкі істер басқармасының жедел-құтқару жасағы, төтенше жағдайлар қызметінің медициналық көмек орталығы, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары қатысты.

Толығырақ...

Павлодар облысының ауылдық аймақтарында өрт қауіпсіздігі айлығы басталды

Железин ауданы! Жылу беру маусымының алдында тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығы өтуде. Әрбір үйге кірісімен, қызметкерлер жадынамалар таратты және өрт, үй жайлардың түтінденуі немесе газдың шығуы кезінде іс-әрекеттерді түсіндірді. Ерекше назар қарт адамдарға және балаларға аударылды, өйткені төтенше жағдайлар болған кезде дәл осы адамдар үрейге жақын. Әр тұрғынға шұғыл жағдай кезінде қандай нөмірге телефон шалу керек – деп, қызметкерлер сұрақ қойды. Әр қайсысы абыржығаннан, тез арада 101 немесе 112 телефонын еске түсіре алмады. Ал мектеп жастағы балалар еш кедергісіз осы телефондарды айтып берді, бұл мектептегі жақсы және сапалы жұмыс деген сөз.

Толығырақ...

Өрт қауіпсіздік айлығының өтуі туралы

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің барлық бөлімшелерінің қызметкерлері 2018 жылғы 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі айлығына белсене қатысуды. Осы айлық аясында тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу бойынша кешенді іс-шаралар өткізілуде.

Айлықты өткізудің мақсаты облыс тұрғындарына тұрмыста, көлікте және демалыста өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін жеткізу.

Толығырақ...

Білсеңіздер –құтқара аласыздар

Күн сайын жылыту маусымы басталғаннан бері тұрғын үйлер мен  пәтерлердегі тұрмыстық өрттің саны ұлғайып келеді. Оның себептері пешпен жылыту кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу.

Күзгі және қысқы кезеңде тұрғын үйлерде өрттің шығуының негізгі себептерінің бірі пешті пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу. Өрт көбінесе пешті қатты қыздырып жіберуден, кірпіш қалауда жарықтың пайда болуынан, тұтану кезінде жанғыш және тез өртенетін сұйықтықтарды пайдаланудан болады.

Еске салатын маңызды нәрсе, өрт сияқты қасіреттің алдын алуға болады, ол үшін қарапайым ережелерді сақтау қажет.

Толығырақ...

Сақ болыңыз! Өрттен сақтануға шақырды

Павлодар облысында өрт қауіпсіздігі айлығы жалғасуда. Мамандар жеке сектордағы үйлерді аралап, тұрғындарға пешті дұрыс қолданып, сақтық шараларын  үйретуде.

Өткен жексенбіде кезекті рейд Павлодар облысының Жанауыл ауылында өткізілді. Азаматтық қорғаудың 12 қызметкері екі топқа бөлініп, 200-ден астам тұрғын үй секторын аралап шықты. Шараға жергілікті полиция қызметінің өкілдері де қатысып, тұрмысы төмен отбасыларды да бақылады. Мамандар тілсіз жаудың орын алуына тұрғындардың пешті дұрыс қолданбауы себеп болатынын айтады. Ауа райынның салқындауына байланысты мұндай жағдайлар жиілеген. Мәселен, мұндай фактілер Ленинск кенті мен Павлодар қаласының ауылдық аймақтарында тіркелген. Елдімекендердегі  жеке меншік үйлердің аумағында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан монша өртенген.

Толығырақ...

Жігіттің сұлтаны анықталды

Жуырда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері арасында "Жігіт сұлтаны" байқауы ұйымдастырылды. Оған қала-аудандардағы төтенше жағдайлар бөлімдерінің мамандары қатысты.

Сайыста бақ сынаған азаматтар 3 кезең бойынша сынға түсті. "Мен алаштың ұлымын" атты алғашқы бөлімінде олар бейне ролик арқылы өзі мен отбасын таныстырып, қызметі туралы әңгімеледі Екінші кезеңде жігіттер бойындағы өнерлерін ортаға салды. Бұл ретте Павлодар қалалық төтенше басқармасының бас маманы Асқар Бүркітбаев пен Железин ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің инженері есенбек Тоқтарбековтың өнерін ерекше атап өтуге болады. Олар гитара және домбырада ән шырқап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Үшінші кезеңде қатысушылар "Рухани жаңғыру" бағдарламасы жайында ойларын ортаға салып, жеке тармақтары талқылады. Сайыстың қорытындысы бойынша әділқазылар алқасы бірауыздан бірінші орынды Екібастұз гарнизонының № 32 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Қуаныш Азатовқа берді. Екінші және үшінші орынды Лебяжі және Май аудандары өрт сндіру бөлімінің мамандары жеңіп алды. Төтенше жағдайлар департаметінің бастығы Абай Темірбаев барлық қатысушыларға ризашылығын білдіріп, жеңімпаздарды Алғыс хатпен және сыйлықтармен марапаттады.

 Газет - "Сарыарқа самалы"

№ 58 (15229)

 24.05.2018 жыл

Мәртебеге лайық....

321123 Бүгін – өртке қарсы қызмет күні

Өрт өтіндегі өмір

Олар – ержүрек! Бейбіт күннің қаһарманы.  Күнделікті жұмысы өлім мен өмірдің арасында арпалысады. Өзінен бұрын өзгенің қауіпсіздігін ойлайды. Дәрігердің де қызметін атқарады. Бұл - қызыл жалынның ортасына түсіп, лапылдаған от ішінен тұрғындарды аман алып шығуды ойлайтын әрбір өрт сөндірушінің қызметтік борышы. Осыдан-ақ, демде лаулап кететін тілсіз жаудың қауіптілігін ғана емес, өмірі өрт өтінде жүретін мамандардың жұмысы  қаншалықты жауапты екендігін көрсетеді.

Әлем бойынша ең қауіпті мамандықты таңданғандардың қатарында Орат  Исинов те бар.  34 жыл осы салада жүрген білікті маман бүгінде  Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департамертіөрт сөндіружәне авариялық-құтқару жұмыстары мемлекеттік мекемесінің бастығы лауазымын атқарады. Ол 1965 жылы Павлодар қаласында дүниеге келіп, қазіргі дарынды балаларға арналған №10 Абай атындағы мектеп-лицейінде білім алады. Орат Серікұлы алтын ұясында тәрбие берген ұстаздарының еңбегін жоғары бағалайды. Мұғалімдердің бойына сіңірген білімі болашағына жол ашқанын айтады.

Толығырақ...

Павлодарда Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент театр әртістеріне көмекке келді

Облыстық Ж. Аймауытов атындағы музыкалық-драма театрының репертуары балаларға арналған жаңа қойылыммен толықты. Суретті түсірген Аян Сабыр.  

Толығырақ...

Система Orphus