Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
15
558
775512

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

2019 жылғы 27 сәуірдегі ақпарат

27.04.19 ж. сағат 11.20-да Павлодар қ., Таллинская көшесі, 53 1-пәтерде, 2 пәтерлі қалқанды, кірпішпен қаланған үйдің 4 бөлмелі пәтерінде (жалпы алаңы 98 щаршы метр), 50 шаршы метр алаңында үй заттары, жиһаз, 20 метр шаршы алаңында ағаш құрылыстары өртенді, өрттің жалпы алаңы  70 шаршы метр. Өрт сөндіру кезінде 1951 жылы туған үйдің иесі Валерий Гаврилович Момсиктің (мүгедек)  денесі табылды. Өрт сағат 11.40-та оқшауланды және сағат 12.05-те жойылды. Себебі: электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Шығын анықталуда. Өрт орнына ӨСжАҚЖҚ  (27 қызметкер, 6 бірлік техника), АМО (3 адам, 1 бірлік техника) сотқа дейінгі жедел тобы (4 қызметкер, техниканың 1 бірлігі). 

 

қаза тапты – 1 адам

алаңы -70 шаршы метр

2019 жылғы 24 сәуірдегі ақпарат

 24.04.2019 ж. Шарбақты ауданының Галкино ауылынан 20 шақырым жерде «Тайлақ» шаруашылық қожалығының жұмыстарымен Александровский және Татьяновский ауылдық округтерінің арасында құрғақ шөпті бақылап өртеуді жүзеге асырды. Сағат 12.20-да желдің бағыты ауысуының нәтижесінде өрт «Ертіс орманы» ММ Шалдай филиалының Галкино орман шаруашылығының аумағына тарады, шамамен 30 га және 930 га алаңындағы құрғақ шөп өртенді (құрғақ шөптің өрті сағат 19.49-да жойылды).Орман өрті 18.25-те оқшауланды және 25.04.2019ж. сағат 17.46-да жойылды. Қаза тапқандар және зардап шеккендер жоқ. «МИ-2» тікұшағында (экипаждың 2 адамы) өрттің алаңын көріп шолу үшін ұшуды жүзеге асырды.  

114 адам, техниканың 32 бірлігі және 1 тікұшақ тартылды. ТЖД (30 қызметкер және 8 бірлік техника), «Ертіс орманы» ММ филиалынан (50 жұмысшы және 18 бірлік техника), Қарабидай ауылдық округінің өрт сөндіру бекетінен (3 жұмысшы және техниканың 1 бірлігі), Галинское ауылдық округінің ЕОС (10 қызметкер және 1 бірлік техника), Малиновка а. ЕОС (8 қызметкер және 1 бірлік техника), Александровка а. ЕОС (5 қызметкер және техниканың 2 бірлігі), «Тайлақ»  ШҚ (2 қызметкер және техниканың 2 бірлігі).

 

орман өртінің алаңы -30 га

құрғақ шөп өртінің жалпы алаңы – 1200 га

2019 жылғы 18 сәуірдегі ақпарат

18.04. сағат 12.45-те «Горводоканал» КМК (12 жұмысшы және техниканың 7 бірлігі) күшімен кәріздегі авария құлаған темір-бетонды тазалау, темір бөлшегін демонтаждау жолымен жойылды. Сумен қамту толық көлемде қалпына келтірілді.

2019 жылғы 17 сәуірдегі ақпарат

17.04. сағат 10.00-де Екібастұз қ. М.Жүсіп және Пшембаев көшелерінің қиылысында, тозғандығынан диаметрі 1000 мм кәріз коллекторының темір-бетонды құбырының үстінгі бөлігі ағынды салдарсыз қиылды. Сыртқа шығудың алдын алу үшін 22 көп қабатты тұрғын үйге және 2 әлеуметтік объектіге (№ 7 ЖОМ, № 2 балабақша), барлығы 1100 абонент сумен қамтудан тоқтатылды. Суды әкелу ұйымдастырылды  (4 су әкелгіш).

2019 жылғы 04 сәуірдегі ақпарат

04.04.2019 ж. сағат 15.40-та Аққулы ауданы, «Ертіс орманы» ММ филиалы  Бесқарағай орман шаруашылығының 146,147,153  және 154 кварталдарында құрғақ шөп және ағашы жоқ аумағындағы жас қарағай жартылай өртенген. Өрттің алаңы 250 га. Өрт сағат 18.04-те оқшауланды, 06.04.күні сағат 19.37-де жойылды. Өртті жоюға Бәйімбет және Басқарағай орман шаруашылығы тартылды (45 адам және 12 техника).

                                                                                           алаңы -250 га

2019 жылғы 3 сәуірдегі ақпарат

03.04. 19 ж. сағат 09.52-те Павлодар ауданы Заря а. Молдағұлов көшесі, 32/1 өзінің үйінен улы газбен уланып, ауруханаға 2007 ж.т. Р.К. Қанатұлы (4-ші сынып оқушы), 2009 ж.т. Р.К. Анешев (3-ші сынып оқушысы) ауруханаға жатқызылды, (жағдайы орташа деңгейде). Себебі – қатты отынмен жанатын пештің ақаулығы (пештегі жарық). ТЖД шықты (3 қызметкер және техниканың 1 бірлігі).

 

ауруханаға жатқызылды – 2 адам

2019 жылғы 28 наурыздағы ақпарат

28.03.2019 ж.  сағат 03.25-те Ақсу қ., Әуезов 44 үй, 9 пәтер, 5- қабатты тұрғын үйдің 3 қабатындағы пәтерде 12 шаршы метрде алаңда өрт шықты. Өрт сөндірушілер және полиция бөлімімен дәлізден 20 адам, олардың ішінде 5 бала эвакуацияланды. Сағат 03.45-те өрт оқшауланды және 04.00-де өрт жойылды. Өрт орнында 1942 жылы туған М.С. Сарсеновтің мәйіті табылды, сондай-ақ 17-пәтерден 1953 жылы туған О.Г. Хамидова улы газбен уланып ауруханаға жатқызылды. Өрттің алдына ала себебі – темекі тарту кезіндегі абайсыздығы. ТЖД шықты (9 қызметкер және техниканың 3 бірлігі), сотқа дейінгі жедел топ (8 қызметкер және техниканың 3 бірлігі).

                                           1 адам қаза тапты

20 адам эвауацияланды

1 адам ауруханаға жатқызылды

12 шаршы метр

2019 жылғы 25 наурыздағы ақпарат

 25.03.2019 ж. сағат 02.40-та Ақсу ауданы, Ақсу қ. Әуезов көшесі, 65 мекенжайында 5қабатты тұрғын үйдің 1 қабатында «Selena» азық-түлік дүкенінде 7 шаршы метр алаңында өрт шықты. Өрт сағат 03.06-да оқшауланды және сағат 03.35-те жойылды. Улы газбен уланып 1985 жылы туған Н.В. Путницев ауруханаға жатқызылды.

Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы. ТЖД шықты: (7 қызметкер және техниканың 1 бірлігі), сотқа дейінгі жедел тобы (4 қызметкер және техниканың 1 бірлігі).

                                                                                                 ауруханаға жатқызылды – 1 адам

алаңы -7 шаршы метр

2019 жылғы 22 наурыздағы ақпарат

22.03. сағат 13.08-де Шарбақты ауданы Чигириновка а. Абай көш, 6 4 –бөлмелі тұрғын үйдің ас үйінің үй-жайында газ балонды орнату кезінде газ-ауа қосындысының шығуымен жанды. Өрт сағат 15.45-те оқшауланды және сағат 16.00-де жойылды. Оның нәтижесінде ауруханаға 1955 жылы туған А.К. Қабылбеков жатқызылды. Себебі тұрмыстық газ қондырғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің қағидаларын бұзу (газ баллоны). 

ТЖД шықты: (4 қызметкер және техниканың 2 бірлігі).

                                                                                                            1 адам қаза тапты

алаңы 1,5 шаршы метр

Система Orphus