Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
18
636
794154

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

ҚР ІІМ ТЖК Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылу тарихы

Павлодар облысының Төтенше жағдайлары департаментінің басы жергілікті әуеге қарсы қорғаныс (ЖӘҚҚ) құрылымынан алады, ол Қорғаныс және ішкі істер халық коматының жүйесіне кірген.

1965 жылы Павлодар облысы Азаматтық қорғаныс штабы құрылды. Облыстың қалалары мен аудандарында АҚ тікелей басқару атқарушы комитеттердің төрағаларымен іске асырылды. Бір уақытта ядролық, химиялық және бактериологиялық қарудан қаланың тұрғандары мен кәсіпорындарын қорғау, даярлау бойынша курстар құрылды. Облыстың қалалары мен аудандарында АҚ штабтарын орналастыру үшін қажетті ғимараттар мен үй-жайлары бөлінеді.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке ие болғаннан бері АҚ құрылыстарының өзгерістері болады. 1995 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы АҚ штабы мен ТЖ Мемлекеттік комиссиясының бірігуінің нәтижесінде Қазақстан Республикасы ТЖ Мемлекеттік комитеті құрылады, ал Павлодарда ТЖ облыстық басқармасы жасалады, ол 2005 жылдан бастап ҚР ТЖ Министрлігінің құрылуымен Төтенше жағдайлар департаментіне ауысады.

Павлодар облысындағы АҚ және ТЖ құрылымдарымен әр уақытта:

  • подполковник Семен Антонович Силкин;
  • полковник Виктор Александрович Радченко;
  • полковник Федор Семенович Гузенко;
  • полковник Виктор Петрович Морозов;
  • полковник Александр Иванович Пилипенко;
  • полковник Болат Құсайынұлы Сержанов;
  • Жақай Жұбайұлы Нұрғалиев;
  • Саин Уалиханұлы Каменов;
  • полковник Ақан Қабұлұлы Садықов;
  • өртке қарсы қызмет полковнигі Мылтықбай Жанатұлы Айтжанов басшылық етті.

2015 жылдың қаңтар айынан бастап Павлодар облысы ТЖ департаментінің бастығы болып өртке қарсы қызмет полковнигі Әлібек Әбдікәрімұлы Длимов тағайындалды.

Павлодар облысы ТЖ басқармасы құрылуының аса күрделі кезеңі полковник Болат Құсайынұлы Сержановтың үлесіне түсті, ол 1992 жылдан бастап 1996 жылға дейін Павлодар облысы АҚ Штабының бастығы, ал 1996 жылдан бастап 2000 жылға дейін Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы болды. Қызмет жылдары Б.Қ. Сержанов үкіметтік наградаларымен, соның ішінде «Знак Почета», «За службу Родине», «Красная Звезда» үш орденімен, «За боевые заслуги» медалімен, әскери алғыстарының басқадай ерекшелік белгілерімен марапатталды.

Иығына иығын тіреп полковник Б.Қ. Сержановпен бірге Павлодар облысының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің міндеттерін Владимир Валентинович Корбут шешті, 1989 -1997 жылы аралығында – ТЖ облыстық басқармасының даярлау және оқыту орталығы бастығының орынбасары болып қызмет жасады, ал қазіргі уақытта Ресей Федерациясы Министрлігінің Омбы облысы бойынша азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және зілзала апаттарының салдарын жою істері бойынша Бас басқармасының бастығы, ішкі қызмет генерал-майоры.

Полковник Г.В. Кузнецов, РФ ТЖМ Омбы облысы бойынша Бас басқармасы бастығының орынбасары болды, кейін РФ Чувашия Республикасының ТЖ вице-министрі лауазымына тағайындалған полковник В.Н. Новиков,  Молдавия Қорғаныс министрлігінің Жұмылдыру дайындығының басқармасын басқарған полковник И.Г. Унгурян.

ТЖД құрылымының ең құрметті бөлімшесі деп өртке қарсы қызметін есептеуге болады. Оның құрылу тарихы 1895  жылдан бастап құрылады,  Павлодар қаласындағы ірі өрттен кейін Плотников және Попов деген көпестер өздерінің қаражаттарына бірінші өрт бекетін орнатты.

Сол кезде бірінші жасанды пирс, су жинайтын мұнара құрылды, қадағалау вышкасы салынды, онда қоңырау орнатылды. Дәл осы қоңырау 1901 жылғы 24 мамырда өрт туралы хабарын жария етті, сонда 674 адам панасыз қалды. Қазіргі уақытта колокол Павлодар облысының Өрт-техникалық орталығында сақталуда.

1997 жылы ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес өртке қарсы қызметі ІІМ жүйесінен ҚР ТЖ жөніндегі Мемлекеттік комитетіне тапсырылды. Павлодар облысында Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің басқармасы құрылды.

2005  жылы өртке қарсы қызметінің органы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ филиалы мен ТЖ саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасына бөлінді.

Павлодар облысы гарнизонының қызметкерлері бейбіт өмірінің азаматтарын құтқару бойынша жауынгерлік міндеттерді орындау үшін өз өмірлерін қиып, өрт сөндіру кезінде ерлік, кәсіби шеберлікті талай рет көрсетті.

Павлодар Ертіс өңірінің өрт сөндірушілері ешқашан да қаза болғаннан кейін «Өрттегі ерлігі үшін»  медалімен марапатталған ішкі қызмет кіші сержанты Сергей Николаевич Мосинді ұмытпайды. Мәңгілік есте ЖӨСБ -51 бөлімшесінің командирі ішкі қызмет сержанты Рашид Расихович Зиннатуллин сақталады. ГРЭС-1 өртті жою кезінде технологиялық құрал жарылып,  жабынды қирауының нәтижесінде қаза болды.

1987 жылғы 10 наурызда Халық депутаттарының кеңесі Павлодар облысының атқарушы комитетінің «Павлодар қаласында тұрақты қызмет ететін өрт-техникалық көрмесін ұйымдастыру» шешімі қабылданды. Орталықтың экспонаттары Павлодар облысында өрт сөндіру ісінің құрылуы және даму тарихын, кәсіби және ерікті өрт сөндірушілердің жұмысы,  профилактикалық іс-шараларының ұйымдастырылуын, алдын алу және өрт сөндіру техникалық құралдарын көрсетеді.

Орталықтың жұмысында ерекше назар өскелең ұрпаққа аударылды. Орталық базасында көп жылдардан бері жас өрт сөндірушілер жасағы жұмыс жасауда.

Орталықтың материалдары өрт қауіпсіздігіне жеке жауапты екендігі туралы фактіні сезінуге көмектеседі. Мұражайға бару адамдарға, әсіресе балаларға өрт қызметінің мәні туралы толық мәлімет алуға мүмкіндік береді.

Халық көбінесе оттан болатын нұқсан мөлшерлері туралы біле қоймайды, сондықтан өрт-техникалық орталығының қызметкерлері көбінесе адами факторларынан болатын өрт себептері және қайғылы салдары туралы нақты ақпаратты.

Егерде өртке қарсы қызметті ең үлкен жасты деп есептесе, ТЖД ең жас қызметі деп Павлодар қаласының жедел-құтқару жасағын атауға болады.

Бүгін қаланың көшелерімен зыр салып жүрген жарық маяктары мен көк-сары түсті сызықтары бар машинаны көргенде ешкім таң қалмайды. Сірә, бұл қызмет Департаменттің жедел және авариялық қызметтерінің арасындағыларының берігі болған тәрізді. Бірақ, он жыл бұрын Павлодар өзінің құтқару жасағы туралы армандай алмаған. Павлодар не, қазақстандық қалаларының біреуі де осындай тәрізді құралымдарға қол жеткізе алмаған. Барлығы бос орыннан басталды.

2000 жылы химзаводтың газдан құтқару қызметінің базасында қалалық «051-құтқару қызметі» құрылды. Жауынгерлік кезекшілікті құтқарушылар Павлодарда 2000 жылдың 1  маусымында бастады. Құтқару қызметінің бастығы болып Андрей Викторович Касьяненко тағайындалды.

Жасақ құрылған алғашқы жылдан бастап оттан, қираған үйінділерден, авария кезінде зақымдалған машиналардан адамдар құтқарылды.

Сол кезден бастап жасақтың өзінде көптеген өзгерістер болды. 2009 жылдың наурыз айынан бастап құтқару қызметінің нөмірі – 112. Онда адамдар саны көбейді, сүңгуір және кинологиялық қызметі бар. Техникалық жарақтану кеңейтілді. Бірақ міндет бұрынғы: адамдарды құтқару. Құрылған жылдардан бастап 14 мыңнан астам шығулар болды, олардың 9 астамы – авариялық-құтқару, онда 3 мыңға жуық адам құтқарылды, соның ішінде 157 бала және 600 астам қаза тапқандардың денесі шығарылды.

Жасақта қызметтің құрылған кезінде өз қызметі бастаған өзінің ардагерлері бар: Қанат Ибраев, Сергей Неволькин, Наталья Храмова, Александр Насыр, Игорь Овчинников, Сергей Андруцкий, Сергей Заболоцкий. Бүгінгі күні жасаққа келген жас құтқарушылар кәсіби тәлімгерлердің қолына түседі деп сенімді айтуға болады.

Жедел-құтқару жасағының кинологиялық қызметі 2006 жылы құрылды. Талай рет кинологиялық есептоп оқыту семинар-жиындарына, штабтық және республикалық оқу-жаттығуларына, сондай-ақ халықаралық және ішіаралық қазақстандық жарыстарға қатысты, онда жүлделі орындарға ие болды. Кәсіби іздестіру дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ іздестіруге қатысатын  иттердің төзімділігін дамыту бойынша жаттығу сабақтары жүйелі түрде жүргізіледі.

Павлодар облысы құтқарушыларының мобильділігі  және жеделдігі 2010 жылдың көктемінде көршілес Шығыс-Қазақстан облысының өзендерінде қатты су тасқыны уақытында дәлелденді. Күні-түні құтқарушылар бөгеттерді нығайтты, суды әкететін арықтарды қазды, қатты аяз және қар қатты жауған кезде автомобиль көшін сүйемелдеді, сумен басылған аудандардан адамдарды көшірді.

Тағы да бір шұғыл бөлімше: суда-құтқару қызметі де жас, бірақ судағы авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде үлкен тәжірибеге ие.

Суда-құтқару қызметін құру үшін бұдан бұрын бар болған ОСВОД құтқару қызметі негіз болды, оның материалдық базасы және жеке құрамы жаңадан құрылған облыстық суда-құтқару қызметі тапсырылды.

1996 жылы ҚР ТЖ комитетінің жанындағы суд-құтқару қызметтерінің республикалық орталығы ұйымдастырлды және 1996 жылдың 25 қарашасында Павлодар облысының әкімі Д.К. Ахметовтың шешімімен облыстық суда-құтқару қызметі құрылды. Осы күннен бастап Павлодарлық суда-құтқару қызметінің жұмысы басталды.

Өткен жылдары суда-құтқару қызметі жеткіліксіз қару, техника, шағын көлемді су қөлігі бар нашар жабдықталған бөлімшеден мобильді авариялық-құтқару құралымына айналды. Уақыт өте қызметте қазіргі заманғы техника және шағын мөлшерлі флот, тиісті сүңгуірлі құрал-жабдық және қару, облыстың су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызметке жүктелген міндеттерін орындауға қабілетті,  жақсы оқытылған және жоғары кәсіби жеке құрам пайда болды. 

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының 2015 жылғы 16 маусымдағы № 156  бұйрығымен жедел-құтқару жасағы мен суда-құтқару қызметі бір құрылымға өзгерді.

ТЖД ұжымының тәжірибесі мен білімі шыныққан техногендік сипаттағы ең ірі оқиғаларының бірі Павлодар химиялық заводының аумағындағы сынап ластануының ірі ошағын жою болды. Кеңес уақытында бұл завод ҚСРО аумағындағы сынапты әдіспен хлор және күйдіргіш соданы өндіру бойынша ірі кәсіпорындарының бірі болды.

Өндіріс жабылғаннан кейін 1993 жылы сынап қалдықтарын кәдеге жарату жөніндегі мәселе туындады, бірақ оған қомақтай ақша қажет болды, ал ақша біздің жас республикамызда болған жоқ. Мәселе шешілмей тұрды, және барлығы қорыққан жай болды: сынап буланып қаладағы ауаны ластай бастады. 1999 жылы қаланың әкімі техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешімді қабылдады.  

Қысқа мерзімде демонтаж және демеркуризациялау жұмыстарының толық кешені жүргізілді. Павлодардың құрылыс ұйымдары үш ауысымда толығымен сынап өндірісі бұрынғы цехінің темір бетонды және металды құрылғыларын полигонға шығарды.

Газдан құтқару қызметі СЭС мамандарымен бірлесіп бұрынғы цехтің үстінен сұйық сынапты жинауды жүргізді. Бірақ көмілген сынап та адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер келтіру мүмкін. Сондықтан қазақстандық және еуропалық университеттері мен компанияларының консорциумдері ТНКО-2 халықаралық жобасының шеңберінде Павлодар қ. солтүстік өнеркәсіп аймағының ауданындағы сынап ластануының таралуына екі жылдық зерттеуді жүргізді, осыдан кейін сынапты жою бойынша шаралардың жүйесі жасалды.

2002 - 2004 жылдары аралығында ластанудың сынапты  ошағының  негізгі төрт айналасына жалпы ұзындылығы үш шақырымнан астам, тереңділігі 12-20 м дейін «балшықтағы қабырға» әдісімен сұрыптауға қарсы бетонды балшықтан жасалған қалқандар орнатылды.  Үстінгі беті ғана ластанған топырақ алынып, шектеулі сұрыптауға қарсы қалқанының ішінде көмілді. Ластанудың сынапты ошақтары арнайы топырақты экрандармен атмосфераның ықпалынан оқшауланды. Сынаппен қарым-қатынас жасаған барлық ғимараттар мен үймереттердің барлығы бұзылды, ал құрылыс материалдар тікелей завод аумағында орналасқан обаға көмілді.

Павлодар химиялық заводындағы демеркурзациялық іс-шараларының барлығы алғашқы рет ТМД аумағында орындалды және қазіргі уақытқа дейін ұқсасы жоқ.

Павлодар өңірі төтенше жағдайлар қызметтерінің құрылу тарихына кіретін оқиғаларының бірі Павлодар қаласында 2009 жылғы 29 мамырда «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою және тәуекелдерін төмендету – Қазақстан Республикасының солтүстік өңірлерінде әлеуметтік қауіпсіздік және тұрақты дамуын қамтамасыз етудің басты бағыттары» тақырыбына өткізілген халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция.

Конференция жұмысына РФ Омбы, Новосібір, Алтай өлкесінің ТЖМ, ҚР Сотүстік-Қазақстан және Шығыс –Қазақстан облыстарының делегациясы қатысты.

Конференцияда техникалық ғылымдарының төрт кандидаты, ҚР әр түрлі жоғары оқу орындарының бес профессоры, алты ғылым докторы, екі магистрі сөз сөйледі. Олардың ішінде В.М. Белов – Алтай мемлекеттік техникалық университетінің ақпараттық жүйелерді қорғау кафедрасының меңгерушісі, профессор және Е.А. Колос – Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің экономикалық ғылымдарының докторы. Медициналық академиясының ректоры, медициналық ғылымдарының докторы С.Б. Иманғазинов, ветеринарлық ғылымдарының докторы А.О. Мұстафин да болды.

Конфенция жұмысының қорытындысы бойынша «Павлодар облысы тұрғындары мен аумақтарының қауіпсіздігі» және «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою және тәуекелдерін төмендету – ҚР  солтүстік өңірлерінде әлеуметтік қауіпсіздік және тұрақты дамуын қамтамасыз етудің басты бағыттары» екі жинағы шығарылды.

1985 жылы Павлодар қаласының Ертіс жағасында бірінші жасанды пирс жасалды, 120 жыл өтті. Осы уақыттан бері көп естен кетпес оқиғалар болды.

Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болды. Адами прогрессі алға қадам басты, уақытпен бірге төтенше жағдайлар органдарының жүйесі де дамыды. Даму жылдары көп өзгерістер болды, жүйе, құрылым өзгерді. Бірақ басты міндеті біреу – бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлардың ықтимал салдарынан бейбіт халықты құтқару және қорғау.

Департаменттің жаңартылған құрылымы қазіргі таңда мемлекет пен азаматтардың мүдделерін қорғау жолында берік тұруға мүмкіндік береді.

 

 

 

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің

мемлекеттік тіл және ақпарат тобымен әзірленді. 

 

 

 

Система Orphus